Трикотаждық жаймалар талшықтық қүрамы бойынша топқа және өндірілген тәсілі және машина түрі бойынша топшаға бөлінеді, әрбір топша өрімі бойынша жайма түріне бөлінеді. Ассортименттің осы- лай бөлінуіне топтарға, топшаларға сәйкес трикотаждық жаймаларға арналған артикуляция жүйесі орнатылады, олардың артикулының бірінші саны жайманың талшықтық қүрамын, екіншісі - өндіру тәсілі мен тоқу машинасының түрін, үшінші және төртіншісі - топшадағы жайманың қатарлық санын білдіреді. Топтар мен топшаларға бөлінуі келесі сызба түрінде көрсетуге болады: 0 - мақта иірімжібінен жасалған жайма, 1 -жасанды жібектен жасалған жайма, 2- химиялық талшықпен біріктірілген мақта иірімжібінен жасалған жайма, 3- синтетикалық жібектен жасалған жайма, 4- эластикалық және көлемді жіптерден жасалған жайма, 5-жасанды жібекпен