Сурет 9.1. Әртүрлі бағытта ширатылған тігін жібінің құрылымы
Сурет 9.2. Тігін жіптерінің түрлері
244
Тігін бұйымдарының бөлшектерін жіппен уақытша біріктіру (көктелген,
айналдыра көктелген және басқа үдерістер) үшін 15,4 х3 тек- стен 37^3
текске дейінгі сызықтық тығыздықта ширатылған мақтадан жасалған
иірімжіп қолданылады. Дайын жіптер айқастырылған орама- мен иіршікте,
екі фланцелі орамада жіберіледі.
Тігін жіптері қабатына байланысты келесі саудалық нөмірлерді
қолданады: 10, 20, 30, 40, 50, 60, 80, 100 және 120. Саудалық нөмір метрлік
нөмірге сәйкес келмейді, бұл жіптің жуандығын сипаттай- тын, шартты
нөмір. Тігін жіптерінің нөмірі және инені таңдау тігілетін матаның
қалыңдығы мен өңделуіне, атқарылатын жұмыстың сипатына байланысты
болады.
Ширату - жіптердің жуандығын тегістеп, мықтылығын арттыру
мақсатында оларды бұрау. Ширатылған жіптің беті тегіс болуы үшін оны
ширату үдерісінің алдында ылғалдайды. Үш қабат жіп жасағанда жіптерді
қабаттаған соң жіпті иіріміне қарсы бағытта ширатылады. Алты қабат жіп
алу үшін жіптерді алдымен екі-екіден ширатады, содан кейін ширатылған
үш жіпті алып, жіптің иіріміне қарсы бағытта ши- ратады. Жіпті иіру мен
жіптердің ширатылуы қарама-қарсы бағытта болуы шарт.
Тігін жіптерін өңдеуге қайнату, ағарту, бояу, аппреттеу және жыл-
тырату операциялары қолданылады.
Қайнату-жіптерді қысыммен сілтілік ортада беттік активтік зат- тармен
қайнату арқылы жіптердің бойындағы өсімдік қалдықтарынан және
майлағыш заттардың қалдықтарынан арылту.
Ағарту-ақ немесе түсті жіптерді алу үшін бояу алдында жүргізіледі,
жіптерді натрий гипохлоритімен ағартады.
Тігін жіптерін тікелей бояғыштармен бояп, ДЦУ, ДЦМ препа-
раттармен бояуын бекітеді, тағыда кубтық бояғыштар мен бояулары
қолданылады.
Тігін жіптері күңгірт немесе жұмсақ өңді жылтыр және арнайы
тапсырыспен қатты өңделген жылтыр түрінде шығарылады. Күңгірт
жіптердің жылтыры көмескі, себебі олар парафиннің жұқа қабаты не- месе
ептеп крахмал қосылған түссіз май жағылады. Жылтыр жіптер крахмал,
негіздік заттар, балауыз, стеарин бар құраммен аппреттеледі, содан кейін тез
айналатын шөткелі барабанда жылтырлатылады. Дөрекі өңделген жылтыр
жіп алу үшін аппреттеліп, өңдеуде крахмал мөлшерін көбейту керек.
Дайын жіптерді іріктейді, айқаспа ораммен иіршік алу үшін ораушқа,
гильзаға түсіреді. Сауда жүйелеріне келіп түсетін ағаш орауыштарға
түсірілген жіптердің ұзындығы 200 м, ал тігін өндірісіне түсетін
иіршіктердегі жіптердің ұзындығы 400, 500, 1000, 2500 және 6000 м.
Тігін өнеркәсібінде пайдаланылатын мақта тігін жіптерінің жіктелуі
қабат санына, жуандығына, өңделу сипатына, бояуына қарай жүргізіледі.
245
Өңдеу сипатына байланысты тігін жіптері күңгірт жіп, жүмсақ өңдеген
жылтыр жіп және қатты өңделген жылтыр жіп болып бөлінеді. Бояуы
жағынан өңделмеген жіптер ақ, қара және түрлі-түсті болып келеді.
Тігін жіптерінің сапасы тегістігі, созылғыштығы, мықтылығы,
серпімділігі және бояуының тиянақтылығы, ширатпасының тепе- теңдігі
және сырт көрінісінің ақауы бойынша сипатталады.
Тігін жіптерінің созу үдерісіндегі мықтылығы олардың негізгі сапалық
көрсеткіші болып табылады және бүл көрсеткіш динамометр аспабында
анықталады. Органолептикалық тәсілмен анықтағанда үзындығы 0,5 м тігін
жібінің үлгісін қолмен тартып үзеді. Бүлай тартқанда мықты жіп серпіледі,
ал үзу үшін көп күшті керек етеді. Жіптердің мықтылығына қабаттың саны,
ағарту үдерісі, бояу және аппреттеліп өңделу әсер етеді. Өңделмеген және ақ
жіптердің қара және түрлі-түсті жіптерге қарағанда мықтылығы жоғары
болады. Күңгірт жіптерге қарағанда жылтыр жіптер мықты келеді.
Шыдайтын күшке қарай 3 қабат жіптер «экстра» және «прима» маркаларына
бөлінеді. «Экстра» маркасының жіптері мықтылау және 3 қабат жіптерге
қарағанда алты қабат жіптердің мықтылығы жоғары. Олардың түрі біреу-
«Арнайы». Қабат саны мен мықтылығына байланысты жіптердің
орауыштары, гильзалары және иіршіктерінің этикеткаларының түсі әр түрлі.
3 қабат «Экстра» маркалы жіптің этикеткасы қоңыр, «Прима» маркасыныкі
жасыл болып келеді.
Жіптердің созылғыштығы олардың нөміріне, қабат санына, шира-
тылуына, өңделу сипатына байланысты, 3- 8,5%.
Ширату тігін машинасында тігіс қүрау үдерісіне әсерін тигізеді. Тігін
жіптері оң (2) және сол (8) ширатпа болып бөлінеді. ОЗЛМ 97 кл. тігін
машинасы мен ОЗЛМ 797 кл. машинасына тек қана оң ши- ратпа жібі
қолданылады. Бүл машиналардың жіптартқышы айналып түратындықтан
сол ширатпа жіптер бүл машиналарда тарқатылып кетеді. Ширатпа мен
қабат саны тігін жіптерінің үлгісін ширатпа өлшеуіште тарқату арқылы
бірден анықталады. Ширатпаның теңдігі үзындығы 1м артық ілмектің
айналуынан түрады. Егер ілмектің айна- луы алтыдан аспаса, теңдігі жақсы
деп есептелінеді. Нашар теңдескен жіптер ілмектеліп, бүралып, тіккенде
аттап, үзілгіш болып келеді.
Тегістік - жіптің жуандығы, мықтылығы, созылғыштығы, салмағы
жағынан бір қалыпты болуы. Мықтылығы бойынша бірқалыптылықтан
ауытқу 6-8,5%, ал салмағы бойынша 3% аспауы керек.
Сырт көрінісінің ақауына байланысты тігін жіптері I- II болып екі сортқа
бөлінеді. Жіптің сыртын анықтау үшін 100 орауышты не- месе 100 иіршікті
қолдану керек. Әр 100 ораудан 200 м жіп алынады. Стандартқа сәйкес әр
байқалған ақау тиісті мөлшердегі айып бағамен бағаланады. Барлық
байқалған ақаулардың салдары жиынтығын әр сорт үшін балл
нормаларымен салыстырады. І-сортты ақ жіптер үшін
246
50 балл, өңделмеген қара және түрлі-түсті жіптер үшін 40 баллға дейін
болады.
Өңделуіне қарамастан ІІ сортты тігін жіптері үшін 120 баллға дейін
рұқсат беріледі. Бір орамада әр нөмірлі жіптердің, бояуының жолақты
болуы, түктелініп тұруы, айналып тұратын бос орамдары, орамның түсіп
кетуінен шатасуы, оралымдағы қатарлардың қалып қалуы жіберілмейді.
9.1.2. Жібектен жасалған жіптер
Достарыңызбен бөлісу: |