жібекті, капронды жалғыз жіпті, ал арқауында - вискозалы не- месе ацетатты жібекті, визкозалы және ацетатты немесе ацетатты және капронды жібектің араласпасын қолданады. Көптеген материалдардың негіздік жіп жүйесі - вискозды және ацетатты жібектен, ал басқасы - капронды жібектен тұрады. Матаның құрылымына ацетатты және вискозды жібекті енгізу олардың гигиеналық қасиетін, сорғыштығын жоғарылатады. Тегіс топшаның маталары ала шұбар, тегісбоялған, ақ және баспа суретті болады. Кейбір жейделік маталар негізінде және арқауында штапельді лавсанмен (67%) вискозалы штапельді талшықтың қоспасынан жасалған иірімжіппен сипатталады. Бұл маталар жоғары сорғыштығық қасиетімен (вискозалы штапельді талшықтың арқасында), жақсы серпімділігімен, мыжылуымен және жақсы пішін сақтағыштығымен (лавсанды талшықтың