камераға немесе шахтаға жіберіледі. Онда температураның күрт төмендеуінің арқасында балқыма қатты түрге айналынады. Өндірілген талшықтар мен жіптер жылы кезінде созу процесінен өтеді. Капрон талшықтардың ұзындығы 3-4 есе созылады, ал өте мықты талшықтар үшін 10 есе ұзартылады. Мықтылығын жоғарылату, созу үшін алдын-ала 120-125 о С қыздырылады. Созылған талшықтар термофиксацияндан өтеді, яғни талшықтардың құрылымы әбден бекітілуі керек. Ол үшін талшықтарды автоклавтардан өткізіп, өте жоғары температурада өңдейді, ол темпе- ратура балқу температурасынан төмен болады. Термофиксациядан өткен талшықтар майлаудан өтеді, оның құрамында жіптерді немесе талшықтарды азайтатын қоспалар болады. Ерекшеліктері: капрон талшықтардың қалыпты ылғалдылығы 4%,