Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата14.02.2017
өлшемі6,36 Mb.
#4115
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

257 
17-6313 

болып  келеді.  Трикотажды  іштікті  бүтін  бөлшекке  және  олардың  кейбір 
керек тұсына желімдеуге болады.
 
Арқау  жібі  қалың  іштіктер  -  көлденең  бағытта  ғана  созыла-  ды, 
серпімділігі  жоғары  болады  және  өзінің  бастапқы  қалпына  қайта  келеді. 
Мұндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді. Матаны тұрақтандыру 
үшін  іштікті  негіз  бойымен,  жұмсақ,  еркін  қынамалық  үшін  -  көлденең 
бағытта  пішіледі.  Арқау  жібі  қалың  іштіктерді  жіңішке  және  орташа 
тығыздықты маталарда қолдану керек.
 
Мөлдір  беймата  іштік  -  ең  жіңішке,  нәзік,  жіңішке  маталар  үшін 
арналған. Мұндай  іштіктер түрлі-түсті, сонымен қатар дене түстес  бо- лып 
келеді, бұл іштікті оң бетінен білінбейтін болады.
 
Маталы  іштік  -  жай  маталар  сияқты  негіз  және  көлденең  жіптерден 
тұратындықтан,  оларды  сырт  матамен  бірдей  бағытта  пішеді.  Егер  іштікті 
қиғаш пішсе, мата жұмсақ күлтеленеді.
 
Жайғақ  -  орташа  тығызды  және  тығыз  маталар  үшін  маталы  желімді 
іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материал болады. Жайғақ 
қатты, дөңес форманы жақсы сақтайды.
 
Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі. Олар түрлі 
тығыздықты,  жұмсақ  және  қатты  қырлы  болады.  Көлденең  бағытта  қатты 
созылатын желімді  беймата  іштіктер  кездеседі.  Созы-  лып  кететін  қасиетті 
олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды. Мұндай іштіктер арнайы трикотаж 
үшін арналған.
 
Жиекті  беймата  іштік  -  майда  бөлшектердің  жиектерін  қатырмалау 
үшін  -  белдіктерде,  қаттамада,  өңіржиекті  түймеліктерде  және  етек 
қиықтарды  бүгуде  қолданылады.  Іштіктегі  тесулерді  тігістермен  және 
матадағы бүгілулерде теңестіреді.
 
Іштік  беймата  материалдардың  ассортименті  әр  түрлі  және  үнемі 
кеңейіп  отырады.  10.1-кестеде  флизелинді  іштіктердің  негізгі  түрлері  мен 
оларды үтіктеу тәсілдері көрсетілген.
 
Кесте 10.1- Флизелинді іштіктердің негізгі түрлері 
Іштік түрлері
 
Қатырмалы маталар
 
Үтіктеу тәсілдері
 
1
 
2
 
3
 
Ақ,
Н  180 
қара,  ені 
60см
 
Жіңішке,  төгілмелі  мата 
лар,  мысалы  жібек,  ви- 
скоза
 
«жібек»; 
әр 
бөлімде 
қысыммен  баяу  сырғытпалы 
қозғалыспен  5-6  рет;  құрғақ 
әдіс, 8 с
 
Ақ,
Н  200 
қара,  ені 
60см
 
Жеңіл  маталар,  мысалы 
мақта,  полиэстер,  ви- 
скоза
 
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен 
баяу сырғытпалы қозғалыспен 
5-6 рет; құрғақ әдіс, 8 с
 
258 

Ақ, 
С405 
Графит,ені 90см
 
Жеңілден  жеңілдетілген 
маталарға  дейін,  мыса- 
лы  жүн,  тусса  жібегі, 
габардин, джерси
 
