2 матаның салмағы 259-345 г, ені - 150 см. Осы топшадағы мата ассортименті бостоннан, диагональдан, креп- тен және басқа костюмдік маталардың әртүрлі артикулдарынан тұрады, олар ерлер және әйелдер костюмінде, шалбарда, белдемшеде, кейде қыстық және жаздық пальтода, бірақ соңғы жағдайларда жылытушы іштікпен қолданылады. Костюмдік ала шұбар және фасонды маталардың топшасы трико мен костюмдік маталардың әртүрлі артикулдарынан тұрады. Триконың өзіне тән белгісі матаның құрылымына түсті иірімжіпті (ала шұбар) қолданылуы немесе тегісбоялған маталардың (фасонды) сәйкес өрімнің арқасында алынған, жолақты және торлы суреті бо- лып табылады. Боялған талшықтан жасалған фасонды жіптер де боя- лу беріктігінің жоғарылығын иемденеді. Олардың кенересі түсті бо- лып келеді (тегіс боялған маталардың