бояудан және әрлеуден, өңдеу операцияларынан өткен терілер қолданылады.
Бүндай терілер жартылай фабрикат деп ата- лады.
202
Бағалы - үлбір жартылай фабрикатының ассортименті келесі топтарға
бөлінеді: бағалы жартылай фабрикат - өңделген бағалы аң терілері; қаракөл
жартылай фабрикаты - әртүрлі түқымдас қойлардың өңделген терісі; қой -
үлбір жартылай фабрикаты
-
өңделген әр түрлі түқымдас үлкен қой терілері (үлбірлік қой терілері);
үлбірлі жартылай фабрикат - өңделген қоян, мысық, ит, бүғы, қүлын, бүзау,
ешкі терілері; теңіз аңдарының терілері - өңделген теңіз мысығының ит
балықтың және нерптің терілері; пластина және үлбір.
8.2.
БАҒАЛЫ - ҮЛБІР ТЕРІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бағалы-үлбір терісі былғарыдан және түкті жабыннан түрады.
Былғарыны көлденең кесіндісінде эпидермис, өзең және терасты - май
қабаттарын ажыратуға болады. Өзеңінде түкті қабаты бар былғарыньщ
негізгі қабатын қүрылымдағы болатын коллагенді, эласты, ретикулинді
талшықтар, өзара тоқылу нәтижесінде түкті қабаты бекітіліп, бағалы - үлбір
терісінің негізін қүрайтын тығыз және берік, қалыңдығы жоғары тоқыма
түзеді.
Былғары астары. Әр түрлі қалыңдықты, тығыздықты бола- ды,
сондықтан алдымен созылуға беріктігін, созылғыштығын және салмағын
анықтайды.
Түкті жабын үлбірді сипаттаудағы анықтағыш көрсеткіші болып
табылады, себебі бүл көрсеткіштен үлбірдің эстетикалық қасиеті ғана емес
және басқада пайдалану қасиеттері тәуелді. Түкті жабынды қүрайтын түктер,
әр түрлі, қалыңдығы, биіктігі, бүйралылығымен және ішкі қүрылымымен
ажыратылады. Түкті жабын үш негізгі шаш түріне бөлінеді: мамық,
қылшық және бағыттауыш. Мүның әрқайсысы теріде өзінің функцияларын
орындайды.
Мамық түктер - аса жүқа және қысқа, әрдайым қатты бүйраланған.
Олар негізінен түктің негізгі көлемінің көпшілігін қүрайды, сонымен қатар
жартылай фабрикаттың эстетикалық және пайдалану қасиетіне әсер етеді.
Қылшық - жуан әрі үзын және бағыттаушы жүндерге қарағанда жиі өскен.
Багыттауыш түктер - ең жуан, үзын, серпімді, сирек өскен, басқа
жүндерге қарағанда үшы шығып түрады. Олардың боялуы айтарлықтай бір
түсті. Түкті жабындағы бағыттауыш түктердің саны 1 см
2
10-15 да- надан
келеді.
8.3.
БАҒАЛЫ - ҮЛБІР ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕРІЛЕРІН
АЛҒАШҚЫ РЕТТІ ӨҢДЕУ
Терілерді бірінші ретті өңдеу екі операциядан тұрады: терілерді
сыпырып алу, яғни жануар денесінен бөліп алу, және консервілеу, яғни теріні
өңдеуге дейін сақтауға болатын күйге келтіру.
Бағалы - үлбір шикізатын өңдеу келесі операциялардан тұрады:
-
суға жібіту - терілерді сойылған кездегі күйге келтіру, суға белгілі бір
уақыттқа орныластыру жолымен жүргізіледі. Суға жібіту нәтижесінде
ылғалдау 70 % жетуі мүмкін;
-
шел қабатын алып тастау және бөлу - бұл біріншісінде етті қабаты
алынып тасталынады, ал екіншісінде - қопсытылады, нәтижесінде былғары
өзеңі аса жұмсақ болады;
-
майсыздандыру - терілерді өңдеу арқылы былғарыдан және түкті
қабатынан майды кетіру;
-
пикельдеу - теріні өңдеудің негізгі процессі. Ол теріні пикелмен өңдеуден
тұрады (күкірт және тұз қышқылынан, ас тұзынан), соны- мен қатар
былғары негізгі құрғақ коллаген талшықтарынан ажырайды, нәтижесінде
терілер бір уақытта консервіленіп, белгілі бір механикалық және химиялық
қасиетке ие болады;
-
ашыту - бұл үлбір терілерін майсызданудан соң нан квасымен өңдеу.