«Жүн/мақта»;  үтікті  қатты 
қысыммен 
кезекпен 
қою; 
ылғалды әдіс 10-12с
 
Ақ,
Н410 
графит, 
көлденең 
түрақты 
жіптермен, ені 60см
 
Жеңілден 
ауыр 
маталарға  дейін,  мыса- 
лы жүн, жібек, тусса
 
«Жүн/мақта»;  үтікті  қатты 
қысыммен 
кезекпен 
қою; 
ылғалды әдіс 10-12с
 
Ақ,  графит,  бойлық 
және 
Н415 
көлденең 
түрақты  жіптермен, 
ені 60см
 
Жеңілдетілген және ауыр 
маталар, мысалы жүн
 
«Жүн/мақта»; үтікті қатты қы-
сыммен 
кезекпен 
қою; 
ылғалды әдіс 10-12с
 
Ақ,
Ғ220 
графит, ені. 
60см
 
Жеңіл  маталар,  мысалы 
мақта
 
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен 
баяу сырғытпалы қозғалыспен 
5-6 рет; қүрғақ әдіс,8с
 
Ақ, 
Н  250 
графит, 
ені 60см
 
Жеңілден  жеңілдетілген 
маталарға  дейін,  мыса- 
лы  мақта,  тревира,  по- 
лиэстер, вискоза
 
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен 
баяу сырғытпалы қозғалыспен 
5-6 рет; қүрғақ әдіс, 8 с
 
Дене 
^Е420
түстес, 
ені. 90см
 
Наппа  терісі,  мақпалды 
және 
жасанды, 
термосезімтал 
матери- 
алдар (лакты)
 
«Жібек»; 
үтікті 
жеңіл 
қысыммен 
кезекпен 
қою; 
қүрғақ әдіс, 8-10 с
 
Ақ,
Н 630 
ені. 90см
 
Желімді  волюменфлиз, 
жеңілден  жеңілдетілген 
маталарға дейін.
 
«Жүн/мақта»;  үтікті  қатты 
қысыммен 
кезекпен 
қою; 
ылғалды әдіс 15 с
 
Ақ
, Х50 
ені. 90см
 
Кез-келген 
материал- 
дарда  тігістерді  орындау 
үшін  желімді  қүрамды 
ромб  сызығы  бойымен 
жағылған  көлемді  іштік 
материал
 
«Жібек/жүн»;  үтікті  жеңіл 
қысыммен 
кезекпен 
қою; 
қүрғақ әдіс, 10-12с
 
Флизелинді матамен берік біріктіру үшін үсынылатын температура мен 
үтіктеу  уақытын  қатаң  сақтау  керек  (кестеден  және  флизелиндегі 
таңбалауды қараңыз).
 
Егер,  таңбалауға  сәйкес  іштік  ылғалды  тәсілмен  үтіктелетін  бол-  са 
(мысалы,  флизелин  Н410  және  0405),  пішім  бөлшектерін  іштікке  ылғалды 
дәкені қолданғанда ғана желімді қабат жақсы еріп іштік біртегіс үтіктеледі. 
Сонымен  қатар,  үтіктің  «қүрғақ»  ізі  арқылы  пішім  бөліктерінің  бар  бөлімі 
өңделгенін  анықтауға  болады.  Ылғалды  әдіспен  іштікті  үтіктегенде  булы 
ылғалдатқышты үтікті қолдануға болмайды,
 
259 

біріншіден,  будың  шығуының  және  қысымның  бірқалыпты  болмауы-  нан, 
екіншіден,  мұндай  өңдеуден  кейін  пішім  бөліктері  мен  іштік  ылғал  болып 
қалады. Іштікті үтіктегенде пішім бөлшектері шамамен 10-15 мин арасында 
жайылған  түрде  сууы  керек,  себебі  кейін  үтіктегенде  кетпейтін  қыртыстар 
пайда болады.
 
10.1.7.
 
Астарлық материалдар
 
Киімде астар өте маңызды роль атқарады: 
ол 
киімнің
 
эксплуатациялық  және  эстетикалық  қасиеттерін  жақсартып,  тозудан  және 
кірлеуден сақтайды. Астар маталар салмағы бойынша жеңіл, жууға төзімді, 
үйкелуге,  терге  және  химиялық  тазалауға  бояуы  берік,  негіз  бойынша  аз 
отыратын болуы керек.
 
Астар  маталарды  көбінесе  саржалы,  сәтенді  және  атласты  айқаспамен, 
сирек жаккардты, тегіс боялған, сирек жолақ түрінде баспа суретті және ала 
маталы  болады,  ені  80-150см,  сызықтық  тығыздығы  105-180г/м
2
,  матаның 
отыруы негіз бойынша- 3,5-5%, арқау бойынша
 
-
 
1,5-2%.
 
