болғанымен, ацетилцеллюлозды талшықтардың суөткізгіштік қасиеті айтарлықтай төмен. Үшацетатты талшықтар серпімділігі жоғары, бұйымда форманы жақсы сақтайды, ылғалды және жылумен өңдегенде отырмайды. Ацетатты және үшацетатты талшықтар термопласты, олар 140-150С температурада (ацетатты) және 180-190 С (үшацетатты) талшықтар жұмсара бастайды, ал 230-290С температурада олар жайылып балқиды. Ацетицеллюлозды талшықтар микроорганизмдердің әсеріне, жарыққа төзімділігінің жоғарылығымен және жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады. Ақуызды химиялық талшықтар (агіійсіаі ргоіеіп ІіЬгея). Жасанды ақуызды талшықтардың өндірісіне бастапқы полимер ретінде казеин (сүт ақуызы) және зеин (өсімдікті ақуыз) қолданылады. Казеиннің және зеиннің макро-молекулаларының табиғи формасы сфералы