Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


терілер, IV сортқа түбітсіз, аса сирек түкті жабынды терілер жатады



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата14.02.2017
өлшемі6,36 Mb.
#4115
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
терілер, IV сортқа түбітсіз, аса сирек түкті жабынды терілер жатады. 
Өлшемі  бойынша  сорттау  берілген  түрдің  ауданынан  тәуелді 
орындалады,  сонымен  қатар  өлшемді  топтардың  белгілі  саны  қарас- 
тырылады.  Терінің  ауданын  тері  ұзындығын  еніне  көбейту  арқылы 
анықтайды. 
Тері  ауданы  квадрат  сантиметрмен  немесе  дециметрмен  терінің  өзеңі 
жағынан көрсетіледі. 
Тобы  бойынша  сорттау  жартылай  фабрикаттардың  ақауларының 
сыртқы  түрімен  тәуелді  іске  асырылады.  Терілердің  келесідей  сыртқы 
ақаулары  болады:  бойлық  және  көлденең  тігістер,  былғары  матасын 
ойылуы,  шаштардың  шатасуы.  Осы  немесе  басқада  ақаулар  балл  саны-  на 
стандартқа сәйкес бағаланады. 
Мамық жартылай фабрикаттар үшін төрт топ қарастырылған. Әрбір топ 
үшін өлшемдері көрсетілген белгілі бір ақау қойылған. 
Үлбір,  қаракөл  елтірі,  қой  тондық  және  қой  үлбірлік  жартылай 
фабрикаттарды  сорттау.  Бұл  түрлердің  жартылай  фабрикаттарының 
өлшемі,  түкті  жабынының  түсі,  сырты  және  тобы  бойынша  ақауларымен 
тәуелді сорттайды. Оларды тұқымы бойынша сорттамайды. Оның ор- нына, 
мысалы қоян терісі үшін тұқымы, құлыншақ және бұзау терілері үшін жасы 
бойынша бөлу арқылы сорттау енгізілген. 
Құлыншақ, бұзау, лақ терілері түкті жабынының құлпырмалылы- ғына 
және  тегістігіне,  суретіне,  түріне  тәуелді  сортталады.  Құлпырмалы  терілер 
тегістерден жоғары бағаланады. 
210 

8.5.
 
МАМЫҚ- ҮЛБІР ШИКІЗАТТАРЫНЫҢ 
АССОРТИМЕНТТЕРІ 
Қаракөл  елтірісі  және  елтірі  шикізаты.  Қаракөл  өмірі  үш  күндік  таза 
түқымды  қаракөл  қойының  қозыларының  терілері.  Қаракөл  түкті 
жабынының  өзіне  тән  пішін,  жібектігі  және  жылтырлылығымен 
ерекшеленеді.  Ертеректе  қаракөл  түқымы  елімізге  Өзбекстан  тер- 
риториясынан  әкелінген.  Бүл  түқымдас  қойлар  шөлдаланың  қатаң 
жағдайына бейімделген. 
Қаракөлді  өсіру  мал  шаруашылығының  ірі  саласының  бірі.  Қаракөлді 
негізгі  өндірушілер  болып  Өзбекстан,  Түркменстан,  Қазақстан,  Тәжікстан, 
Молдавия болып табылады. 
Қаракөл  шаруашылығында  көптеген  будандастыру  жүмыстары 
жүргізіліп, қойдың жаңа түқымдас топтары шығарылады. 
Қаракөл  түқымдас  қойлардың  жасынан  тәуелді  үлбірлі  және  тондық 
шикізаттың әртүрін атады: қаракөл, қаракөлше, қаракөл-қаракөлше, мәліш 
қой қозысының терісі, трясок және тондық қой терісі. 
Қаракөл  түқымдастардың  қозыларының  түкті  жабыны  туылғаннан 
кейінгі алғашқы күндері бүйраланған  түрде болады. Олар  спиральға иілген 
былғары  бетінде  параллель  орналасқан  түтіктерден  түрады.  Қозылардың 
терілерінің  түкті  жабыны  үш  күнен  соң  ажыраған  және  қопсыған  түрде 
болады.  Өсе  келе  жеке  бүрамға  түседі.  Бүйралылығы  бойынша  бағалы 
(бүршақ, ірі бүршақ, жал түрінде), аз бағалы (сақина, жартылай сақина) және 
содырлы (моншақ бүйра, деформациялан-ған бүйра) деп ажыратылады. 
Қаракөл  сапасын  бағалауда  түкті  жабынның  қалыңдығына,  бүйралану 
түріне және тығыздығына, түкті жабынының жылтырына көңіл бөлінеді. 
Түкті  жабынының  қалыңдыгы  -  қаракөлдің  терісінің  бағалы  сортының 
айтқысыз қасиеті. 
Бұйралылыгының тыгыздыгы  деп  -  олардың  өзгертуге  тырысқан  әртүрлі 
механикалық әсерлерден күйін, формасын сақтау қабілетін айтуға болады. 
Бүйралылығының  бүл  қасиеті  көп  дамыған  болса,  қаракөл  жоғары 
бағаланады.  Әдетте  аса  тығыз  болып,  киізденген  және  ірі  бүршақ  түріндегі 
бүйралылығы табылады.  Тығыздығы аз бүйралықтар  түрі  бүл -  ірі сақина, 
моншақ бүйра, бүршақ және үсақ сақина. 
Түкті  жабынының  жылтырлыгы  қаракөл  елтірісінінің  сапасын  си- 
паттайтын негізгі қасиеттерінің бірі. 
Жоғарғы  сортты  терілер  түкті  жабынының  жылтырлығымен 
ерекшеленеді. 
Елтірі  -  түкті  жабыны  қысқа  жібекті  жылтыр  былғары  өзеңіне  тығыз 
жанасқан, оның қүлпырмалы суреті бар тері. 
211 