Сыртқы  бетінің  тегістігінің  арқасында  бұл  маталар  үйкеліске  төзімді, 
бірақ  сырғанақ  болып  келеді,  сондықтан  астарды  пішкенде  төсем  кезінде 
қабат санын азайтып, арнайы қысқыштарды қолданады.
 
Астар  маталар  тозуға  төзімділігі,  салмағы  және  сыртқы  түріне  бай- 
ланысты киімде қолданылатын сырт матаға сәйкес болуы керек.
 
Астарға арналған маталар негізінен химиялық жіптерден ол: негіз және 
арқау  бойынша  сызықтық  тығыздығы  11-16,6  текс  вискозды,  негіз  және 
арқау  бойынша  сызықтық  тығыздығы  6,7  текс  капронды,  негіз  бойынша 
сызықтық  тығыздығы  13,3  текс  вискозды  және  арқау  бойынша  сызықтық 
тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықты тығыздығы 13,3-16,6 
текс вискозды және арқау бойынша сызықты тығыздығы 18,5-25 текс мақта 
иірімінен,  негізі  бойынша  сызықтық  тығыздығы  16,6  текс  вискозды  және 
арқау бойынша сызықты тығыздығы 25 текс вискозды иірім, негіз бойынша 
сызықтық тығыздық
 
13.3
 
текс  вискозды  және  арқау  бойынша  сызықтық  тығыздық  16,6  текс 
ацетатты болады.
 
Астар маталардың ассортиментін кеңейтудің перспективалы бағыты
 
-
 
олардың беттік тығыздықтарын азайту және сызықтық тығыздығы
 
13.3
 
текс аспайтын вискозды жіптерді қолдану керек.
 
Ацетатты жіпті құрамдас маталар тозуға төзімділігі аз және ұзақ киюге 
арналмаған киімдер үшін қолданылады.
 
Негіз  бойынша  сызықтық  тығыздығы  15,4  текс  және  арқау  бойын-  ша 
11,8 текс иірімнен жасалған мақталы-лавсанды маталы (мақталы 33% және 
лавсанды  67%)  талшықтар  құрамынан  дайындалатын  саржа-  лы  айқаспалы 
Уъ  астар  құрылымы  өңделеді.  Беттік  тығыздығы  -135г/м
2
.  Тәжірибелі 
эксплуатациялау  кезінде  ол  үйкеліске  төзімді:  киіс  мер-  зімі-1500  күн 
болады.
 
260 

11-БӨЛІМ 
ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ, ҮЛПЕКТІ 
МАТЕРИАЛДАР 
11.1.
 
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ 
Былғары  мен  тері  шикізатына  үй  жануарлары  мен  жабайы  аңдардың 
терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып 
табылады.
 
Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай 
түліктің  терісінен  жасалғанына  ғана  емес,  сол  түліктің  қандай  түқымның 
терісінен жасалғанына да байланысты.
 
Терінің  құрылымы.  Тері  -  жануарлар  денесінің  сыртқы  қабаты.  Ол 
организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат 
алмасу,  сыртқа  шығару,  жылу  реттеу  процессіне  қатысады.  Жануардың 
сыртынан  денесіне  қарай  санағанда  тері  түкті  немесе  жүнді  жабыннан, 
эпидермистен  (қыртыс),  дерма  (өзең)  мен  тері  асты  клеткалардан  (шел) 
түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары шығару үшін терінің өзеңі, ал тері 
және тон үшін өзеңге қоса қыртысы мен түкті жабыны пайдаланылады.
 
Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты.
 
Қыртыс ақуызды клеткалардан қүралған. Оның өзеңімен шекарасы тегіс 
емес.  Түк  қалташаларына  жақын  қыртыс  өзеңге  еніп  жатады,  ал  ол  өз 
кезеңінде қыртысқа емізікшелермен бойлап кеткен. Сондықтан да қыртысы 
сылынып  тасталған  тері  бетінде  белгілі  бір  суреттер  көрініп  түрады,  оны 
бедер (мерея) деп атайды.
 
