қыстық пальтоларды дайындауда қолданылады. Габардиндер және ди- агональдар материалдың диагоналі бойынша рельефті, крептер - ұсақ бүдірлі беттікті, ал бүртіктер - фасонды ширатпаның қолданылуымен ірі бүдірлі беттікпен сипатталады. Тарақты жартылай жүнді маталардың тобына таза жүнді мата- лар ассортиментіне ұқсас ассортименттер жатады, кейде тіпті олардың атауларымен бірдей, бірақ матаның құрылымында жүн талшығынан басқа, жүнмен араласқан басқа талшықтардың немесе жүн иірімжібінің мақта не болмаса жібек жіптерімен, біріккен жүн иірімжібінің болуы- мен ерекшеленеді. Көйлектік маталардың топшасы әйелдер және балалар киімдерін дайындауға арналған маталар ассортиментін құрайды. 1 м 2 мата салмағы 152-330 г, ені 80-150 см. Жартылай жүнді көйлектік маталардың ассортименті