келеді. Боялған жартылай фабрикаттар үшін тұқым саны азаяды. Кейде кряж аталуы орнына реттік нөмір қойылады; нөмір кіші болған сайын, тері сапасы жоғары болады. Түкті жабынын түсі бойынша сорттау, табиғи және боялған жарты- лай фабрикаттар үшін орындалады. Теріні сортына қарай жіктегенде (бөлгенде) түкті жабынының да- муынан тәуелді бағаланады. Түкті жабынының даму дәрежесі тері дай- ындау уақытына тәуелді болады (маусымдық өзгергіштігімен). Қысқы үлбір аса қанық, биік, жібекті түкті тері өзеңінде берік ұсталып тұрады. Көктемде, күзде түлеу кезінде дайындалған терілердің түкті жабы- ны өсу сатысында болғандықтан сапасы төмендеу. Сапасы ең төмен терілер, бұл жазда дайындалған терілер, бұл уақыттағы аңдардың түкті жабыны өте сирек және қысқа. I сортқа түкті жабыны аса қалың, биік терілер, ал II сортқа түкті