Үлбір  жасау  үшін  терідегі  қыртысты  бүзбай  сақтау  керек.  Егер  ол 
бүзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейінірек түгі түсіп қалатын 
болады.
 
Қыртысы сақталған өзеңді тері ткані деп атайды.
 
Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретику- лин 
талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған.
 
Қарапайым  коллаген  талшықтарының  диаметрі  шамамен  5  мкм  болып 
келеді.  Осындай  көптеген  (30-300)  қарапайым  колла-  ген  талшықтары 
диаметрі шамамен 200 мкм болып келетін коллаген талшықтарының тобын 
қүрайды.
 
Ал, қарапайым коллаген талшықтарының өзі диаметрі 0,1 мкм болатын 
200-3000  фибриллалар  жиынтығынан  түрады.  Коллаген  талшықтарының 
тобы  өзең  қалыңдығына  көлбей  орналасады  да,  олардың  көлбеу  бүрышы 
және  жуандығы  жануарлардың  табиғаты  мен  терінің  қүрылымына 
байланысты болады.
 
261 

Эластин  талшықтары  топ  қүрамайды,  бірақ  тарам  -  тарам  бо-  лып 
кеткендіктен,  қалың  торлар жасайды.  Ол  торлар  көбінесе  түк  қалташалары 
мен қан тамырлары айналасында орналасады.
 
Ретикулин  талшықтары  тері  өзеңінің  барлық  көлемінде  қалың  тор-  лар 
қүрайды, әсіресе көп жиналуы өзеңнің қыртыспен астасқан жерінде болады. 
Өзең  талшықтары  арасында  талшықаралық  зат  болады.  Оның  қүрамына 
былғары  даярлау  барысында  өзеңнен  шығып  кететін  альбу-  миндер, 
глобулиндер,  мукоидтар,  муциндер,  мукополисахаридтер  және  басқа  белок 
тәріздес заттар енеді.
 
Тері  өзеңі  екі  қабаттан  түрады.  Бірі  емізікше  мен  торлы  қабаттардың 
шекарасы  түк  қалташалары  орналасқан  деңгей  арқылы  өтеді.  Ал,  шошқа, 
түйе  және  борсық  терілерінің  ерекшелігі  -  өзеңдегі  бүл  екі  қабаттың 
шекарасы  анық  білінбейді,  себебі  түк  каналдары  өзеңінің  өн  бойынан  өтіп 
жатады, терінің тік кесілген көрінісі (сурет11.1)
 
ю 

Сурет 11.1 - Терінің тік кесілген көрінісі 
1- мүйізденген қабаты; 2- өсуші қабат, 
3- дерма (өзең); 4- емізікше, біртүкті қабат; 5- торлы қабат; 6- тері асты 
клетчаткасы (шел); 
7-май қабаты; 8- коллагенді талшықтар тобы; 9- коллагенді талшықтар 
тобының көлденең (қиындысы) кесілгендегі көрінісі; 10- тері бездері; 11- 
мускулдар; 12 - түк қалташасы; 13-май бездері; 14- түк. 
262 
 

Емізікше қабат жүмсақ және ыдыраңқы болып келеді, өйткені онда тері 
мен май бездері, түк тамырлары және көптеген қан тамырлары бар.
 
Торлы қабат біркелкі шиеленіскен қуатты талшықтар тобынан қүралған, 
сондықтан ол терінің беріктігіне үлкен әсер етеді.
 
Мал  денесінің  белгілі  бір  мүшелеріне  сай  келетін  және  нақты 
қасиеттерінің  жиынтығымен  ерекшеленетін  (қалыңдығымен,  түкті  жа-  бын 
ерекшеліктерімен)  тері  учаскелері  топографиялық  бөлік  деп  ата-  лады. 
Терінің топографиялық бөлігі 11.2- суретте көрсетілген.
 
Тері  асты  шел  қабаты  борпылдақ  талшықтардан  түрады.  Талшықтар 
арасында май мен қан тамырлары көптеп орналасады.
 
Малдың түкті жабыны деп теріні жауып түрған көптеген талшықтардың 
жиынтығын айтады.
 
Түк талшықтары кератин белогінен түрады. Әр жүн талшығының тууы 
мен дамуы түк қалташалары деп аталатын арнайы үяларда жүреді.
 
