қырқылғандарында таяқ ізі және ойылмаған болуы тиіс; тесіктері, жыртылған және қырылған бөлігі жойылуы тиіс. Сонымен қатар әртүрлі қойылымдар, жалғаулар негізгі тері сапасымен толық сәйкес түрде таңдап алынуы тиіс; тігістер түкті жіппен орамай, жан жағын үзбей және берік тігістермен тігілуі және жақсы үтіктелуі тиіс. Жартылай фабрикаттарды көрсетілген талаптарымен сәйкес келме- се стандартты емес деп санайды. 209
14-6313
Мамық жартылай фабриаттарды сорттау. Көптеген мамық жарттылай фабрикаттарды стандартты сорттау кезінде тұқымы, түкті жабынының түсі, сорты, өлшемі және ақау топтары бойынша жіктеледі. Тұқымын сорттау кезінде боялмаған жартылай фабрикаттар үшін тұқым саны және аталуы, тері шикізатының саны мен аталуына сәйкес