Жас қозы терісі. Елтірі елтірі тұқымдас қойдың қозыларынан ала- 
ды. 
Белгілері.  Бұл  терілердің  түкті  жабыны  шыны  секілді  жылтыр,  әлсіз 
жылтыр  және  әртүрлі  бұйраланған  күңгіртті,  мойны  қопсыған,  таралған 
бұйра басы, құйрығы, аяғы тегіс түкпен жабылған, құйрығы жіңішке. 
Елтірі  шикізаты  және  лақ  терілері.  Белгілері.  Алғашқы  түкті 
жабынымен  өлі  туылған,  өлген  және  сойылған  қозылардың  немесе 
лақтардың  терілері,  жылбысқы  және  түсікті  қой  және  ешкі  терілері 
тұқымына  қарай,  жасына,  түкті  жабынының  сипатына  қарай  келесі 
түрлерге  бөлінеді:  мәліш  елтірісі,  құйрықты  қойлардың  қозысының  терісі 
(далалық  елтірі)  қылшық  жүнді  қойлардың  қозыларының  терілері  (орыс 
елтірісі), үлбірлік терілер (ляшка), тон терілері (сак сак, трясок) қысқа және 
ұзын жүнді ешкі терілері. 
Мәліш  елтірісі  қойдың  жылбысқы  және  түсік  терісінің  ауданы  300  см, 
көп созылған кездегі мойнының шашының ұзындығы 2см аспауы тиіс. 
Мәліш  елтірісі  құйрықты  қойлардың  қозысынан  алынады.  Басқа  қой 
тұқымдастарынан  ерекшелігі  ең  жақсы  қасиеттерге  ие,  және  құйрығының 
жоқтығы.  Қаракөл  елтірісінен  түкті  жабынының  аздығымен,  муарлы 
суретінің  анық  еместігінен,  құйрық  орнына  доға  тәрізді  жиектерінің 
болуымен ерекшеленеді. 
Далалық  елтірі  -  құйрықты  қой  тұқымдарының  қозысының  терісі, 
ауданы 400 см
2
 аз, түкті жабынының ұзындығы 5см. 
Орыс  елтірісі  қылшық  жүнді  тұқымдастарының  қозыларының  терісі, 
өлшемі 400 см  және  түкті  жабынының созған  кездегі күйі 5 см асатын тері. 
Далалық  елтірісінің  ерекшелігі  мойнының  жуан  болуы  және  құйрығының 
жоқтығы. 
Трясок  және  сак  сак  романовский  тұқымынан  басқа  қылшық  жүнді 
тұқымдасты,  еметін  қозылар  терілері  түкті  жабыны  жұмсақ  және  штопр 
түрінде шығарылады. Ұзындығы 5см, терілердің ауданы 400 см^ кем емес. 
Биязы  жүнді  мәліш  елтірісі,  жартылай  биязы  жүнді  және  жартылай 
талшықты қой тұқымы терілерінің ауданы 400 см^ және мойнындағы түкті 
жабынының ұзындығы 2см. 
Трясок  сак  сактан  түкті  жабынының  түсімен  және  құйрығының 
пішінімен;  елтіріден  терісінің  өлшемінің  ірілігімен,  өскінді  ша-  шымен, 
тондық қой терісінен аса жұмсақ түкті жабынымен ерек- шеленеді. 
Үлбірлік  және  тондық  қой  терілері.  Елімізде  қойдың  60-қа  жуық 
тұқымдас түрлері бар, 30 астамы соңғы жылдары құрылған. 
Үлбірлік және тондық қой терілерін биязы, жартылай бязы, жарты- лай 
қылшықты  және  қылшықты  қой  тұқымдарын  өсіретін  аудандарда 
дайындайды. 
212 