 
Сурет 11.2 - Терінің топографиялық бөліктері 
а - мүйізді ірі малдың терісі; б- жылқы терісі, штрихпен белгіленген ең қалың 
тығыз жері жая - «Шпигель»; в - тиін терісі 
263 

 
Сурет 11.3 - Түк қалташығы мен жүн қалташығының үзынынан қиғандағы 
көрінісі 
А-шаш (жүн талшығы); Б - түк қалташығы; 1- кутикула немесе сырт 
қабаты; 2 - қабыршақ қабат; 3- жүрекше (ортаңғы қабат); 
4 - түк қалташыгының ішкі қабаты; 5- түк қалташыгының сыртқы қабаты; 6- 
түктің бүршігі; 7- түк тамырының ішкі жағы; 
8- түк тамырының сыртқы жағы. 
 
Сурет 11.4. Аң терісіндегі жүн талшығының түрлері 
а- сезуші; ә- бағыттаушы; б-қылшық; в- аралықтық; г-түбіт 
264 

Жүннің әр талшығы үзына бойында үш бөліктен түрады:
 
1)  қылтық  немесе  сыртқы  бөлік,  2)  түбір  немесе  қылтықтың  түк 
қалташасындағы  жалғасы  және  3)  тамыр  -  түбірдің  жіңішкерген  бөлігі.  Ал 
жүн  талшықтарының  көлденеңінен  кесіп  қараса,  шеңберлі  орналасқан  үш 
қабатты  байқауға  болады:  сырт  қабаты  немесе  кутику-  ла,  қабыршақ  қабат 
және жүрекше (сурет -11.3)
 
Жүннің толық алмасуын түлеу дейді.
 
Жүннің  әр  талшығының  формасы  оның  жуандығы  мен  үзындығына 
және қылтығының бүйра түзулігіне байланысты.
 
Қылтықтың бүйра-түзуінің 6 түрі бар: тік, иілген сынық, толқынды, ирек 
және бүйра.
 
Аң терісінде жүн талшығының бес санаты бар: бағыттаушы, қылшықты, 
аралықтық, түбіт және сезуші. Ол төмендегі 11.4 - суретте көрсетілген.
 
11.2.
 
Шикізаттың қасиеттері және алдын ала өңдеу 
Шикізаттың  былгары мен  тері  жасауға жарамдылыгын анықтайтын 
маңызды қасиеттері. Терінің сапасы, яғни оның толық бағалы былғары мен 
терінің белгілі бір түрлерін шығаруға жарамдылығы және илеу тәсілдерінің 
ерекшеліктері терінің төмендегідей қасиеттерімен анықталады.
 
Терінің  қалыңдығы  былғарының  неге  жарайтынын  және  100  шар-  шы 
метр  былғары  шығару  үшін  қанша  шикізат  кететінін  анықтайды.  Терінің 
жамбасынан  мойынына  дейін  (үзына  бойына) және  жон  арқасының  етегіне 
дейін (көлденеңінен) кішіреюін тартылуы (ширау, жиырылуы) деп атайды.
 
Терінің  ауданы  оның  пішімділік  қасиеттерін  анықтайды.  Ауданы  20  дм 
дейінгі шикізат өңдеу тиімсіз деп саналады.
 
Түкті жабынды терілерінің ауданы әр түрлі болып келеді. Тері мас- сасы 
мүйізді  ірі  қара,  жылқы  және  басқа  жануарлар  терісінен  өндірістік  партия 
жасақтағанда  үлкен  рөл  атқарады.  Қой  мен  ешкі  терісі  ауданы-  на  қарай 
партияға  сүрыпталады.  Өнім  сапасына,  сондай-ақ  терісінің  тығыздығы, 
қыртыс қабатының қалыңдығы, жүнді жабынының даму дәрежесі, тері асты 
шел  қабатының  қалыңдығы,  өзеңдегі  емізікше  мен  торлы  қабаттардың 
арақатынасы,  терінің  химиялық  қүрамы,  кемістік-  ақаулары,  түкті 
жабынның  сипаты  да  әсер  етеді.  Шикізат  сапасына  төмендегідей  бірнеше 
фактор әсер етеді.
 
