өрімді маталардың ассортиментін біріктіреді. Кейбір мата- лар вискозды штапельді талшықпен жүннің қоспасынан өндіріледі. Осы топшаға штапельдік капронмен немесе лавсанмен және виско- залы штапелді талшықпен жүннің қоспасынан алынған, костюмдік крептер және диагональдар жатады. Маталар біртегіс боялған (олар көбінесе күңгірт түстермен боялған) болып өндіріледі. Матадағы жүн талшығының мөлшері 33-58%, 1 м 2 матаның салмағы 314-422 г, ені - 140-160 см. Осы топшадағы маталар сырт киімдерге, костюм- дерге, шалбарларға, пальтоға және мектеп формасын дайындау үшін қолданылады. Костюмдік жолақ және фасонды маталар топшасы костюмдік трико мен костюмдік маталардың (300 аса) әртүрлі артикулдарының үлкен мөлшерімен көрестіледі. Мата ассортименті қүрылымы, дай- ындалуы бойынша да үлкен