жүннен немесе вискозды штапельді талшықпен жүннің қоспасынан жасалған пүліштің артикулдарының қатарымен көрсетіледі. Осы барлық маталар жоғары жылусақтағыштық қасиетті, тегіс боялған, меланжды және қыстық киімдерді дайындауда қолданылады. Дөрек шұғалы таза жүндіматалардың тобы үш топшадан тұрады. Маталар дөрекі жүннен өндіріледі, сол үшін олар үлкен қаттылықпен, қалыңдықпен және дөрекілікпен сипатталады. 182
Шұғалық топшаға мықты білікшеге оралған, жаймалық өрімді маталар жатады. Мата өте қатты, біртегіс боялған, 1 м 2 мата салмағы 760 г. Пальтолық маталардың топшасы пальтолық меланждық балалар матасының бір артикулынан түрады. Түктік маталардың топшасы жартылай дөрекі жүннен өндірілген,