Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата14.02.2017
өлшемі6,36 Mb.
#4115
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

158 

510  г  шамасында  ауытқиды,  көптеген  маталардың  салмағы  300  г  аралы- 
ғында  болады.  Матаның  үлкен  қалыңдығы  және  салмағы  аз  сызықтық 
тығыздықты  кардты  иірімжіпті  қолданумен  қамтамасыз  етіледі,  көптеген 
материалдардың  қүрылымында  екі  қабатты  ширатылған  иірімжіп 
қолданылады. Осы топтың маталары саржалық, сатинды және аралас өрімді 
қолдануымен  туындайтын  салыстырмалы  жоғары  тығыздықты  жіппен, 
сонымен қатар өңделуінің әртүрлілігімен сипат- талады. Олар жүмсақ және 
таралған түкті бетті, тегіс боялған және ала шүбар, ақ және меланжды болуы 
мүмкін.
 
Киімдік  мақтадан  жасалған  матаның  ассортименті  белгіленуіне  және 
қүрылымының ерекшелігіне байланысты топшаларға бөлінеді.
 
Тегіс боялған топша олардың ерекшелгі болып табылатын, күңгірт түске 
(қара,  күңгірт-көк,  қоңыр,  сүр)  боялған  маталарды  біріктіреді.  Осы 
маталардың  (ағартылған,  костюмдік  және  жадағайлық)  көпшілігі 
ширатылған  иірімжіптен,  ал  қалғандары  бір  жіптен  алынған.  Маталар 
жоғары  тозуға  төзімділік  пен  тығыздықты  қамтамасыз  ететін,  сатинді 
(адрия,  молексин),  диагональді  (диагональ),  маталық  (жадағайтық  және 
шатырлы  жаймалар,  репстер)  және  саржалық  өрімдермен  (жадағайтық, 
костюмдік  саржа)  өндіріледі.  Олардың  көпшілігі  жадағайлық  маталарға 
арналған су жүқтырмайтын, СКН-26 латекстің сіңіруші жабыны бар, тозуға 
төзімді,  суға  төзімді,  шіруге  қарсы  сияқты,  арнайы  әрлеу  түрлерімен 
өңделеді.
 
Мата  ассортиментінің  кеңеюі  және  жаңартылуы  лавсан,  капрон, 
полиозды  - штапель талшықтарын қосу арқылы маталарды көбірек шығару 
арқасында жасалады.
 
Тігін 
өндірісінде 
олар 
қарапайым, 
төселгенде 
созылмайды, 
қиғаштанбайды, бірақ кескенде үлкен қарсылыққа үшырайды. Сы- рып тігу 
кезінде № 100-120 тігін инелері және № 40-50 жіптері қолданылады.
 
Тегіс  боялған  топшаға  классикалық  ассортименттің  маталары  жатады: 
яғни,  қүрамы  бойынша  диагональ,  молексин,  репс,  сатин-трико,  өңделуі 
және әрлеуі бойынша костюмдік, плащтық және пальтолық маталар.
 
Диагональ - артикулы бойынша үлкен көлемде шығарылатын, саржалық 
өрімді  өте  кең  тараған  мата.  Жылулық  кеудеше,  әскери  жей-  де,  арнайы 
киімдер және жадағайды дайындауда қолданылады. Арнайы киімге арналған 
диагоналдар  15-25%  штапельді  капронды  қүрайды.  Тігін  өндірісінде 
диагональ қүйылуы мен сетінегіштігімен сипаттала- ды және негізі бойынша 
отыруы 6%.
 
Молексин - төмен сызықтық тығыздықты кардалы иірімжіптен жасалған 
күшейткіш  сатинді  өрімнен  өндірілетін,  тегіс  жылтыр  бетті  мата.  Тығыз 
молексин  тозаң  өткізбейтін  қасиетімен  сипатталады.  Жүмыс  күртешесін, 
шалбар, комбинезон дайындауда қолданылады. Жоғары тозуға төзімділікке 
және сетінегіштікке ие, бірақ отыруы бол- машы (1-2 %) береді.
 
159 

Репс - қалың негізден жасалған, көлденең кесілген тігісті маталық өрімді 
мата.
 