Бұл ұзақта қымбат тұратын процесс. Ол тек бағалы үлбір және қаракөл
өндіру үшін қолданылады. Ашыту терілерге өте жұмсақтық, иілмелі және
жақсы тартылу қасиетін береді;
-
илеу - бұл терілерге қосымша жоғарғы температураға және ылғалға
әсеріне шыдамды болу үшін керек болған жағдайда ғана қолданылады. Илеу
негізінен хром немесе алюминий тұздарымен жүргізіледі;
-
майлау бұл пикельдеу, ашыту немесе илеуден кейінгі орындала- тын
процесс, және тері өзеңін маймен немесе май эмульсияларымен өңдеуден
тұрады;
-
эпилирлеу - мамық талшықтан тегіс бетті үлбір алу мақсатында
қылшық және бағыттауыш талшықты қырқудан тұрады. Оны қоян, ондатр,
мысық, теңіз мысығын ұқсату кезінде қолданылады. Қырқу процессі арнайы
машинада жүргізеді;
-
жұлу - бұл өте қатты қылшық және бағыттауыш талшықтары бар
терілерде ғана орындалады;
-
үтіктеу - бұралаңдаған талшықтарды, әсіресе қой талшықтарын жазу
үшін орындалады, бұл 180-220°С температурада үтіктеу білігінен өткізу
арқылы орындалады. Түкті жабын дұрыс бекуі үшін үтіктеу ал- дында
формалинмен өңделеді.
204
8.4.
МАМЫҚ - ҮЛБІР ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ҚАСИЕТТЕРІ
Үлбір бүйымдарын дайындауда жарамды мамық - үлбір жартылай
фабрикаты өзіне берілген пішімдер мен өлшемдерді сақтай отырып, жоғары
тозуға төзімді және жақсы жылу сақтағыш қасиетін қамтитын бүйымдарды
дайындауға мүмкіндік жасайды.
Үлбірге үсынылатын басты талап - жақсы жылу сақтағыштық қасиеті
болғандықтан, жылу өткізгіштік ең негізгі қасиеттері болып табылады.
Үлбірдің жылу өткізгішітігі түкті жабынның үстап түратын ауа санына,
былғары өзеңінің тығыздығы мен қалыңдығына, пайдала- ну кезіндегі
түгінің сығылу дәрежесіне тәуелді болады.
Ең қалың түкті жабынды терілер бүл түлкі, қоян, қүндыз, солтүстік
бүғысы және қой. Келесі 8.1-кестеде кейбір мамық-үлбір жартылай
фабрикаттарының түгінің орташа саны көрсетілген.
Кесте 8.1 - Мамық-үлбір жартылай фабрикаттарының түгінің орташа саны
Мамық - үлбір жартылай фабрикаты
1 см
2
орташа түк саны, мың
Кәмшат
34,0
Көлдік қүндыз
30,0
Ақ қоян
22,0
Ақ түлкі
21,5
Шиншилла қояны
17,0
Тиін
10,0
Ондатра
10,0
Солтүстік түлкісі
7,6
Түкті жабынының қалыңдығы терінің белгілі бір көлем бірлігіне келетін
түк санымен сипатталады. Сонымен қатар түкті жабынның қалыңдығына
түктің үзындығы әсер етеді. Ол келесі 8.2 кестеде көрсетілген.
Кесте 8.2 - Мамық-үлбір жартылай фабрикатының кейбір түрлерінің
түктерінің ұзындығы
Мамық-үлбір жартылай фабрикаты
Түгінің үзындығы, мм
қылшық
Мамық
1
2
3
Көртышқан
13
10
205
Кәмшат
29
15
Тиін
28
19
Қоян
36
24
Сусар
46
30
Түлкі
60-69
38-43
Ақ түлкі
69
50
Қасқыр
73
65
Кию мерзімі - бұл үлбірдің пайдалану кезінде сыртқы орта әсеріне
ұшырау
қабілетін
анықтайды.
Бұл
механикалық
күш
түсіру.
температураның әсері және ылғал.