Қой терісінің үлбір және тон шикізатын өндірудің бір түрі ретіндегі мәні 
зор. Бұл теріні, үлбірлі шикізатты жалпы өндірудегі 60 % аса үлесін құрайды. 
Бұлғын  терілері.  Бұлғын  (сурет  8.1)  тынық  мұхитының  жағалауына 
дейінгі ормандарда мекен етеді. Сондай-ақ, бұлғын Солтүстік Қазақстанның 
тайгалы ормандарында, Камчаткада, Сахалинде және Шантар аралдарында 
мекен етеді. 
Бұлғын ең әдемі және бағалы тері береді, сондықтан ол «үлбір пат- шасы» 
деп танылған. 
 
Сурет 8.1 - Бұлғын 
Бұлғын  терісі  түкті  жабынының  нәзіктігі,  қалыңдығы,  түсі  және 
жылтыры бойынша әлем нарығында ең жақсы деп танылған. 
Бұлғын  терісінің  ең  бағалы  сапасы  -  бұл  мойын,  құрсақ,  желке 
жатысының салыстырмалы теңдігінде. 
Бұлғын  терісінің  түкті  жабыны  қалың,  өте  жібекті,  орташа  биіктікті. 
Терісінің ұзындығы 30-55 см дейін, құйрығы - 10-18 см аралығында. Жалпы 
бояуы құмды сары түстен қанық құба түске дейін құбылады. Құйрығы және 
аяғы  қара,  басы  және  құлағы  арқасынан  ашығырақ  түсте.  Аяқ 
жастықшалары  бәсеңдетілген.  Құйрығы  үлпілдекті.  Тырнағы  қысқа,  өткір 
қара түсті. 
Ормандық  сусар  (сурет  8.2)  еліміздің  орманды,  орманды-далалы 
аймақтарында мекен етеді. 
Кидус  жұмсақ  сусар  мен  бұлғынның  будандасуынан  шыққан.  Бұлғын 
дамыған аудандарда және тайгалы ормандарда мекен етеді. 
Харза,  алыс  шығыс  сусары,  ол  тек  Алыс  шығыс  елінің  оңтүстік 
аудандарындағы ормандарда ғана кездеседі. 
213 

 
Сурет 8.2- Ормандық сусар 
Сусар  терісіне  ішкі  және  сыртқы  нарықта  үлкен  сүраныс  бар.  Әсіресе 
жүмсақ  сусар  терісі  өте  бағалы.  Сусар  терісінің  дайындамасын  дайындау 
жылына 20 мың дананы қүрайды. 
Сусардың  түкті  жабынының  түсі  қүмды  түстен  қанық  каштан  түсіне 
дейін  үлпілдекті  және  жібекті  болып  келеді.  Тамақ  астындағы  түгінің  түсі 
ашық сары, қүйрығы үзын (бүлғынға қарағанда), сусардан қысқа. 
Сібір күзені және күзен терілері. (сурет 8.3 а) Сібір күзені Сібір және Алыс 
шығыс  облысының  Орталық  және  Оңтүстік  облысында,  ТМД  елдерінің 
Шығыс аудандарында, Солтүстік Қазақстанда мекен етеді. 
Күзен  (сурет  8.3  б)  Алтай  өлкесінің,  Тәжік  елінің  оңтүстігінде,  Қырғыз 
және  Қазақстанның  шығыс  бөлігінде,  Иркутск,  Бурят,  Чи-  тин,  Амур 
облысының оңтүстік және шығыс аудандарында және теңіз жағалауындағы 
өлкелерде кездеседі. 
Сібір  күзені  және  күзен  терілерінің  экономикалық  мәні  аз.  Соңғы 
жылдары  сібір  күзенінің  терілерін  жылына  70-80  мың  дана,  ал  күзенді 
айтарлықтай аз мөлшерде дайындайды. 
 
а 
214 

 
б 
Сурет 8.3. Сібір күзені (а) және күзен (б) 
Белгілері. Сібір күзенінің түкті жабыны қалың, жұмсақ орташа биіктікті, 
терісінің барлық ауданы бойынша ашық  - сары немесе ашық сары бояулы, 
тек  тұмсығының  жоғарысы  күңгірт,  ал  ерні  және  тамақ  асты  ақ  түсті.  Көз 
тесіктері  қара  шашпен,  ал  аузы  -  ақ  шаштармен  шеңберленген.  Қысқы 
терілерінің  түкті  жабынының  биіктігі  3-4  см  дейін  жетеді.  Құйрығының 
ұзындығы 15-20 см, төмен орналасқан, ашық 
-
 
сары түсті. Еркегінің терісінің ұзындығы 30-40 см, ұрғашысының терісінің 
ұзындығы одан кішірек. Күзен терісінің өлшемі және жалпы түрі бойынша ақ 
тышқанға ұқсас. Дене ұзындығы 20-29 см, құйрығы 10- 14 см. Түкті жабыны 
сирек,  былғары  өзеңі  жұқа.  Қыстыкүні  денесінің  жоғары  бөлігіндегі  түкті 
жабыны кресті - қоңыр немесе құмды - сары түсті, төменгі жағы ашығырақ 
түсті.  Басы  арқасынан  қаралау.  Аузының  және  тамақ  астының  ақ  бояуы 
бірте - бірте денесінің төменгі бөлігінің жалпы бояуына еніп кетеді. Құйрығы 
сарылау. 
Ақ  тышқан  терілері.  (сурет  8.4  а,  б)  Ақ  тышқандар  еліміздің  көптеген 
территориясында көптеп кездеседі. 
Ақ тышқан  терілері  халықаралық  және  ішкі  нарықта үлкен сұранысқа 
ие. Жыл сайын ақ тышқан терілерінің 100 мың данасы дай- ындалады. 
Белгілері. Ақ тышқанның  түкті қабаты аласа  (1,5-2 см), қалың,  жұмсақ 
және жібекті. Терісінің ұзындығы 18-28 см, құйрығы 6-11 см. Қыста терісінің 
түсі  ақ, ал  жазда  жон арқасы қоңыр, қара- ақ  түсті бо- лады. Құйрық  соңы 
бүкіл жыл бойы қара түсті. 
Ақ  тышқан  (ласка).  Ласка  терісі  ақ  тышқан  терісіне  өте  ұқсас,  бірақ 
өлшемі  бойынша кішірек,  түкті  жабыны аса  аласа, былғары өзеңі өте  жұқа 
болып  келеді.  Ақ  тышқанға  қарағанда  құйрығы  қысқа,  ақ  түсті.  Тері 
ұзындығы 13-25 см дейін, құйрығы 2-6 см. Жазда ласканың 
215 

жон  арқасының  түкті  жабынының  түсі  қоңыр,  басы  ақ  түстес  болады. 
Солтүстік аудандарда ласка қыста ағарады, ал оңтүстік аудандарда өз түсін 
сақтайды.  Ақ  тышқан  мен  ласка  терілерін  басынан  аяғына  қарай  шұлық 
секілді сылып алады.
 
Ақ және қара күзен терілері. Ақ күзен (сурет 8.5 а,б) далада, жарты- лай 
бос  жерлерде,  шөлдалада,  көгалды  жерлерде,  орманды  қорғалатын  егіс 
алқабында,  орманды  далаларда,  Ресей,  Сібір,  Казақстан,  Орта  Азия 
аймағында өмір сүреді.
 
 
а 
 
Сурет 8.4 - Ақ тышқан түрлері 
216 

 
а 
Сурет 8.5 - Ақ күзен түрлері а 
 
■Г 
д. 
б 
Сурет 8.5 - Ақ күзен түрлері б 
Қара күзен (сурет 8.6) еліміздің бүкіл европа бөлігінде таралған. Ақ 
күзені (альбинос) аң шаруашылығындағы жабайы түрлерімен будандастыру 
арқылы өсіріледі.
 