Тегіс  боялған  матаның  пайдалану  аймағының  кеңдігі  олардың  әртүрлі 
масса мен өңделуін қамтамасыз етеді. Көбіне 1 м
2
 матаның көпшілігі 250 г 
салмақпен  өндіріледі,  ал  кейбір  арнайы  киімдерге  арналған  1  м
2
  костюмді 
матаның салмағы 480 граммға жетеді. Көптеген маталардың ені 90 см, 80-90 
см тарлау және 150 см кеңдеу енді бола- ды.
 
Тегіс  боялған  топшаның  маталары  тұрмыстық  мақта  маталы  киімдерді 
және  кейбір  спорттық  бұйымдардың  түрлерін,  өндірістік  және  арнайы 
киімдерді, жадағайлық бұйымдарды дайындауда пайда- ланады.
 
Арнайы  топша  арнайы  және  өндірістік  киімдерді  жасауда 
қолданылатын, маталар ассортиментін (диагональдар, арнайы- трико, жұмыс 
киімдеріне арналған костюмдік және кительді маталар құрайды.
 
Арнайы топшаның маталар ассортименті 6180 см дейінгі енмен, 250 г/м
2
 
(тек  кейбір  1  м
2
  матаның  массасы  480-  510  г  шамасында)  салмақпен 
сипатталады.
 
Кейбір арнайы маталардың тозуға төзімділігін жоғарылату үшін, оларды 
15  -  25  %  штапельді  капронды  мақта  қоспасымен  өндейді,  бұл  өндірістік 
киімдердің  аз  қыртыстануына  және  пішіннің  өте  жақсы  сақталуына 
мүмкіндік туғызады.
 
Меланжды  және  ала  шұбар  маталардың  топшасы  құрылымдық 
белгілері  бойынша  бөлінеді  және  бұл  топшаға  осы  маталардың  басты 
ерекшелігі  болып  саналатын,  әртүрлі  түспен  боялған  иірімжіптен,  ме- 
ланждан  жасалған  маталар  кіреді.  Олардың  екінші  ерекшелігіне  негізіне 
немесе  арқауына  екі  ширатылған  иірімжіптің  кұрамасын  қосу  арқылы, 
саржалық  және  аралас  өрімді  қолдануы  жатады.  Бұл  маталардың 
ассортименті  жүн  және  жартылай  жүн  маталарына  сыртқы  түрі  бойын- ша 
ұқсайды. Сол үшін көрсетілген маталардың ассортименті  костюмдік трико, 
диагоналдар  деп  аталады.  Осы  маталардың  көпшілігі  жоғары  жібектік  пен 
жұмсақтықты  қамтамасыз  ететін,  вискозды  штапельді  талшықты  мақта 
қоспасынан өндіріледі.  Меланжды және ала шұбар киімдік матаның негізгі 
салмағы  аз  отыратын  өңдеуге  ұшырайды,  бұл  маталардан  жасалған 
бұйымдар кию кезінде өзінің пішінін жақсы сақтайды.
 
Көрсетілген  топшаның  маталарын  дайындаудағы  әртүрлілік,  олар-  ды 
әртүрлі  киімді  модельдеу  үшін  қолдануға  мүмкіндік  туғызады.  Осы-  дан 
кейін  бұл  маталардың  костюмдік  триконы  дайындау  элементтеріне  тән, 
тоқымалық  өрімді  немесе  әртүрлі  түспен  боялған  жіптерді  қолдану 
арқасында  алынады,  жолақты  немесе  торлы  суреттерді  қолдану  сияқты 
ерекшеліктерімен сипатталады. Бұдан басқа, олар костюмдік матаға 
160 

тән 250-300 г/м
2
 салмақты көрсетеді, ал костюмдік триконың ені 142- 150 см 
құрайды (кейбірінің ені 70-90 см болады).
 
Осы топшаның киімдік мата ассортименті костюмді, шалбарды, жаздық 
пальтоны, күртешені және басқа бұйымдарды жасауда пайда- ланылады.
 
