қалыптастырғанда ылғал тартқыштығын азайтатын жағдай туғызады, жиірек макромолекулалар арасында кесе-көлденең химиялық байла- ныс пайда болатын ацетилдеу жүргізеді. 55
Полимердің суға төзімділігінің жоғарылауына бүйір бұтақтар санының азайып, макромолекулалардың жоғары деңгейлі стереореттілігінің түзілуі арқылы жетуге болады. Талшық түзгіш поливинилспирттің полимеризациялану деңгейі 1200-1600 құрайды, бірақ алынатын талшықтар мен жіптердің кейбір физико-механикалық қасиеттерінен байқалатын айтарлықтай полидисперсиялық қасиеттері бар. Полимерде полимеризациялану деңгейі 270 болатын молекулярлығы төмен фракцияның аздаған мөлшері (10-15%) созылу және көп ретті бүгілу кезінде талшықтардың