кейбірі отыруын азайтатын, арнайы әрлеуден өткізіледі. 1 м 2 қатырғының салмағы 230-362 г дейін ауытқиды. Бүл жағдай жоғарғы материалға сәйкес қатырманы таңдау кезінде ескерілуі қажет. Жоғарғы жеңіл мата үшін жеңілірек қатырғы таңдап алынады. Жеңіл қатырманы қалың пальтолық матаға пайдаланбайды, себебі қаттылықтың жетіспеушілігінен ол бүйым пішіннің сақталуын қамтамасыз етпейді, ал қалың ауыр қатырғыны сыртқы жеңіл матаға қолданса, ол артық ауырлық береді және дөрекі көрінеді. Қатырманың ені 66-150 см шекте ауытқиды. Парусин тобы жоғары тығыздықпен және массамен сипаттала- тын, жоғары сызықтық тығыздықты зығыр иірімжібінен жасалған, жаймалық өрімді, ауыр, суға төзімді маталар ассортиментін біріктіреді. 1 м 2 матаның салмағы 742г жетеді, ені 70-95 см.