Төменде үлбірдің кию көрсеткіштері көрсетілген:
-созылу кезіндегі түк беріктігі жануар түріне, және түк құрылымына
тәуелді болады;
-түктің бекітілу беріктігі - әр түрлі жануарларда әркелкі және жыл
уақытына, бірінші ретті өңдеуге, сондай-ақ жасалуына (өңделуіне) тәуелді
болады;
-түс төзімділігі киюдің барлық кезеңіндегі түстің өңін сақтау қабілеті;
-тері өзеңінің қалыңдығы үзілу кезіндегі беріктігін көрсетеді;
-тері өзеңінің беріктігі оның қалыңдығына және терінің гистологиялық
құрылымына тәуелді болады;
-тері өзеңінің ылғалдануы - ылғал жұту қабілеті, ылғал өткізгіштігі
өңдеуден тәуелді болады, яғни аз ылғал өткізетін терілер иленген және жақсы
майланған терілер болып табылады;
-пісіру температурасы терінің иленгендігінен тәуелді болады. Иленген
терілердің температурасы 80°С, ашытылған немесе пикелден- ген терілердің
температурасы 40°С.
Терілердің салмағы айтарлықтай алуан түрлі және көптеген
факторлардан тәуелді: жануар түрінен, географиялық ауданынан, тері
көлемінен, түкті жабынының үлпілдігінен және тері өзеңінің қалыңдығынан.
Тері өлшемі ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Аса бағалы терілер, бұл
сорттау кезінде ескерілетін ірі терілер болып табылады. Өлшемі бойынша
терілерді өте ірі, ірі, орташа және ұсақ деп бөледі. Тері өлшемін ұзындығын
еніне көбейту арқылы немесе планиметрмен анықтайды. Бұйымға кететін
шығын тері өлшемінен тәуелді болады. Кейбір терілердің ауданы 8.3-кестеде
көрсетілген.
Мамық - үлбір жартылай фабрикатының эстетикалық қасиеті келесі
көрсеткіштермен анықталады:
түкті
жабынының
түсі,
жылтырлылығы,
жұмсақтығы,
жібектігі,
үлпілдектігі
және
құлпырмалылығы бойынша.
206
Түсі - мамық-үлбір жартылай фабрикатының маңызды көрсеткіштерінің
бірі. Үлбір табиғи түстес және боялған түсте болады. Өз түсіндегі жартылай
фабрикат аң терілері - үлбірлер қара, қоңыр, сары, ақ және сұр түсті болып
келеді. Боялған үлбірлер кейде көгілдір, қызғылт түсте болады. Үлбірдің
бағалылығы түсі бойынша сәнмен байланысты анықталады.
Үлбірдің жұмсақтыгы деп, оның сығу кезіндегі серпімділігін айтуға
болады. Түкті қабаты нәзік жұмсақ терілер қатты түкке қарағанда жоғары
бағаланады.
Кесте 8.3 - Мамық-үлбір жартылай фабрикатының терілерінің кейбір
түрлерінің ауданы.
Тері түрлері
Ауданы, см
2
Тері түрлері
Ауданы, см^
Тиін
350-400
Сібір күзені
300-600
Қасқыр
4000-6000
Ешкі, лақ
500-1100
Кәмшат
2000-3000
Таукүзені
150-300
Ақ тышқан
150-350
Қарсақ
1500-2000
Жанат
2000-3000
Мысық
350-1300
құлын
3000-5000
Су тышқаны
120-250
қоян
1200-2000
Көр тышқан
50-100
Түлкі
2000-4000
Ақ тышқан
80-150
Елтірі
400-1300
Сілеусін
2500-4500
Қара күзен
600-800
Бұлғын
500-1000
Саз құндызы
600-2000
Ит
1000-5000
Ондатра
450-700
Саршұнақ
50-300
Қой
2500-7000
Күзен
300-800
Ақ түлкі
2000-3000
Тышқан
200-350
Қоян
700-1500
Шибөрі
1500-2000
Сусар
700-1100
тышқан
100-250
Қаракөл
400-1500
Түкті жабынының үлпілдектігі мамықтың ең жақсы белгісі болып
табылады және биіктігі, қалыңдығы және серпімділігінен тәуелді бо- лады.
Мамық-үлбір терісінің құбылмалылығы. Мамық - үлбір терісі табиғи
шығатын өнім. Жартылай фабрикатта тері шикізатының түкті жабынының
қасиеті өңдеуден кейін өзгермейді. Сондықтан шикізат ретінде және
жартылай фабрикат ретінде сорттау негізіне, тіршілік
207
ету барысындағы биологиялық факторларға тәуелді түкті жабынының
негізгі сапалы белгілерін жатқызуға болады.