Трико  -  осы  топшаның  негізгі  мата  түрі.  Трикоға  тән  сипат  -  түстік 
жіппен  немесе  өріммен  жасалған,  бойлық  жолақтар  мен  торлар  болып 
табылады. Трикода көбіне кешенді химиялық жіптермен ширатылған түстік 
жіптен  жасалған  иірімжіптер  (иіруге  дейінгі  әртүрлі  түске  боялған 
талшықтан  жасалған),  меланжды  иірімжіптер  қолданылады.  Трико 
күшейтілген  және  сынған  саржа  өрімінен  өндіріледі.  Мақта  маталы  трико 
костюмдік  жүн  матасын  боямалайды  және  арзан  ерлер  костюмін  жасауға 
арналған. Трико үлкен мөлшерде шығарылады: костюмдік трико, меланжды 
трико және балалар трикосы.
 
Коверкот  -  екі  түсті  ширатылған  иірімжіптен  жасалған  күшейтілген 
атластан  немесе  диагональді  өрімнен  өндіріледі.  Осы  матаның  негізінің 
тығыздығы,  негізсінің  тызыдығынан  едәуір  жоғары  (екі  немесе  одан 
жоғары).
 
Диагональ  -  меланжды  мата,  негізсі  бір  жіпті  қалың  иірімжіпті  және 
негізі  ширатылған  кардалы  иірімжіпті  диагональді  өрімді  болып  келеді, 
матаның ені - 145 см.
 
Джинсалы  мата  -  арқауы  кендіржіпті  және  негізі  боялған,  біржіпті 
кардалы иірімжіпті саржалық өрімнен өндіріледі. Спорттық костюм-  дерге, 
күртешеге,  шалбарға,  белдемшеге  кеңінен  қолданылатын  классикалық 
джинсалы мата жолақты және торлы суретпен бейнеленетін, түстік жіппен 
тігілген. Джинсалы матаның өндірісіне лавсанды талшық, вискозды-лавсан 
қосылған иірімжіп қолданылады.
 
Классикалық  маталардың  қыстық  тобына  шұға,  күдері  және  шибарқыт 
тон кіреді.
 
Шұға  -  жұқалау,  жұмсақ  және  борпылдақ  қыстық  топшадағы  мата. 
ТТТүға.  күшейтілген  сатинді  өріммен,  негізі  бойынша  үлкен  көлемде 
толықтырылған,  негіз  жүйесіне  қарағанда,  негіз  жүйесінде  қалыңырақ 
кардалы иірімжіптен жасалады. Матаның беттік жағы қайта-қайта та- ралып 
және кесіліп жасалған, жақсы бекітілген түкті, тығыз жабынды мата. Шүға 
тегісбоялған, сирек меланжды болып шығарылады.
 
Күдері - қысқы ассортименттегі табиғи күдеріні боямалайтын, өте қысқа 
және  жақсы  бекітіліп,  таралған  түкті,  ең  берік  және  тығыз  мата.  Негізі 
ширатылған және негізсі біржіпті иірімжіптен өндіріледі, кейде тегісбоялған 
және басылған суретті болып келеді.
 
Вельветон  -  қүрылымы  бойынша  күдеріге  үқсас,  бірақ  жүқалау, 
тегісбоялған  мата.  Күшейтілген  сатинді  өрімді,  ширатылған  иірімжіптен 
жасалады.
 
Қыстык  маталар  күртешені,  спорттық  балалар  киімін  дайындауға 
қолданылады. Оларды пішу кезінде, түктері барлық бөлшектерде тек
 