217 

 
Сурет 8.6 -Қара күзен 
Жемдеу  және  өсіру  жағдайына  қарамастан,  күзендерді  өсіру  аң 
шаруашылығына тиімді, өнімділігі жоғары.
 
Күзен  терілері  қара  күзен  төмен  бағаланады,  дегенмен  оларды  үлбір 
киімдерін  дайындағанда  кеңінен  қолдануға  болады.  Ақ  және  қара  күзен 
терілеріне  айтарлықтай  сұраныс  бар.  Олардың  дайындама-  сын  дайындау 
жылына 20 мың дананы құрайды.
 
Белгілері.  Ақ  күзен  терілерінің  ұзындығы  30-56  см,  құйрығы  10-17  см. 
Ақ  күзен  терілерінің  түсі  өте  жылтыр  келеді.  Қара  күзен  терілерінің 
ұзындығы 30-50 см, құйрығы 10-16 см. Қысты күндері ақ және қара күзеннің 
жон арқасындағы үлпілі 2 см жетеді, ең биігі  4-5 см құрайды. Ақ күзеннің 
құйрығы  екі  түсті:  негізінде  -  ақ  сары,  ұшы  -  қара-қоңыр  түсті.  Қара 
күзеннің құйрығы жаппай қанық қоңыр.
 
Қара  күзен  терілері.  ТМД  елдерінде  қара  күзенннің  екі  түрі  ғана  өмір 
сүреді.  ТМД  елдерінің  европа  бөлігінде  кең  тараған.  Қазақстанның  Сібір 
және  батыс  бөлігінде  кең  тараған.  Америкалық  күзен  ТМД  елдеріне  1928 
жылы  Солтүстік  Америкадан  аң  шаруашылығына  өсіру  үшін  әкелген 
болатын.  Жабайы  қара  күзеннің  экономикалық  мәні  (су-  рет  8.7)  аз  ғана. 
Дайындамаға терілердің ондаған мыңы ғана түседі.
 
Белгілері.  Европалықтан  бөлек  америкалық  қара  күзендер  айтарлықтай 
ірі,  жоғары  сапалы  болып  келеді.  Өлшемі  бойынша  қара  күзен  -  кішкене 
ғана аң. Дене ұзындығы еркегінікі 50-70 см, ал ұрғашы күзендікі - 40-60 см.
 
Түсі  тұнық  -  қоңыр  болатын  қара  күзендерді  стандартты  деп  атай-  ды. 
Стандарттыдан  басқа  түсті  күзендерді  де  өсіреді.  Ондай  түсті  күзендерді 
будандастыру арқылы алады. Қазіргі  уақытта  2000 түсті күзен түрлері  бар, 
өнеркәсіптік  өндірісі  үшін  оның  30  түрі  қолданылады.  Өзінің  түкті 
қабатының түсінің алуан түрлілігінің, әсемдігі, беріктігі
 
218 

және  әдемілігі  бойынша,  сондай-ақ  осы  үлбірден  жасалатын  әртүрлі 
бұйымдардың  көптігіне  байланысты  қара  күзен  «үлбір  патшасы»  деп 
танылған.  Клеткалы  қара  күзен  түкті  жабының  бояуы  бойынша  өте  көп 
алуан түрлі және сипаты келесі 8.4-кестеде көрсетілген.
 
Кәмшат терілері. Кәмшат ТМД елінің барлық территориясында кездеседі 
(сурет  8.8).  Тек,  Завольже,  Шығыс  Сібір,  Қазақстан,  сондай-  ақ  Орта 
Азияның шөл далаларында жоқ.
 
Кәмшат  жартылай суда өмір сүреді, сондықтан тұщы су қоймаларының 
жағалауында  қоныстанады.  Кәмшат  терісі  әдемілігі  бойынша  ең  жақсы 
киюге  төзімділігі  өте  жоғары  тері  береді.  Кәмшат  жер  ауысуына 
шалдықпаған, бірақ Сібір кәмшаттарының терілері ірі, түкті жабыны қалың, 
әсем, биік, ал кавказ кәмшаттары ұсақ болып келеді.
 