Түкті жабынының қалыптасуын және оның өзгергіштігіне әсер ететін
факторларға келесілер жатады: аңның тіршілік ету түрі, өмір сүру жағдайы,
өмір сүру аймағы, жыл мезгілі, жынысы, жасы және жеке ерекшеліктері.
Аңның өмір сүру жағдайынан тәуелді терілердің құбылма- лылығы.
Бағалы аңдарды төрт топқа бөлуге болады: жерде, жерастында,
жартылай суда және суда мекендейтіндер.
Жер бетінде және ағаштарға жорғалап өмір сүретін аңдардың түкті
жабыны қалың, үлпілдек және топографиялық аудандары бойынша біркелкі
емес (түлкі, тиін, бүлғын, сусар, қасқыр, мысық, сілеусін): жон арқа
бөлігіндегі түкті жабыны аса қалың және биік, тері өзеңі аса жуан және
тығыз.
Өмірінің аса көп бөлігі жер астында өтетін аңдардың түкті жа- быны
топографиялық бөлігі бойынша тегістігімен сипатталады. Көр тышқанның
түгінің шашы 1см^ 10 мыңды, жонарқасында - 12 мыңды қүрайды, түкті
жабынының биіктігі 1-1,5 мм. Бүл аңдардың түкті жабыны биіктігі бойынша
біртегіс бархатты, ал терілері түтастай қолданылады.
Терінің географиялық өзгермелілігімен байланысты көптеген түрлі
аңдардың түрлерін кряжасы бойынша жіктеу қабылданған.
Кряж - қалыңдығы, биіктігі, жібектігі, бояуы, өлшемі белгілі бір
географиялық аймақта ауланған, белгілі бір түрдегі түбітті тері үшін сипатты
сапа белгілерінің жиынтығы.
Терінің мерзімді өзгермелілігі. Аңның мекендейтін аймағындағы
мерзімдік климатты өзгеруімен байланысты терінің түкті жабынының
сапасының өзгеруі маусымдық өзгеру деп аталацы. Өзгеру алдымен түкті
жабынының түлеуі кезінде білінеді. Қысқы үйқыға кетпейтін аңдардың және
үй жануарларының түлеуі жылына екі рет болады: көктемде және күзде
(тиін, түлкі, ит). Көктемде қысқы қалың, жүмсақ, биік, түкті жабы- ны түсіп
орнына жазғы қысқы және сирек аса қылшықты түкті жабыны өсіп
шығады. Жазғы уақытта тері өзгеріп аса қанық және бос болады. Күзде,
керісінше, жазғы түскен түкті жабын орнына қыстық шығады.
Қысқы үйқыға кетететін аңдардың түлеуі жылына бір рет болады және
жаз бойы созылады (сурок, саршүнақ).
Әртүрлі аңдардың түлеуі әр түрлі болады: бірақ белгілі бір
топографиялық тізбек бойынша қатаң жүреді: белгілі бір бөліктен басталып,
белгілі бір жерден аяқталады. Түлеу жиірек түмсығынан қүрсағына дейін
болады.
Терінің экономикалылық өзгермелілігі. Аңдардың және жануарлардың
жасы өсе келе, олардың түкті жабынында және өзеңінде өзгерістер жүреді.
208
Түбітті аңдардың барлығына дерлік және үй жануарларының кейбір
бөлігінің (мысық, ит, қоян) жастауының терілері аз бағалы, себебі, олардың
алғашқы түкті жабыны өте жұмсақ, төмен, жеңіл құлайтын болғандықтан
бағалылығы аз. Қылшық шаштары жұқа, бос, және берік емес. Жасы өсе
келе бірінші түкті жабыны екіншісімен ауысып, тері өзеңі қатаяды. Белгілі
бір түрдегі аңның түкті жабынының және тері өзеңінің сапасы белгілі бір
жасқа дейін жақсарады, одан кейін үлбірі күміскеленіп қылшықтана
бастайды. Мысалы, күміс қара түлкілердің сапасы бойынша терілері 2-3
жаста болады.
Үй жануарларының (қаракөл қойы, ат), теңіз аңдарының (тюлень) жас
терілері керісінше өте бағалы деп саналады.
