Көр тышқан терілері көктемдік түріндегі мамық үлбір шикізатын
дайындауда үлесті орын алады.
Белгілері. Көр тышқан терілерілерінің түкті жабыны қысқа, жұмсақ,
бархатты, қара болатты түсті, немесе күлгін сұр түсті, түбіт ұшы көгілдір
түсті, терісінің ұзындығы 12-17см.
Теңіз мысығының терілері. Теңіз мысығының мекені Командор және
Тюлень аралында (Оңтүстік Сахалинге жақын) орналасқан. Теңіз мысығын
қорғауға алу және мысық шаруашылығын ұйымдастыру, бұл аңдардың
көбеюуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, теңіз мысығына деген аңшылық
қатаң шектеулі.
Белгілері. Еркек мысықтардың терілерінің ұзындығы жон арқасы
бойынша 180-200 см, ұрғашысыныкі бірнеше есе кіші. Түкті жабынының
түсі қанық сұр немесе қоңыр сұр, жан жағы ашық түстес. Түбіті қалың
қоңыр, жібекті, биіктігі 15 мм. Түгінің биіктігі 20 мм. Теңіз мысығының
бірнеше жасына немесе жынысына қарай бөлінеді.
Қара мысық - түкті жабыны қара-сұр түсті. Бірінші түгінің түлеуі
2,5- 3 айда болады.
Сұр мысық - екінші ретті жұмсақ, күмісті сұр түсті, қоңыр түбітті түкті
жабынды, 1 жасқа дейінгі өскінді балалары.
Жас ұрғашылары, жасы 2-4 жастағы жануарлар. Түкті жабыны аласа
және қалың, түсі қанық қоңыр немесе қоңыр-сұр түсті. Теңіз мысығының
сапалы терілері 3 жастағы аң терісі.
Тюлень терілері. Тюлендер еліміздің Солтүстік және Шығыс
жағалауларында, Каспий теңізінде және Байкал көлінде кездеседі. ТМД
елдерінде тюленнің сегіз түрі мекендейді: теңіз қояны (лахтак), кәдімгі
европалық (нерпа), ларга, кәдімгі нерпа, греландық тюлень, каспилік нерпа,
Байкал нерпі, жолақты тюлень 8.25-суретте көрсетілген.
Тюлен терілерінің экономикалық мәні айтарлықтай, әсіресе гренландық
тюлень, каспилік және кәдімгі нерпа терілері.
Белгілері. Үлкен тюлень терілері теңіз мысығының терілерінен түбітінің
жоқтығымен ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: