біріктірілген синтетикалық жіптен жасалған жайма, 6-аралас иірімжіптен жасалған жайма, 7- көлемді иірімжіптен жасалған жайма, 8-жүн иірімжібінен жасалған жайма, 9-жібек пен иірімжіптің әртүрлі түрімен араластырылған түрімен жасалған жайма. Осы топтардың әрбірі сәйкесінше трикотажды өріммен өндірілуі мүмкін және келесі топшаларға бөлінеді: 1-біркелкі таралған жайма, 2-қосарланған жайма, 3-үршықты жайма, 4- рашель-үршықты және негізі тоқылған рашелдік жайма, 5- жалпақ фангалық жайма, 6 - дөңгелек фангалық жайма. Бөлінуі бойынша трикотаждық жаймалардың ассортиментінің негізгі белгісі олардың тағайындалуы болып табылады. Жаймалар тағайындалуы бойынша екі түрге бөлінеді: ішкиімдік бүйымдарға арналған жаймалар және сырт киімдік бүйымдарға арналған жайма- лар.