Жануарлардың  пайда  болуы  мен  өмір  жагдайлары.  Пайда  болу 
факторларына  түр,  түқым,  жыныс  пен  жануардың  жасы  жатады,  өмір 
жағдайына климат, күту мен азықтандыру кіреді.
 
Аң терісінің кейбір түрлері (тиін, түлкі терісі) үлысына қарай жіктеледі. 
Яғни,  аң  терісі  қай  өлкеде  өндірілгені  есепке  алынады.  Оны  «кряж»  деп 
атайды.
 
265 

Сою  уақыты  мен  тәсілдері.  Күзде  және  ерте  қыста  сойылған  малдың 
терісі  қүнды  деп  есептеледі.  Алу  тегіне  қарай  тері  сойылған және  атылған 
деп ажыратылады.
 
Теріні  сыпыру  (іреу)  жылдам  жүргені  дүрыс.  Сыпыру  кезінде  теріге, 
майға,  пышақ  тимеуге  тиіс,  оны  теспей  алу  керек.  Былғары  шикізатын 
сыпыру  жалпағынан  (ақ  жолақ  бойымен  тілу,  яғни  төстің,  қарынның  және 
шеткі  мүшелердің  ортасын  ала)  және  бүйірден  тілу  әдісімен  жүзеге 
асырылады.
 
Ықшамдау  және  майсыздандыру.  Теріні  сыпырғаннан  кейін  оны 
ықшамдау  үшін  жабысқан  жүннен,  қоқыстан,  ет,  май  кесінділерінен, 
шеміршек  қалдығынан,  сүйектен,  жыныс  сіңірлерінен  түяқтан  та-  зартады. 
Аң  терілерін  майсыздандырудың  маңызы  зор,  себебі  теріні  сақтаған  кезде 
сапасын  нашарлатып  жіберуі  мүмкін.  Үлбір  терілерін  майсыздандыру 
механикалық  жолмен  немесе  химиялық  ерітінділер  қолдану  арқылы  іске 
асырылады.  Кейінгі  жағдайда  әлсіз  сілті  ерітіндісі,  жуғыш  заттар, 
эмульгаторлар, техникалық ерітікіштер қолданылады.
 
Шикізатты  консервілеу.  Малдың  жаңа  ғана  сыпырылған  терісін  «жас 
тері»  деп  атайды.  Малды  сойған  сәттен  бастап  жас  тері  бактериялық  және 
ферментативтік  процестердің  әсерінен  өзгеріске  үшырай  бастайды.  Бүлар 
беткі  қабатының  сілекейленуі,  «бахтарма»  түсінің  өзгеруі,  сасыған  иіс, 
жүннің түсуі, т.б. белгілері арқылы білінеді. Теріні консервілеудің мақсаты - 
бактериалар дамуының алдын алу. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. 
Консервілеу  түрлері:  мүздату,  қүрғату,  ылғалды  түздау,  түздай  қүрғату, 
сәулелендіру.
 
Былғарыны өндіру үрдістері 11.5-суретте көрсетілген.
 
Былғары және тері шикізатының сапасын бағалау және сұрыптау. 
Шикізат стандарты. Былғары мен тері өндірісінде шикізатты қабылдау 
және  оны  сорттау  мемлекеттік  стандарт  (МЕСТ)  негізінде  жүргізіледі. 
Мемлекеттік стандартта тері шикізатын даярлау, оны былғары зауыттарына 
өткізу,  шикізаттың  топтастырылуы,  оның  сапа-  сы  мен  сыртқы  түріне 
қойылатын  талаптар,  қабылдау  ережелері  мен  шарттары,  салмағы,  ауданы 
және сүрыпталуы белгіленеді.
 