161 
11-6313 

бір  бағытта  жатуын  мүқият  қадағалау  керек.  Сонымен  қатар,  кейбір 
матаның сетінегіштігі мен седіреуін ескеру қажет. 
Іштік  және  астарлық  маталар.  Іштік  топқа  жоғарғы  сыртқы  киімдерді 
дайындау  кезінде  қолданылатын  қалта  астары,  іштігі  үшін  қолданылатын 
маталарды жатқызуға болады. 
Коленкор  -  іштік  ретінде  қолданылатын,  мадаполам  мен  сисаға  үқсас, 
бірақ өте қатты жылтыр өңдеумен өңделген, тегісбоялған мата, мата ені - 62 
және 75 см. 
Жеңдік  саржа  -  орташа  сызықтық  тығыздықты  бір  жіпті  кардты 
иірімжіптен  тоқылған  саржалық  өрімнен  өндірілген,  жолақ  түріндегі  баспа 
суреті бар ағартылған мата, мата ені - 75 және 80 см. 
Қалталық мата - қардалы иірімжіптен жасалған сынған саржаның сирек 
өрімімен,  маталық  өріммен  өндірілген,  тығыз,  мықты,  тегісбоялған  мата. 
Көбіне қалтаның іштігіне қолданылады. 
Астарлық  топ  сыртқы  киімде  олардың  іштік  мата  ретінде  қолданылуы 
және тағайындалуы бойынша іріктелген, мақта маталарының ассортиментін 
біріктіреді.  Осы  маталарға  қойылатын  негізгі  талаптар  -  үйкелуші  әсерге 
жоғарғы беріктік, ол материалдарды аппреттеумен қамтамасыз етіледі. Осы 
топқа  қарастырылған  жоғарғы  топтағы  барлық  маталар  кіреді,  бірақ 
қүрамында  крахмал  мөлшері  үлкен  және  көбіне  күңгірт  түстерге  боялады. 
Бүл костюм, пальто және басқа киім түрлерін тігу кезінде іштік мата ретінде 
қолданылатын және көп мөлшерде аппрет жағылған үсынатын, ағартылған 
және тегіс боялған коленкор. Аппрет матаның тығыздығы мен қаттылығын 
жоғарылатады, оның созылғыштығын азайтады, нәтижесінде осы мата іштік 
матаға  үсынылған  талапты  қанағаттандырады.  Бүл  топқа  ақ  немесе  ашық 
орта-  да  жолақпен  толтырылған  суретті,  костюмдік  бүйымдардың  жеңінің 
астарына  қолданылатын  жеңдік  саржа  мен  боялған  және  аппреттелген 
грибсон, тик-ластик және өңірлі мата, қалталық мата жатқызылады. Барлық 
маталардың салмағы 97-225 г/м
2
, ені 80-140 см дейін болады. 
Бүл маталардың түсін астарлық немесе жоғарғы материал түсіне сәйкес 
таңдайды. 
Тыстық  топ  жоғары  тығыздықпен  сипатталатын,  матрацты  және 
жастық  тысы  мен  көрпе  тыстарынан  түрады.  Бірінші  мата  қауырсынға 
арналған өткізбеушілікті қамтамасыз етеді, ал екіншісі бойлық жолақта ала 
шүбар  суретті  немесе  баспа  суретпен  сипатталады.  Бүл  материал-  дар 
олардың  жыртылуына  жоғары  беріктігін  және  үйкелуге  төзімділігін 
қамтамасыз  ететін,  негізі  және  арқауы  бойынша  жоғарғы  тығыздықты, 
орташа сызықтық тығыздықты кардалы иірімжіптен өндіріледі. 
Тыстық маталар тобының 1 м
2
 матаның салмағы 152-240 г/м
2
 ені 80-100 
см, матаның аталуы оның тағайындалуын көрсетеді. 
Түктік маталар тобы үш жүйелі жібі бар (негізі және негізсі мақта мен мақта 
маталы  жіптің  түкті  жүйесінен  жасалған  грунтты  жіптер),  түктік  өріммен 
өндіру үстанымы бойынша бөлінген. Бүл матаның беті 
162 