 
б 
Сурет 8.7 - Қара күзен түрлері а, б. 
Кәмшат  терісі  бағалы  -  үлбір  шикізатын  дайындаудағы  мәні  аз,  себебі 
дайындауға жылына бірнеше мың дана ғана келіп түседі.
 
219 

8.4-
 
Кесте Әр түрлі кряжды жабайы қара күзендердің 
терілерінің сипаты 
Кряж
 
Тері
 
өлшемі
 
Түкті жабынның 
сипаты
 
Түсі
 
Қылшығы
 
түбіті
 
Сібірлік
 
 
Аса үлпілдек 
жібекті
 
Қанық қоңыр 
жә не қоңыр
 
Сүр көгілдір
 
Солтүстік
 
Ірі,  орта  ша 
және үсақ
 
Үлпілдек, жібекті, 
жылтыр
 
'
 
'
 
Кавказдық
 
ірі
 
Үлпілдектігі аз, 
қылшық ты
 
Сары рең 
беретін ашық 
қоңыр, қоңыр
 
Ашық сүр
 
Кәмшатқа  деген  аңшылық  лицензия  бойынша  рүқсат  етіледі.  Өзінің 
жоғары  беріктікке  және  әдемілікке  иелігіне  байланысты  кәмшат  сыртқы 
және ішкі нарыққа үлкен сүранысқа ие.
 
Белгілері. Кәмшат терілерінің үзындығы (қүйрығымен бірге) 100-150 см. 
Түкті  жабыны  төмен,  тығыз  және  тегіс  қанық  қоңыр,  ашық  қоңыр,  немесе 
қоңыр  түсті.  Үлпілдек  түгі  тығыз  жібекті  қанық  көгілдір  немесе  сары  көк 
түсті.
 
Құну  терілері  (сурет  8.9).  Қүну  Сібір  және  Алыс  Шығыстың  тайга 
аймағының бар бөлігінде, ТМД елінің европа бөлігінің Солтүстік ор- манды 
аудандарында өмір сүреді.
 
 
220 
Сурет 8.8 - Кәмшат 

 
Сурет 8.9. Құну 
Терінің  экономикалық  мәні  аз.  Соңғы  уақыттары  бұл  аңның  терісін  аз 
мөлшерде дайындайды.
 
Белгілері.  Құнудың  түбіті  биік,  қалың,  жылтыр,  қоңыр  немесе  сары 
қоңыр  түсті.  Иықтан  құйрығына  қарай  жақтауы  бойынша  түкті  жабыны 
ашық жолақ түрінде жон арқасындағы қоңыр түбіттерін көмкерген.
 
Күміс  қара,  ақ  тұмсықты,  платиналы, платиналы-тұмсықты,  ақшақарлы 
және  қара  қоңыр  түлкі  терілері.  Күміс  қара,  ақ  тұмсықты,  платиналы, 
платиналы-тұмсықты,  ақшақарлы  түлкіні  аң  өсіретін  шаруашылығында 
өсіреді немесе олардың терісі аң өсіру өнімі болып табылады.
 
Қара-сұр  түлкі  аз  мөлшерде  тайгалы  аймақта  Якутияда  және  Алыс 
Шығыс елінің солтүстігінде жиі кездеседі. Қара-сұр түлкі терілері аң аулау 
кәсібінің өнімі.
 
Күміс  қара  түлкі  (сурет  8.10)  жабайы  канадалық  қызыл  түлкінің  бір 
формасы  болып  табылады.  Ұрғашысының  дене  ұзындығы  63-67  см, 
еркегініңкі 66-70 см және одан да көп тербеледі. Көгілдір - қара түлкілердің 
негізгі бояуы қара - қоңыр түстен көгілдір - қара түс аралығында құбылады. 
Аймақты  боялған  ақ  сақинасы  бар,  құйрығының  ұшы  ақ,  көкірегінде, 
құрсағында, аяғында ақ дағы бар.
 
Түлкілердің  арасында,  басқа  жануарлар  секілді  альбиностар  кездеседі. 
Олардың түсі таза - ақ, тұмсық және тырнақ ұшы дақты, көзі ашық -көгілдір 
қызыл дақты болып келеді. Күміс қара және қызыл түлкілерді будандастыру 
кезінде аралық тұқымдарындағы бояулар байқалады.
 