Терінің жеке өзгермелілігі. Бір түрдегі аңдардың түкті жабыны және тері
өлшемі ретінде айырмашылығы, жоғарыда қарастырылған факторлардан
тәуелсіз, терінің жеке өзгешелігі деп аталады. Бұл айырмашылық жиірек
түкті жабынының болуында, биіктігінде, жібектігінде және тері өлшемінде
сирек көрінеді.
Мамық үлбір жартылай фабрикатын сорттау. Мамық үлбір жартылай
фабрикатты физикалық, механикалық және химиялық қасиеттері бойынша
мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес бо- луы керек. Одан басқа
әрбір түрдегі үлбірлі терілер, түкті жабынының қалыңдығы, биіктігі,
жібектігі, бояы және жылтырлығы бойынша, тері өзеңінің қалыңдығы,
өлшемі және басқа белгілері бойынша сортта- луы тиіс. Алдымен үлбір
өңдеуде стандартты сорттау, содан соң тері өндірісінде өндірістік сорттау
жүргізіледі.
Стандартты сорттауда барлық терілерді қарастырып және тұқымы,
бояуы, сорты, ақаулары және өлшемі бойынша топтайды. Тері өндірісінің
операциясы болып табылатын өндірістік сорттауда, терілерді түк
жабынының биіктігі, қалыңдығы, жібектігі, бояуының реңі және тері
өзеңінің қалыңдығы бойынша аса ұқыпты топтау іске асырылады.
Жартылай фабрикаттарды стандартты сорттау, көптеген жартылай
фабрикаттар үшін жалпы және келесі талаптардан тұратын мемлекеттік
стандарттарға сәйкес жүргізіледі: тері өзеңі жұмсақ, таза, жақсы кептірілген,
қылшықсыз, түк қалташасын жалаңаштанғанша ойып алма- уы, барлық
бағыттары бойынша тартпа беруі тиіс; түкті жабынын шаңнан жақсы
тазалауы, оралмауы және тері өзеңімен берік байланысқан болуы тиіс.
Алынған терілер жылтыр, тегіс боялған, дақсыз, мыжылмаған,
қырқылғандарында таяқ ізі және ойылмаған болуы тиіс; тесіктері,
жыртылған және қырылған бөлігі жойылуы тиіс. Сонымен қатар әртүрлі
қойылымдар, жалғаулар негізгі тері сапасымен толық сәйкес түрде таңдап
алынуы тиіс; тігістер түкті жіппен орамай, жан жағын үзбей және берік
тігістермен тігілуі және жақсы үтіктелуі тиіс.
Жартылай фабрикаттарды көрсетілген талаптарымен сәйкес келме- се
стандартты емес деп санайды.
209
14-6313
Мамық жартылай фабриаттарды сорттау. Көптеген мамық жарттылай
фабрикаттарды стандартты сорттау кезінде тұқымы, түкті жабынының түсі,
сорты, өлшемі және ақау топтары бойынша жіктеледі.
Тұқымын сорттау кезінде боялмаған жартылай фабрикаттар үшін
тұқым саны және аталуы, тері шикізатының саны мен аталуына сәйкес
келеді. Боялған жартылай фабрикаттар үшін тұқым саны азаяды. Кейде
кряж аталуы орнына реттік нөмір қойылады; нөмір кіші болған сайын, тері
сапасы жоғары болады.
Түкті жабынын түсі бойынша сорттау, табиғи және боялған жарты- лай
фабрикаттар үшін орындалады.
Теріні сортына қарай жіктегенде (бөлгенде) түкті жабынының да-
муынан тәуелді бағаланады. Түкті жабынының даму дәрежесі тері дай-
ындау уақытына тәуелді болады (маусымдық өзгергіштігімен). Қысқы үлбір
аса қанық, биік, жібекті түкті тері өзеңінде берік ұсталып тұрады. Көктемде,
күзде түлеу кезінде дайындалған терілердің түкті жабы- ны өсу сатысында
болғандықтан сапасы төмендеу. Сапасы ең төмен терілер, бұл жазда
дайындалған терілер, бұл уақыттағы аңдардың түкті жабыны өте сирек және
қысқа.
I сортқа түкті жабыны аса қалың, биік терілер, ал II сортқа түкті
жабыны аз қалыңдықты, биік остік және түбітті шаштары дамымаған
Достарыңызбен бөлісу: |