тегіс түкті түрді (жартылай барқыт), жіңішке ши-ши (шибарқыт) немесе кең 
қалың  (шибарқыт-корд)  түрді  болып  келетін,  түктік  жабынды  бола-  ды. 
Кейбір  шибарқытта  түк  әртүрлі  пішінді  түрде  болуы  мүмкін,  яғни  бұл 
шибарқыт  түрі  фасонды  шибарқыт  деп  аталады.  Барлық  осы  мата-  лар 
негізінде  қосылған  иірімжіпті  және  арқауы  біржіпті  құрайды.  Мата  түгінің 
қатты бекітілуі үшін негізіне қарағанда, негізінің жібін жоғары тығыздықпен 
жасалады (2-3  есе). Жартылай барқыт  және шибарқыт түгінің биіктігі 2 мм 
дейін, ал шибарқыт-корд түгінің биіктігі - 2 мм жоғары болады. 
Түкті  матаның  басты  бөлігі  тегісбоялған  түрде,  кейбірі  баспа  суретті 
немесе өрнекті суретті түрінде шығарылады. 1м
2
 түкті матаның салмағы 545-
385 г дейін, ал ені - 152 мм ауытқиды. Үлкен қалыңдығы мен кеуектілігінің 
арқасында  түкті  маталар  жақсы  жылу  сақтағыштык  қасиетімен 
сипатталады  және  әртүрлі  сырт  киімдерде  кеңінен  қолданылады.  Олардан 
әйелдер  және  балалар  көйлегін,  костюмдерді,  белдемшелерді,  шалбарларды, 
пальто,  бас  киімдерді  және  басқа  бұйымдарды  жасайды.  Бұл  матаның 
кемшілігі  жобалауда  қосымша  тігісті  қажет  ететін,  олардың  енінің  тар 
екендігін ескеру қажет, бірақ бұл кейбір киім үлгілерін үлгілеуде қажет емес. 
Түкті  маталар  мақта  маталы  иірімжіптің  үш  жүйесінен  жасалған  түкті 
өрімнен  өндіріледі.  Матаның  үстіңгі  бетінде  мақта  талшығының  қысқа 
вертикальді  тұратын  арқауынан  кесілген  және  негізінен  кесілген  түктер 
орналасқан.  Түкті  кескеннен  кейін  негізлік  жүйе  әлсіремеу  үшін,  негізлік 
түкті  мата  негізсі  бойынша  үлкен  тығыздықпен  жасай-  ды.  Түкті  топқа 
барқыт, жартылай барқыт және шибарқыттар жатады. 
Барқыт  және  жартылай  барқыт  тарақты  иірімжіптен  өндіріледі,  беттік 
жағында  тегіс  түкпен  жасалған,  тегіс  боялған  және  баспа  суретті  болып 
келеді. Барқыт негізлік және негіздік жүйеде орташа сызықтьщ тығыздықты 
тарақты  ширатылған  иірімжіптен  жасалады.  Жарты-  лай  барқыттың 
барқыттан айырмашылығы негізлік жүйеде біржіпті иірімжіп болады. 
Шибарқыттың  матаның  бойымен  жүргізілген  беттік  жағында  түкті 
жолағы болады. Шибарқыт жіңішке түкті жолақпен, ал шибарқыт- корд кең 
қалың  түкті  жолақтарымен ажыратылады. Шибарқыттардың ассортименті 
тұрақты  мақталавсанды  шибарқыттардан,  кең  (1см  дейін)  түкті  жолақты 
шибарқыттардан,  жіңішке  және  қалың  жолақтың  кезектескен,  фасонды 
кесілген түкті жолақты шибарқыттардан тұрады. 
Шибарқыт-корд 3-5 см енмен ши-ши жолақтармен орналасқан, 
1,5
 
мм-ге  дейінгі  ұзындықтағы  түкті  бетті  болып  келеді.  Негізі  кар-  далы 
ширатылған  және  негізсінде  біржіпті  иірімжіптен  өндіріледі.  Шибарқыт-
кордтың  кейбір  артикулдары  көбіне  ширатылған,  таралған  иірімжіптен 
жасалады.  Мақта  лавсанды  шибарқыт-кордтың  бірнеше  артикулы 
шығарылды. Шибарқыт-корд жұмсақ, ашық түсті болады, 
163 