Күміс  қара  түлкілерде  бірнеше  будандастырылуы  бекіген,  кейбіреулері 
аң өсіру шаруашылығында платиналы, ақ тұмсықты, және
 
221 

ақшақарлы  түлкілерді  өсіреді.  Қара-қоңыр  түлкілердің  терілерін  аздап 
өндіреді, ол 8.11суретте көрсетілген.
 
Белгілері.  Күміс-қара  түлкі  өзінің  атауын  ерекше  түсіне  қарай  алған. 
Терінің  түкті  жабыны  қарадан  ашық-күміс  түске  дейін,  зоналы  бояуымен 
ажыратылады:  тегі  қара  немесе  қоңыр-сұр,  ортасы  күміс  шеңберлі  және 
соңы  қара  болып  келеді.  Осының  нәтижесінде  түкті  жа-  быны  күміс  түсте 
болады.  Түбітті  түгінің  түсі  әр  түрлі.  Тұмсығы  ак  күміс  қара  түлкінің 
терісінің  негізгі  бояуы,  күміс-қара  түлкінің  бояуы  секілді,  бірақ  ақ  шашты 
тұмсығындағы,  мойнындағы,  көкірегіндегі  және  аяғындағы  суреттерімен 
ажыратылады.
 
 
б 
Сурет 8.10 - Қызыл түлкі (а) және қарсақ (б) 
222 

 
г 
■ 
Сурет 8.11 - Күміс-қара түлкі 
Платиналы түлкі терілерінің түкті қабатының түсі сүр немесе ашық-сүр. 
Қылшық түбіттері платиналы, қоңыр-сүр, қара және ақ түсті. Түбіті көгілдір 
ашық  көгілдір  түсті  немесе  қүйрығы  қанық  сүр  түсті.  Көкірегіндегі  немесе 
аяғындағы  түкті  жабынында  ақ  дақтардан  түскен  суреттері  болуы  мүмкін. 
Платиналы  -  ақ  түмсық-  ты  түлкілердің  терілерінің  түсі  платиналы 
түлкініңкідей болып келеді. Ақ дақтан көкірегінде, аяғында сурет, сондай-ақ 
басында және мойнында жолақ болуы мүмкін. Ақша қарлы түлкінің терілері 
таза ақ түсті немесе реңі жеңіл ғана кремді болады. Қара-сүр түлкі терілері 
әр  түрлі  өнімді,  қара  түсті  болып  келеді  және  оған  сүр  не-  месе  сүр  рең 
беретін түстілердіде жатқызуға болады.
 
Ақ  түлкі  терілері  (сурет  8.12).  Ақ  түлкі  -  бүл  типті  полярлы  жануар. 
Мекендейтін  орны  Солтүстік  Америка  және  Евразия  тун-  драсы,  сондай-ақ 
Солтүстік  мүзды  мүхит  және  Тынық  мүхитының  солтүстік  бөлігінде. 
Жынысына  қарай  ақ  түлкінің  үзындығы  60-70  см.  Табиғатта  негізгі  түс 
пішіні  -  ақ  түлкі  болып  табылады.  Қыста  ол  ақ  түске,  жазда  сүр  түске 
түлейді. Ақ түлкіден басқада көгілдір түлкі де кездеседі.
 

 
а 
 
б 
Сурет 8.12 - Ақ түлкінің қысқы (а) және (б) жазғы түрі 
Белгілері. Ақ түлкінің түсі жазда жон арқасы қоңыр - сұр, көгілдір сұр, 
қоңыр  немесе  кофе  секілді  бояуға,  желкесі  -  сары,  ал  қыста  аппақ  түсте 
болады.  Терінің  ұзындығы  60-90  см,  құйрығының  ұзындығы  30  см 
аралығында.  Көгілдір  түлкінің  түкті  жабынының  түсі  қысы-жазы  кофе 
түстес, ал түбіті көгілдір болады.
 
Ақ түлкінің терісі түкті жабынының бояуы (ақ түлкі де ол ақ, сұр және 
қоңыр),  қалың,  жұмсақ  және  жібек  түгі,  көлемділігі,  құйрығының 
қысқалығымен ажыратылады.
 
Көгілдір түлкі терілері. Көгілдір түлкі аңдар арасындағы саны жағынан 
қара  күзеннен  кейінгі  екінші  орында,  терілерінің  дайында-  малары  үлкен 
сұранысқа ие және мамықтарды дайындауда алдыңғы орынды алады.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет