Бұл артикулдар қатары сақталған, таза зығыр матасының үлкен тобы. Жартылай зығырлы костюмді-көйлекті матаның екінші топ- шасы бірінші топтан көп және әртүрлі. Соңғы жылдары әсіресе көйлекке, жейдеге, ерлер жейдесіне, костюмге, джинсаға, жастар мен балалардың спорттық киімдеріне арналған жаңа құрылымды маталар ассортименттері кеңінен таралған. Жұқа ерлер жейдесі және әйелдер көйлегінің жеңілдетілген құрылымды матасы төменгі сызықты тығыздықты иірімжіптен өндіріледі. Зығырлы, мақталы иірімжіп пен химиялық жіптің әртүрлі үйлесімділігі қолданылады. Бұл маталар жаймалық өріммен жасала- тын тегіс бетті немесе өрімді және әртүрлі сызықтық тығыздықты ара- лас жіптен жасалған ұсақ құрылымды бетті түзеді. 166
Жеңілдетілген көйлектік маталар тығыз және сирек кезекте- скен