кейде  баспа  суретті  болып  келеді.  Шибарқыт-корд  көйлекті,  пальтоны, 
белдемшені, шалбарды дайындауға қолданылады. 
Түкті  маталар  тігінмен  өңдеуде  өте  күрделі.  Пішу  кезінде  барлық 
бөлшекте төменнен жоғары бағытталуын қадағалау керек. Тығыз ма- талар 
тігін инелерімен тесіліп кетуі мүмкін, сетінеген кезде тесілген орындарда түк 
төгіледі. Ылғалды-жылумен  өңдеу кардолентада  жүргізілуі  тиіс,  жуу кезінде 
бүйымды бүрап сығу қажет емес. 
Сұрып тобына тоқыма станогынан алынған және әрлеуден өтпеген мақта 
матасы (бомази, бөз, миткаль, жайма, саржа, қалталық мата) жа- тады. Олар 
жоғарғы сырт киімдерді дайындау кезінде тек қолданбалы материал ретінде 
және  кейде  киімді  қүрастырудың  муляжды  тәсілінде  көмекші  материал 
ретінде қолданылады. 
Жиһаздық-әшекейлі  топ  екі  немесе  үш-бес  жіп  жүйесінен  өндірілген 
маталардан  түрады. Бүл әшекейлеу мақсатында  және  жиһазды қаптау үшін 
қолданылатын,  түсті  кілемді,  жиһазды,  әшекейлі,  портьерлі  және  басқа 
маталардың  әртүрлі  түрі.  Олар  әртүрлі  салмақты  және  қалыңдықты,  баспа 
суретті,  ала  шүбар  және  тегісбоялған  болуы  мүмкін.  Жиһаздық 
материалдардың үйкелуге төзімділігі жоғары. 1 м
2
 маталардың салмағы 208- 
640  г  дейін  ауытқиды.  Негізінен  бүл  енді  маталар  -  150  және  160  см.  Осы 
маталардың  қыжым  сияқты  кейбір  түрлері  визкозалы  штапельді 
талшықтан  жасалған  иірімжіпті  қолдану  арқылы  кесілген  түкті  өрімнен 
өндіріледі. 
Жәшікті  және  орауыш  маталар  тобы  олардың  аталуына  сәйкес 
қолданылатын,  қаптық  және  орауыш  маталар  жейдесін  қүрайды.  Олар 
толық өңделмеген, ағартылған және тегісбоялған болуы мүмкін. 
Дәке  мен  дәкелік  бұйымдар тобы аз салмақты  және  төмен  тығыздықпен 
сипатталатын, дәкелік маталардан түрады. Бүл маталар тобы қыстық киімде 
мақталық астарды дайындау кезінде қолданылады. Олар ағартылған, ылғал 
жүтқыштық  және  тігіндік  болуы  мүмкін.  Дәкенің  ені  -  65-90см  дейін,  тігін 
өнеркәсібінде дәкелік бүйымдар қолданыл-майды. 
6.4.
 
ЗЫҒЫР МАТАЛАРДЫҢ АССОРТИМЕНТІ 
Зығыр  матасының  ассортиментінің  басқалардан  ерекшелігі  жеке  дана 
бүйымдарды көптеп шығаруы, мысалы сүлгі, дастархан. Зығыр матасының 
ассортименті  он  алты  топқа  бөлінеді,  бүл  топтың  әрқайсысы  зығыр  және 
жартылай зығыр матасының топшасын қүрайды. Бар ассортименттің ішінен 
киімді жасау үшін матаның шекті саны қолданылады. Топқа бөлінген зығыр 
маталарының  негізгі  белгісі  олардың  қүрылымының  немесе  арналуының 
ерекшелігі  болып  табыла-  ды,  ал  топшаларға  олар  талшықтық  қүрамы 
бойынша бөлінеді. 
164 

Зығыр  матасының  ассортиментінің  барлығы  тігін  өнеркәсібінде 
қолданбайды,  сондықтан  зығыр  матасының  кейбір  топтары  ғана 
қарастырылады.  Зығыр  матасының  ассортиментін  зерттеу  барысында, 
олардың артикуляция жүйесінің барын ескеру керек, яғни алғашқы екі саны 
топтың нөмірін, ал үшіншісі - топша нөмірін көрсетеді. 
Зығыр  маталары  таза  зығырлы  және  жартылай  зығырлы  бо-  лып 
өндіріледі.  Жартылай  зығыр  матасында  әдетте  мақта  иірімжібін  негізінде, 
кейде  арқауында  пайдаланады.  Соңғы  кездері  негізгі  виско-  залы  жібекпен, 
50-70%  лавсаннан  түратын,  зығыр  иірімжібінен  мата-  лар  өндіріле 
басталынды. 
Зығыр  маталардың  мақта  матасынан  айырмашылығы  қалыңырақ 
иірімжіптен жасалған (18-166 текс), олар негізі және арқауы бойынша бірдей, 
көбінесе  жаймалық  өрімнен,  ал  жаккардты  және  үсақ  өрнекті  өрімдерден 
сирек өндіріледі. 
Зығыр  маталары  негізінде  ағартылған,  жартылай  ағартылған  және 
сүрыпты,  меланжды,  ала  шүбар,  тегісбоялған,  баспа  суретті  болып 
шығарылады. 
Зығыр  маталары  жоғары  салмақты,  қалың,  қатты,  берік  және 
созылғыштығы аз болады. Олардың гигиеналық қасиеті жақсы, бірақ жылу 
сақтағыштығы  өте  төмен,  осыған  байланысты  бүл  матаны  қыстық 
киімдерде  қолданбайды.  Матаның  беті  тегіс  және  жылтыр.  Тегістіктің 
арқасында  пішу  кезінде  мата  беті  жылжуға  қабілетті.  Қаттылығына  бай- 
ланысты зығыр маталары кесуде үлкен қарсылық көрсетеді. Бүйымды тігу 
барысында олар қиындық  туғызбайды, бірақ  қаттылығының  сал-  дарынан 
қүрылымы инемен бүзылуы мүмкін. 
Зығыр маталарының кемшілігі оның қатты қыртыстануы, сондықтанда 
олардың қасиетін жақсарту үшін штапельді лавсанды қоспаға қоса бастады. 
Лавсанды  зығырлы  маталар  (50-67  %)  сыртқы  түрі  әдемі,  аз 
қыртыстанғыш  және  жуу  кезінде  отырмайды  (1%  аз  емес),  олардың  тозуға 
төзімділігі  едәуір  жоғары.  Ылғалды-жылумен  өңдеуде  зығыр  лавсанды 
маталар  140-180°С  температура  кезінде  жүмсақ  ылғалды  әлсіз  үтіктеуден 
өтеді. Температураның  жоғарылауы  және ылғалдыльщ  түстің өзгертуі  және 
қатты кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін. 
Жайма  -  классикалық  зығыр  матасы.  Мақта  негізінде  алынатын 
жартылай зығыр және зығыр матасы. 
Таза зығырлы жайма қаттырақ, тегіс, жылтыр және жартылай зығырға 
қарағанда  тез  жуылады.  Таза  зығыр  жаймасы  18-166  текс  ылғалды  иірулі 
иірімжіптен  алынады  және  сызықтық  тығыздығына  байланысты 
қолданылған  иірімжіптер  өте  жүқа,  орташа  жартылай  дөрекі  және  дөрекі 
болып  бөлінеді.  Өте  жүқа  зығыр  жаймасы  зығырлы  бәтес  деп  аталынады. 
Жіңішке жайманың ені - 80-90 см, ал қалың 
165 

кең  жайманың  ені  -  138-200  см,  зығыр  жаймасының  үстіңгі  бетінің 
тығыздығы - 106-300 г/м
2

Жартылай  зығырлы  жайма  арқауында  25-29  текс  сызықтық 
тығыздықты мақта иірімжібі, негізсіне 
45-71,5  текс  зығыр  иірімжібі  пайдаланылады,  олардың  үстіңгі  бетінің 
тығыздығы- 140-210 г/м
2
, ені - 90-180 см. 
Өңделуі мен түстік дайындамасына байланысты жаймалар сұрыпталған, 
ақ,  жартылай  ақ,  жолақты,  торлы  және  ақ  түспен  боялған  иірімжіптің 
кезектескен  ала  шұбарлы  болып  бөлінеді.  Жайманың  жаңа  ассортиментіне 
ашық баспалы суретті сұрыпты, ақ және жартылай ақ жаймалар кіреді. 
Зығырлы  жаймалар  қалыңдығына,  боялуына  және  өңделуіне  қарай 
қолданылады. Ең кең тараған  жайма төсек-орын тыстары. Жұқа  жаймалар 
бет  орамал  мен  ішкиімдерде,  ал  тығыз  ала  шұбар  маталар  мен  баспалы 
суретті  жаймалар  көйлекке,  костюмге  және  күртешеге  пайдаланылады. 
Тұрақты  ырғақта ірі  жолақтағы  ала шұбарлы зығыр  жаймасы  сатылы  деп 
аталады.  Сәнді  төсек  жаймасына,  дастарханға,  сүрткішке,  сүлгіге  арналған 
ірі өрнекті өрімді маталар қамқалы бо- лады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет