267
Сурет 11.5 - Былғарыны өндіру үрдістері
және кейбір шикізат түрлерінде ғана болатын өзіндік ақаулар болуы мүмкін.
Шикізат ақаулары жануардың немесе аңның тірі күнгі және өлгеннен кейінгі
деп ажыратылады. Былғарылық шикізаттың сапасын төмендететін
ақаулардың 60 % тірі күнгі ақаулар болып табылады.
Үлбір шикізатының сапасын төмендететін ақаулардың көбі аң өлгеннен
кейінгі ақаулар болып табылады. Ал, теңіз жануарларының және жүні
бағалы аңдардың өлгеннен кейінгі ақаулары терінің бағасын кемітіп, оны
бастапқы нарқының 70-80 % түсіреді.
268
Мал немесе терілерінің тірі күнгі тері ақаулары. Мүндай ақаулар малға
жөнді күтім болмағандықтан және ластанудан, сондай-ақ сыртқы күш
әсерінен механикалық жарақаттанудан болады. Көбінесе кездесетін ақаулар:
тесік, тыртық, мойын терісінің қатюы, жара, жау- ыр, таңбалар.
Терідегі бөгелек шағудан болатын тесіктер диаметрі 1-5 мм аралығында
болады. Бүл ақаулар мүйізді ірі мал және бүғы терілерінде кездеседі. Бүл
ақау - терінің көп тараған ақауларының бірі. Бөгелек личинкаларының қүрты
теріні жеп, тесіп тастайды. Одан пайда болған тесіктер өзі шикізатта
білінбей түрғанымен, дайын былғары жасаған кезде терінің бетінде анық
көрінеді, себебі коллаген талшықтарының бағыты бүзылады. Терідегі
формасыз бедер мал шешек (оспа) ауруымен ауырғаннан кейін пайда
болады. Ол терінің табиғи өрнегінің бүзылуына әкеп соғады. Қыртыстар
мойын терісінің қалыңдап кетуінен болады, бүл - бүқа, өгіз және өгізшелерге
тән нәрсе. Мойын қыртыстары жас бүзауларда онша терең болмайды,
оларды сүт сызықтары деп атайды. Қыртыстар аяқ киімнің үстіңгі жағына
арналған былғары сапасын кемітіп, шикізаттан пайдалы шығынды
төмендетеді.
Сондай-ақ, малдың тірі күнгі тері ақауларына әр түрлі жаралар,
жауырлар, қамшы қатты тиген немесе қамыт қажыған іздер, теміреткі
шыққан орындар және басқа жара іздері жатады.
Тірі кезіндегі аңның жүнді жабынының ақауларына:
жүн
талшықтарының түсуінің өзгеруі, жүннің үйпаланып қалуы, жүн
талшықтарының кенеттен жіңішкеруі, күн сәулелерінің әсерінен кейбір
аңдарда жүн үшының оралып қалуы (түлкі, қүндыз), қылшық жүндерінің
нашар дамуы жатады.
Аң алынғаннан кейінгі тері ақаулары аңдарды қолға түсіру, терісін
сыпыру және консервілеу кезінде, сондай-ақ оларды сақтау, артып тиеу
кезінде пайда болады.
Мал терісін бөлу кезіндегі ақаулар. Теріні малдың денесінен абай- лап,
еппен бөлу керек. Әйтпесе, тері аумағының аз шығуы, оған еттің, майдың
кетіп қалуы, терінің жыртылуы, кей бөлшектерінің кесіліп қалуы, сыпырған
теріде сүйектің кетіп қалуы сияқты ақаулар терінің сапасын 20 %
төмендетеді.
Консервілеу, сақтау және буып - түйіп, арту кезіндегі ақауларға қызарып
кету, түзды таңбалар, майысып сынуы, қыртыстануы, мүйізденуі, қатаюы,
көгеруі, шытынауы, іріп-шіруі, түйінденуі, күйе түсуі жатады.
Қызару - терінің бахтарма жағының түсінің қызғылтқа өзгеруі, ол
ылғалдап түздалған шикізатты сақтау кезінде пайда болуы мүмкін. Қызару
микробтардың әсерінен де болады, оның нәтижесінде теріде әр түрлі
мөлшерлі таңбалар пайда болып, олардың түсі қызғылттан қоңыр-
қошқылға, кейде қызыл -күлгін түске дейін өзгереді. Қызарумен бірге
кілегейлену және аммиактың бөлініп шығуы қатар жүреді. Қызарудың
269
пайда болуы температураның 22-23°С көтерілуінен, ауаның салы- стырмалы
ылғалдылығының 55-90 % жетуінен болады. Қызаруының нәтижесінде
терінің беткі қабаты босап тұманданып кетеді. Мұндай шикізаттан
дайындалған былғары берік емес, сапасыз, бос майысқақ болады. Тұз
таңбалары ылғалдай тұздалған теріде, майда, қаттылау формасыз, диаметрі
5 мм дейін түсі қоңыр дүмпілер түрінде пайда болады. Тұз таңбалары бар
жеріндегі өзеңнің сапасы мен құрылымы өзгереді. Бұл таңбалардың пайда
болуы: микробтар түсуінен; автолиз нәтижесінен; консервілеу кезінде
қолданылатын химиялық қосылыстар әсерінен, натрий хлориді мен
антисептиктерден; белоктар ыдырау нәтижесінде шикізаттың физикалық-
химиялық өзгеріске түсуінен (бұл өзгерістер консервілеуге дейін пайда
болады да, сақтау кезінде білінеді) деп есептеледі.
Шикізаттағы тұз таңбаларын ажырату онша мүмкін болмағанымен, шикі
жарғақта олар қоңыр және жасыл түсті болып анық көрінеді де, бахтарма
жағында дөңгелек жасыл таңбалар түрінде кездеседі. Тұз таңбалары бар тері
бояуды нашар қабылдайды, сондықтан кейінгі өтетін әрлеу процестері
қиынға түседі. 11.6- суретте былғарыны илеуге арналған барабандар
көрсетілген.
11.3.
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ
СИПАТТАМАЛАРЫ
Былғары
шикізатының
топтастырылуы.
Былғары
шығаруға
қолданылатын терілер майда, ірі және шошқа шикізаттары болып топ-
тастырылады.
Ұсақ шикізатқа ірі қара төлінің терісі (өлі туған бұзау, торпақ, бота,
құлын, жабағы), қой терісі (жүнді жабынының жайына қарай жүнді,
жартылай жүнді, жүнсіз болып бөлінеді), ешкі терісі (тау, дала, үй ешкісі)
жатады.
Ірі шикізатқа мүйізді ірі қара терісі (бұғыны қоса), түйе, есек, жылқы
(ол, сауыр терілері) және басқа жануарлар терісі жатады. Шошқа
шикізатына шошқа терісі жатады.
Мүйізді ірі қара малдың терісі шикізаттың майда және ірі топта- рына
кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа, көкке,
шөпке ілінген бұзау терілері.
Өлі туған бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, терісі үлбір
жасауға жарамайды. Терісінің ауданы - 40-50 дм^, құйымшақ тұсындағы
терінің қалыңдығы - 1,2-1,4 мм, қыртыс қабаты қалыңдау, галантереялық
былғары жасауға қолданылады. 11.7- суретте табиғи былғары көрсетілген.
Еметін бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, жынысына қарай
бөлінбейді. Бұзауларды сою көктем мен жаздың басында жүреді, терілері
тұздай құрғату арқылы консервіленеді.
270
Сурет 11.6 -Былғарыны илеуге арналған барабандар
Тері ауданы - 40- 90 дм
2
, қалыңдығы - 1,3-2,5 мм. Бір ерекшелігі - ірі
малға қарағанда, терінің емізікше қабаты қалыңдау. Бүзау терісінен аяқ
киімнің жоғарғы бетіне былғары дайындайды.
Ірі малдыкше қарағанда жүні әлі қатаймағандықтаң, иленген былғары
бетіндегі табиғи бедері өте әдемі, майда болып келеді. Шикізат күйімен
салыстырғанда жарғақ пен дайын былғарыда сорттылық біраз төмендеу
болады, себебі бүзау терісіндегі кейбір ақауларды (түз дақтарын, сүт
қыртыстарьш, шандарлы терілерді) байқау қиынға түседі
Жоғарғы сортты желатин алу үшін бүзаудың бас терісі аса бағалы
шикізат болып табылады.
271
Сурет 11.7 - Табиғи былғары
Мүйізді ірі қараның майда шикізатының келесі түрі - отқа ілінген
бүзаудың терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10 кг дейін, аяқ киімнің
жоғарғы бет былғарысын жасау үшін қолданылады. Белгілері: болашақ
мүйіздің орны дүмпиіп біліне бастайды, терісі қалыңдау, бірақ біркелкі емес,
мойнында сүт қыртыстары біліне бастаған. Ауданы - 60-150 дм^, қалыңдығы
- 1,5-3 мм. Өңделген былғары бетіндегі табиғи өрнек сүт емген бүзаудікіне
қарағанда онша майда және әдемі емес, ірілеу. Бүзауларды сою күзде
басталады, қысқа таман ылғалды түздау арқылы консервілейді. Көркемдік
суреттерді бастыру арқылы алынған табиғи былғары 11.8 -суретте
көрсетілген.
Мүйізді ірі қараның ірі шикізаты
Тана терісі. Жаңа сойылған кездегі салмағы 10- 13 кг дейін. Жақсы
күтімде болған малдың 5-7 айлығында, ал кәдімгі жағдайда бағылған
малдың 1-1,5 жасында терісі осындай салмаққа жетеді. Ауданы - 120- 250
дм^, қалыңдығы 2,5-3 мм, кейде 4 мм дейін болады.
Тананы жазғытүрым немесе қыста сояды, терісін ылғалды түздау
арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес, аяқ киімнің
жоғарғы бетіне арналған былғары жасауға, юфть былғарысына
пайдаланылады.
272
Сурет 11.8 - Көркемдік суреттерді бастыру арқылы алынған
табиғи былғары
Өгізше терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы - 13-17 кг
аралығында, ауданы - 200-270 дм
2
, сауыр терісінің қалыңдығы - 3-4 мм.
Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде де, былғарыда да анық
байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары,
ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады.
Тайынша терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары.
Салмағына байланысты сиыр терісі жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25кг
жоғары) болып екіге бөлінеді.
Сауыр терісінің қалыңдығы - 3,5-5 мм, қол терісініңкі - 2-2,5 мм, ауданы
- 300-570 дм^, тұрқы 1,75-2,2 м аралығында болады.
Тері құрылымы біркелкілеу, аяқ киімнің жоғарғы жағы үшін былғары
дайындауда юфть, ұлтан, ұлтарақ, ер-тұрмандық, техникалык және
иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады.
Бұқа терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары.
Салмағына қарай бұқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп
бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг дейін жетеді немесе одан да асып
кетеді. Ауданы - 550-600 дм^, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауыр терісінің
қалыңдығы - 4,0-4,5 мм, мойын терісінің
273
18-6313
қалыңдығы - 4-6 мм және одан да жоғары. Терісінен үлтандық, илен- беген
қайыс, техникалық былғары дайындалады, ал жеңіл теріден үлтарақтық
былғары шығарылады.
Сиыр терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13кг жоғары.
Салмағына байланысты сиыр терісін жеңіл (13-17кг) орташа (17-25 кг) және
ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Ауданы - 200-450 дм^, қалыңдығы: жеңіл
салмақтысыныкі - 2,5-4 мм, орташасынікі - 3-4,5 мм, ауырынікі
-
3,5-5 мм.
Терісі біршама тегістеу, бірақ көп бүзаулаған сиырдың терісінің қарын
жағы созылған, біраз ақаулы болып келеді. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы
бетіне арналған былғары және юфть шығаруда қолданылады, бағалы аяқ
киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары шығаруға іске асатын тілінді
(спилок) алынады.
Одан басқа сиыр терісінен үлтан, үлтарақтық, ертүрмандық, техникалық
және иленбеген қайыс шығарылады.
Жылқы терісі. Оның негізгі ерекшелігі алдыңғы қол жағы мен сау- ыр
терісінің қүрылымы және қасиетінің айырмашылығында.
Қол терісі мен сауыр терісінің шекара түсы жонарқаға қарама- қайшы, ат
басынан есептегенде түрқының үзындығынан (һ) аралығында болады.
Қол терісі бостау, оның үстіне жонарқасы жалға дейін қатты, тығыздау
сызаттары бар, ол пішімдеуге ыңғайсыздық тудырады. Жылқының артқы
сауыр терісін хазы деп, ал жаясын шпигель деп атай- ды.
Терінің жаясы өте тығыз келеді және үйкеліске төзімді, мықты, берік, су
және ауа өткізбейді. Жылқы терісін ылғалдап түздау арқылы консервілейді,
кейде кептіреді. Жылқы терілері майда және ірі болып бөлінеді.
Ірі жылқы терілері. Салмағы 10 кг жоғары жылқы терілері ірі шикізатқа
жатады. Терілер салмағына қарай жеңіл (10-17 кг) және ауыр (17кг жоғары)
болып бөлінеді. Терінің ауданы 400 дм^ дейін жетеді. Қол терісінің
қалыңдығы 1,5-3 мм болса, сауыр терісінікі - 2-4 мм. Жармдылығы әр түрлі
болғандықтан, шикізат кезінде жылқы терісін қол және сауыр терісі деп екі
бөлікке бөліп, әр түрлі парияларға сүрыптайды.
Жылқының қол терісі - терінің бөлінген кездегі алдыңғы жағы.
Салмағына қарай жеңіл (12 кг дейін) және ауыр (12 кг жоғары) болып
бөлінеді. Қол терісінің ауданы - 160-250 дм^, сауыр терісімен түйіскен
жеріндегі қалыңдығы - 2,5-3,3 мм, ауыр салмақтысының ауданы -170- 300
дм^, шекарадағы қалыңдығы - 3-4 мм.
Қол терісінен аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғары дай-
ындайды.
Сауыры қол жағынан бөлінген жылқының терісі салмағына қарай жеңіл
(5 кг дейін) және ауыр (5 кг жоғары) болып бөлінеді. Жеңіл сау-
274
ыр терісінің ауданы - 60 дм
2
, ең қалың түсы - 3-3,5 мм, ауыр салмақты сауыр
терісінің ауданы - 90 дм^, ең қалыңдығы - 3,5мм.
Қазіргі кездегі сауыр терісінен үлтан және үлтарақ жасайды.
Майда жылқы терісі. Терінің бүл түрінің алғашқысы - үлбір жасауға
жарамайтын, өлі туған немесе іш тастаған қүлын терісі. Ауданы - 30-60 дм,2
салмағы -1-2 кг. Мүндай қүлын терісінен галантереялық бүйымдар
жасалады. Келесі түрі - сүт еметін неме- се отқа ілінген қүлын терісі,
салмағы 5 кг дейін, ал ауданы 60-130 дм^ болып келеді. Өзең қабаты
қалыңдау, тығыздау. Сүт еметін қүлын терісі бағалы үлбірлік шикізат, жүні
жақсы дамыған, онша өсік емес, жылтыраған тегіс болады. Үлбір жасауға
жарамсыз қүлын терісінен қолғаптық және аяқ киімнің жоғарғы жағына
арналған былғары жа- салады. Ал, тай терісінің салмағы 5-10 кг дейін,
ауданы 120-200 дм^, сауыр терісінің қалыңдығы 2-2,65 мм, алдыңғы
жағынікі 1,65-2 мм болады. Одан аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған
былғары дай- ындайды.
Қой терісі. Майда шикізаттың ішіндегі ең негізгісі қой терісі бо- лып
табылады. Соның ішінде, біздің елімізде қой түқымы бірнеше ондаған түрге
бөлінеді: негізінен етті, етті-жүнді және қаракөл түрлері өсіріледі. Былғары
жасауға жүннің сапасы үлбір өндірісі мен тон жасауға жарамайтын қой
терілері алынады. Олардың сапасы қойдың түқымына, жасына, сою
уақытына және басқа жағдайларға байланы- сты болады. Қой терісі нәзік,
жүқа қыртыс қабатымен ерекшеленеді, ол тері қалыңдығының 1,8-2,5% ғана
болады. Тері бетіндегі табиғи бедер өрнегі біркелкі, майда, әдемі тегіс
болып келеді. Тері өзеңі емізікше және торлы қабатқа айқын бөлінген, және
емізікше қабат торлы қабатқа қарағанда қалыңдау. Қылшық жүнді қой
терісінің түгі өте төмен тереңдеп орналасқандықтан, емізікше қабаты қалың
(70-80%), ал бия- зы жүнді қой терісіндегі емізікше қабат, керісінше, онша
қалың бол- майды. Емізікше қабатта май, тері бездері көптеп
орналасқандықтан, ол бостау, кеуек қуыстары молырақ болады. Жас малдың
терісіндегі өзеңнің емізікше қабаты қалыңдау болады. Торлы қабаты нәзік,
онша тығыз орналаспаған коллагенді талшықтар тобынан түрады.
Талшықтар өрілімі көлденең және майдың шамасы едәуір мол
болғандықтан, бүл қабат осалдау болады. Май көбінесе емізікше қабат пен
торлы қабат шекарасына орналасқан. Майсыздандыру кезінде емізікше және
тор- лы қабаттың шекарадағы байланысы азая түседі. Осы айтылған жай-
лар қой терісінен жасалған былғарының онша берік емес, созылмалы, бостау
болып келуінің негізгі себептерін қүрайды және су өткізгіштік қасиеттерін
арттырады. Қой терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары аяқ
киімдік «шеврет», киімдік және галантереялык былғары дайындалады.
Сапасы төмен қой терісінен астарлық және галантереялық былғары
дайындалады. Жүні сапалы қой терілері үлбір
275
мен тон өндірісі үшін қолданылады. Табиғи былғароы бейнесі 11.9-су- ретте
көрсетілген.
Ешкі терісі. Ешкі терісі - өте қ¥нды шикізат, одан сафиян, шегірен
сияқты сапалы былғары бүйымдар жасайды. Әсіресе, жас ешкінің терісі,
былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады. Одан әйелдер және
ерлер жеңіл аяқ киіміне арналған өте әсем былғары «шевро» дайындайды.
Ешкі терісінің қыртыс қабаты, тері қалыңдығының 2-3% қүрайды. Қыртыс
пен өзеңнің шекарасы тегістеу болып келеді. Емізікше қабаты кейде торлы
қабаттан қалыңдау, себебі түк қалташалары тереңдеп өзеңге еніп жатады.
Май бездері ешкі терісінде қой терісіне қарағанда азырақ, осының әсерінен
емізікше қабатында бос қуыстар көп болмайды, ал торлы қабаты берік,
мықты болады. Өзеңді қүрайтын талшықтар тобы берік және жуандау, олар
бір-бірімен ілінісе және көлбей орналасқандықтан, былғары берік, әрі
жүмсақ болады. Қой терісі сияқты, ешкі терісінің сапасына малдың жасы,
түқымы, сою уақыты және басқада себептер әсер етеді.
Сурет 11.9 - Үстіңгі беті кесілген табиғи былғары
276
Ешкі терісін ылғалдап тұздау және кептіру арқылы сақтайды, сондай-ақ
ешкі терісі майда шикізатқа жатады. Сүтті тұқымды ешкінің терісі қысқалау,
селдір, бірақ өзеңі тығыз болады. Жүнді және түбітті ешкі түқымы терісінің
ерекшелігі, сүтті тұқымды ешкіге қарағанда, өзеңі онша тығыз емес, жүні
қалың болады. 11.10-Суретте беті тегіс, жылтыр табиғи былғарысы
көрсетілген.
Сурет 11.10 -Беті тегіс, жылтыр табиғи былғарысы
Түйе терісі. Түйе терісінің қүрылымы бостау болып келеді.
Ерекшеліктері - мойын терісінің қалыңдығы біркелкі емес, түк қалташалары
өзеңге тереңдей орналасқан, өркештің орны дүмпиіп түрады. Түйенің көп
жатқан жағының терісі бүдырланып кетеді. Терінің ауданы үлкен, салмағы
ауыр болады. Теріні сыпыру түйенің арқасынан басталып өркеші арқылы
аяқталады.
Түйе терісін түздай кептіру арқылы консервілейді. Жасына қарай түйе
терісі бота және түйе терісі болып екі түрге бөлінеді.
Салмағы 10 кг дейін болады. Түйе терісі салмағына қарай жеңіл (10-17
кг), орташа (17-25 кг) және ауыр салмақты (25 кг жоғары) бо-
277
лып бөлінеді. Бота және жеңіл түйе терісі үлтарақ, юфть жасау үшін
қолданылады. Ауыр салмақты түйе терісінен иленбеген шикі қайыс
(сыромять) және үлтан дайындайды.
Мойын терісінен галантереялық былғары, ал өркешінен өкшеге
қаптайтын былғары алынады.
Шошқа терісі. Шошқа терісі басқа төрт түлік малдың терісінен
өзгешелеу. Шошқа қылы (түгі) нашар дамыған, қыртысы қалың, ол өзең
қалыңдығының 2-5% қүрайды.
Шошқа терісінің сортын анықтау біршама қиынға түседі, себебі терінің
бетіндегі ақаулы-кемістікті айыру қиындау. Шошқа түгі сирек- теу және ірі
болғандықтан, түк пен қыртысты алып тастағанда, өзеңнің беті тегіс емес,
сондықтан былғарының бедеріде сүлу емес, нашарлау бүдырлы көрінеді.
Бірақ, тері берік, үйкеліске төзімді бүл қасиет былғарыда да сақталады.
Шошқа терісіндегі май мен тер бездері, бүлшық еттері түкті тік түрғызып
түрады және ол тері қалыңдығының өн бойын тесіп өтеді де, түк
қалташалары өзеңнің төменгі қабатына орналасады. Сондықтан шошқа
терісінің өзеңін торлы және емізікше қабатқа бөлмейді. Дайын былғарының
бетінде түк орны өзеңде көптеген тесік түтікшелер түрінде қалады да, оның
су өткізгіштігіне әсер етеді, табиғи бүл ақауды жөндеу үшін тері арнайы
өңдеуді қажет етеді. Эластинді талшықтар терінің өн бойында орналасқан
және тері асты май қабаты жақсы дамыған.
Шошқа терісі ауданына байланысты майда (30-70 дм^), орташа (70- 120
дм^), ірі (120-дм2 артық) болып бөлінеді. Шошқаның бөксе терісі ауданы
бойынша шағын (30-50 дм^) және ірі (50 дм^ жоғары) болып бөлінеді. Олар
аяқ киімнің жоғарғы жағына былғары жасауға, юфть әзірлеуге, ер-түрман
былғарысын дайындауға, үлтан мен үлтарақ және иленбеген қайыс алу үшін
қолданылады.
Шошқа мегежіні терісінің ауданы 80 дм^ жоғары болады.
Теңіз жануарларының терілері. Теңіз жануарларының ішінен теңіз
мысығының терісі сапасы жағынан ерекше орын алады. Қылшық жүні
теріліп, түбіт жүні қара түске боялған немесе қылшық жүнін тер- мей,
табиғи, боямаған түрінде әйелдер пальтосы үшін, жакет, жаға, бас киімдер
және басқа да бүйымдар жасауға қолданылады.
Түкті жабынды тюлень терілері жас шамасына қарай ерлер бас киімі мен
күртелері үшін қолданылады.
Тюлень терілері былғары өндірісінде, сондай-ақ үлбір өндірістерін- де
қолданылады.
Олардың қүрылымының жалпы, белгілері эпидермисінің мүйізді
қабатының жақсы дамуы, тері өзеңінің емізікше мен торлы қабатының үзіліп
бөлінуі остік шаштарының тамырының тереңдеп орналасуынан емізікшесі
торлыдан қалыңырақ. Тері өзеңі үшін майлы қабаттарының мөлшері тән
сипатты. Тюлендердің әр түрлерінен жиі кездесетіні греландық,
беломорлық, каспийлік, нерпа, лахтах, теңіз қояны. Тю-
278
лень түріне тәуелді терілер өзара айтарлықтай ажыратылады. Соны- мен
бірге, бір түрде және әр түрлі жастағы терілердің қолданылуы әр түрлі.
Морж терілері. Морж жарғақ аяқтылар отрядының ірі аңдарының бірі.
Терілерінің ауданы 600 дм^, ал салмағы 200 кг жетеді (орта- ша салмағы 70-
80кг ) үлкен аңдар 150-200 кг май береді. Терілерінің қалыңдығы 30-50 мм.
Үсті сирек жүнмен жабылған, терең әжімдерімен қатпарлары бар, тері үлкен
босаңдығымен ерекшеленеді. Морж терілері техникалық былғарыға (аралық
поршень, муфт) шыныштарды қайта өндіріледі. Олар өте қалың, дөрекі,
босаңдау және тегіс емес бетімен ерекшеленеді.
Морж терілерінің сипатты ақаулары атудан, шіруден, кесуден, қүрт
жегеннен туындайды.
Рептилий терілері. Бүл терілер - қолтырауын, бақа және жылан
-
галантереялық былғарыларды шығаруда өндіріледі. Қолтырауының
терісінің қүрылымы - қалың көп қабатты эпидермистен, ал бақа мен жылан
терілерінің мүйіздік қабаты жүйелі өзгеріп отырады. Өзеңі бір бірімен
талшықты көпіршелермен байланысып, горизонталь бағытта коллаген
талшықтарының шоғырымен айқасатын пласталармен түзілген. Терілерді
сорттауда үзындығы бойынша үсақ, орташа, және ірі деп бөледі.
Қолтырауын терілері Үндістанда, әсіресе, Калькутта, Бразилияда және
Оңтүстік Индия төңірінде, жылына 300 мың дана дайындалады. Қолтырауын
терілерінен жасалған табиғи былғарылар 11.11-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |