жібектігі, үлпілдектігі және құлпырмалылығы бойынша. 206
Түсі - мамық-үлбір жартылай фабрикатының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Үлбір табиғи түстес және боялған түсте болады. Өз түсіндегі жартылай фабрикат аң терілері - үлбірлер қара, қоңыр, сары, ақ және сұр түсті болып келеді. Боялған үлбірлер кейде көгілдір, қызғылт түсте болады. Үлбірдің бағалылығы түсі бойынша сәнмен байланысты анықталады. Үлбірдің жұмсақтыгы деп, оның сығу кезіндегі серпімділігін айтуға болады. Түкті қабаты нәзік жұмсақ терілер қатты түкке қарағанда жоғары бағаланады. Кесте 8.3 - Мамық-үлбір жартылай фабрикатының терілерінің кейбір түрлерінің ауданы. Тері түрлері Ауданы, см