а
Сурет 8.22 - (а) сурок
б
Сурет 8.22. (б) - тарбаган
234
Бұл аңдардың терісі аз мөлшерде дайындалатындықтан сурок пен
тарбаганнның экономикалық мән айтарлықтай емес.
Тарбаган мен сурокты тек күзде ғана аулайды: қысты күні аңдар терең
індерде ұйықтайды Көктемде, аңдар інінен шыққан соң да терілері
толыққанды болып келеді, бірақта аулауға заң бойынша тый- ым салынады,
себебі бұл уақытта олар көбейеді.
Белгілері. Сурок деп түкті жабыны аласа (3 мм дейін) жабысып тұратын,
тегіс далада мекен ететін кеміргіштерді атайды, тарбаган деп
- түкті жабыны түбітті (биіктігі 3 см асатын) биік таулы шалғындарда өмір
сүретін кеміргіштерді атайды.
Сурок тарбаганнан ерекшелігі - басында қара шаштың жоқтығы және
құйрығының ұшы қара бояулы, сондай -ақ ұзын түкті жабынды болуы.
Құмды сарышұнақ терілері. Құмды сарышұнақ Заволжье, Қазақстан
және Орта Азия аудандарында мекен етеді.
Терісі аз өңделетіндіктен құмды сары шұнақ терілерінінің экономикалық
мәні аз.
Белгілері. Терісінің ұзындығы 23-38 см, ал құйрығы 6-12 см. Бояу бір
түсті құмды сарғыштан қызғылт құмды, жон арқасы жан-жағына қарағанда
қоңыр, желкесі кресті сары түсті. Терінің жон арқасы бөлігінде қылшық
шашты әлсіз күңгірт жолақ айқындалған.
Қысты күні үлбірі ашық сары бояулы.
Құмды сарышұнақ терілеріне аңшылық тек көктемде ғана іске асы-
рылады, ұйқысынан тұрған соң 1-1,5 айдан кейін.
Мамыр айында құмды тышқанның түкті жабыны құрсағында және
шоқтығында сирей бастайды, түлеу барлық терісін қаптайды. Көптеген
аудандарда құмды тышқан ұйқыға күзде кетеді, кейде жаздың екінші
жартысында, яғни терісі толықпай ертерек кетеді. Сондықтан құмды
тышқанды аулауды күзде жүргізу тиімді емес.
Ең сапалы, жақсы түкті жабынды құмды тышқандар Ақтөбенің
оңтүстігінде, Қостанай, Қараганды облыстарының аралас ауданда- рында
мекендеушілер. Олардың терісі салыстырмалы қалың және жұмсақ түкті
жабынды, сұр бояулы, жон арқасындағы қылшығы қатты күңгірттенген.
Терілерінің сапасы төмен құмды тышқандар, бұлар Орта Азия мен
Оңтүстік Қазақстанның таулы бөлігінде, жазықтарында ауланатын
тышқандар. Терілері ұсақ, аласа түкті жабынды, түсі өте ашық құмды сары
бояулы.
Су тышқан терілері (сурет 8.23). Су тышқаны - жерде, суда мекендейтін
ұсақ қоректілер. Оның жүнді жабыны талшықты және қалың бархатты
түбітті болып келеді, суда жүзгенде және сүңгігенде ылғалданбайды. Суық
сулы ортадан жылы қанды жануарлардың былғарысын жекелейтін, жүнді
жабынының мұндай қүрылымы су тышқанын басқа үсақ қоректілермен,
сондай-ақ жартылай суда өмір
235
түзушілермен жақындастырады. (үйректүмсық, қүндыз, ондатра, саз
қүндызы, теңіз мысығы).
Су тышқанынының терісі мамық шикізатының қысқы түріне жа- тады.
Достарыңызбен бөлісу: |