Қой, ешкі және шошқа терілерін ауданы бойынша, одан басқа терілердің 
салмағы  бойынша  қабылдайды.  Былғары  өндірісінің  шикізаты  төрт  топқа 
бөлінеді:
 
1-
 
ші 
топқа  бүзау  терісі  (салмағына  қарай),  қүлын  терісі  5  кг-ға 
дейін,  қой  мен  ешкі  терілері  ауданы  30-70  дм
2
  аралығындағы  және  шошқа 
терісі;
 
2-
 
ші 
топқа отқа  ілінген  бүзау,  бота,  тайлақ,  ат  есек  (салмағы  10 
кг дейін), шошқа терісі (ауданы 70-120дм^), шошқа бөксесі (ауданы 30-50
 
дм^);
 
266 

3-
 
ші 
топқа  мүйізді  ірі  қараның  терісі,  ат,  түйе,  есек,  бұғы,  буй- 
вол, қодас (салмағы 10-17 кг), жылқының сауыр және қол терісі, түйе терісі, 
шошқа терісі (120-200 дм
2
), шошқа бөксесі (ауданы 50 дм
2
 артық);
 
4-
 
ші 
топқа мүйізді ірі қараның, ат түйе, есек, буйвол, бұғы, қодас 
(салмағы  17  кг  жоғары),  шошқа  терісі  (ауданы  200  дм^  жоғары)  жа-  тады. 
Сапасына байланысты шикізат  4 сортқа бөлінеді (I, II, III, IV). Шикізаттың 
сорты  кемістік-ақаулардың  болуына  және  олардың  қай  жерде  орналасуына 
байланысты.
 
Стандартта және де шикізаттың сыртқы түрі, сапасы, өндірістік партияға 
жасақталуы,  салмағының  кемуін  (усол)  анықтау,  ауданы  консервілеу  әдісі, 
бактериялық күйі, қалыңдығы, қой терісіндегі май ескеріледі.
 
Тері  өндірісінің  шикізаттарын  әр  түріне  немесе  түрлер  тобына  жасаған 
стандарттар  бойынша  сорттайды.  Тері  өндірісі  шикізатына  арналған 
стандарт  мынадай бөлімдерден тұрады:  «Анықталуы», «Топ-  тастырылуы», 
«Техникалық шарттары», «Стандартты емес терілер», «Маркілеу және буып-
түю».
 
Көлеміне  қарай  түкті  жабынды  терілер  үлкен,  орташа,  және  кіші  деп 
бөлінеді.  Қыста  ұсталған  аң  терілерінің  жүні  қалың,  өсік,  және  са-  палы 
болғандықтан,  олар  көбінесе  I  сортқа,  ал  күздің  аяғында  немесе  қыстың 
басында  ұстаған  аң  терілері  негізінен  II  сортқа  бағаланады.  Жүні  біркелкі 
емес, сирек және қысқа жүнді аң терілерін сорттамай- ды, оларды стандартқа 
жатпайды деп бөледі. Ондатр және ақ түлкі терілерін III сортқа бөлгенде, I 
сорттағы  терілердің  бағасы  100  %,  II  сорт  75-80  %  және  III  сортты  50% 
есептеледі.
 
Ал,  жылдың  қай  мезгілінде  болса  да  алына  беретін  барыс,  қасқыр, 
қабылан, аю, сілеусін, шибөрі терілерінің I сорты 100%, II сорты 75% және 
III сорты 50 %, IV сорты 25 % бағаланады. Кейбір аса  бағалы аң терілерін 
(кәмшат, бұлғын) екі сортқа ғана бөледі: I сортты терілердің бағасы 100%, II 
сортты 80 % есептеледі.
 
Аң  терілерін  сорттан  басқа,  олардың  жүнінің  және  тері  тканінің  са- 
пасына байланысты былайша бөледі: ақуызсыз, ақуызы аз, орташа, көп және 
сапасыз (стандартқа жатпайтын терілер). Стандартта шикізаттың әр түрінің 
ақаулық нормасы бар. Ақауы бар терілердің бағасы төменде көрсетілгендей 
кемиді:  ақауы  аз  10  %,  орташасы  25%  және  ақауы  көп  терінің  құны  50% 
кемиді, сапасыз терілердің құны ақауы жоқ тері бағасының 25% аспайды.
 
Шикізат  ақаулары  мен  сапалылыгын  бағалау.  Шикізат  ақаулары  деп 
оның  бағасын  түсіретін  кемістіктерді  айтады.  Бұл  кемістіктердің  неден 
болғанын анықтап, оны болдырмау жолдарын білгеннің үлкен маңызы бар. 
Шикізаттың барлық түрінде кездесетін жалпы ақаулар
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет