Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет51/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142
сұранысты қабылдаудан басталады.
2) Сұраныстың қабылдануы немесе түсіндірілуі үшін 
басқарушының басқару әрекетін ұйымдастыру
негізінде жетуді кӛздейтін түпкілікті нәтиже 
белгіленеді;
3) Одан соң, болашақ әрекеттің ең қарапайым және 
міндетті 
талабы–іс–әрекеттің 
мақсаты 
анықталады;
4) Іс–әрекет 
мақсаты басқарушы айқындаған 
жобалау ұстанымдарына негізделеді; 
5) Одан соң, берілген әрекет үлгісінен–күтілетін 
нәтижесіне жеткенге дейінгі барлық жолдары
анықталады, ол кезеңдерге жүйелі түрде бӛлініп, 
кӛрсетілген әрекеттің талабы жоспар болып 
табылады. 
6) Одан соң, барлық ұйымдастырушылық қызметтер 
мен 
оны 
орындауға 
қажетті 
құралдар 
анықталады; 
7) Жобаның орындалу мерзімі, аралық кезеңдер мен 
әр 
кезеңде 
алынатын 
аралық 
ӛнімдерін 
нақтыланады; 


145 
8) Әрбір кезеңнің технологиялық сипаттамасы 
жасалады, оған қажетті ресурстар анықталады.
9) Жоба жүзеге асырылған соң нәтижесі бағаланады, 
ол алынған нәтиженің күтілетін нәтижеге 
сәйкестігімен ӛлшенеді.
Осылайша, жобалау әрекеті жаңа педагогикалық 
жүйелер құруға немесе оның компоненттерін жетілдіру 
арқылы жүйенің жаңа сапаға ӛтуіне мүмкіндік береді. Бұл 
жағдайларда, жобалау объектісі болып тұтас жүйенің ӛзі 
немесе оның бӛлек компоненттері (қызметтік, құрылымдық, 
т.б.), сапалары (ашықтық, гуманитарлық, демократиялық), 
жүйелік қасиеттері (тұтастығы, инегративтігі) алына алады.
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, жобалау қызметі бірнеше 
деңгейден–жобалау тұжырымдамасын жасау, жүйе 
қызметінің 
мазмұндық 
және 
үдерістік 
қызметтерін 
құрастыру, орындаудан – тұрады. 
Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі 
ұйым мүшелерінің үнемі алға жылжып отыруына, мәселені 
тану мен ұғынуға, оны шешудің түрлі жолдарын талдауға 
мүмкіндік береді.
Жобалау қызметі тиімді ұйымдастырылған жағдайда
басқарушылардың әкімшілік стилі ӛзгеріп, негізінен 
педагогтардың белсенділігіне, шығармашылығын дамытуға 
және қолдауға, олардың топтық құрылымдардағы қызметі
мен желілік ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағыттала 
бастайды. Ұйым қызметкерлерінің кәсіби сапасын үнемі 
жетілдіріп отыру, олардың ӛздерінің қызмет ететін 
орнында шағын топтарда оқытуды ұйымдастыру арқылы 
мүмкін болады.
Педагогикалық ұжымда жобалауды жүзеге асыру 
тӛмендегі міндеттерді кӛздейді:
− 
педагогикадағы 
дәстүрлі 
құндылықтардың 
тиімділерін сақтай отырып, қоғам талабына сай жаңа 
педагогикалық ұжымның жаңа сапасын қалыптастыру; 
− педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымының
тұжырымдамасын, миссиясы мен стратегиялық дамуын 
құрастыруды кӛздейтін стратегиялық қызметтерді 
басқару мазмұнына енгізу,


146 
− жүйеде болып жатқан үдерістерді реттеп отыру, 
ұжымдық құрылымға қажет ӛзгерістерді уақытылы жасап 
отыру, ӛзгерістерді байқай және бағалай білу; 
− педагогикалық жүйелерде функционалдық қарым - 
қатынастарды қайта құруға бағытталған, иерархиялық
тәуелділік емес, ӛзара тәуелділік пен байланыстылықты 
нығайтатын матрицалық ұйымдастырушылық ӛзгерістер 
жасау, оған міндеттерді қайта бӛлісу, әр бӛлімше 
деңгейіндегі жауапкершілік пен құзіреттіліктің міндеттелуі, 
т.б. матрицалық, желілік байланыстарды жатқызуға болады; 
− Педагогтарды дамытуға бағытталған жобаларды 
ұйымдастыруда мотивациялар мен ынталандыру жүйесін 
қалыптастыру.
Осылайша, басқарудағы жобалау қызметі білім беру 
ұйымының кіші басқару жүйелері мен оның барлық 
деңгейлеріндегі құрылымдық бӛлімдерінің әрекеттерін 
үйлестіру механизмі қызметін атқарады. 
Бұл жағдайда басқару жүйесінің иерархиялық - 
матрицалық және матрицалық құрылымдары негізге 
алынады. Иерархиялық құрылым тұтас педагогикалық 
жүйені басқару ӛкілеттігі берілген басқарушының жеке ӛзі 
басқаруын білдірсе, иерархиялық-матрицалық құрылым 
жүйенің күнделікті қызметін тігінен басқарумен қатар, 
белгілі бір маңызды мәселерді шешу мақсатында 
құрастырылатын топтар мен жобалық құрылымдарды 
кӛлденең басқару қажеттігінен туындайды. Ал, жоғарыдағы 
екі құрылымды біріктіретін ерекше құрылымдар матрицалық
түрде болады. Олар ұйым алдына қойылған белгілі бір 
мақсатты орындауға жүйенің барлық компоненттерін 
біріктіретін интеграциялық қызмет атқарады.
Матрицалық құрылым басқарудың инновациялық 
қызметіжүйенің 
ӛзгерістерін 
 
мақсаттық-бағдарлы 
жобалау қызметін ендірудің шарты болып табылады. Бұл 
жаңа құрылымның басқарудағы нақты мәселелерді шешу 
барысында педагогтардың ізденістік - шығармашылық 
белсенділігін 
арттыруда, 
білім 
беру 
ұйымының 
пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар кӛзін анықтауда
маңыздылығы ӛте зор.


147 
Бұл құрылым күнделікті жұмысты қадағалап отыратын 
басшылардың, орынбасарлардың, сала басшылары мен 
ғылыми - әдістемелік қызметтер, сонымен қатар, белгілі бір 
маңызды мәселерді шешу мақсатында құрастырылатын 
топтар мен қызметтік жобалардың орындалуын тігінен және 
кӛлденең басқарудың матрицалық түрінде берілген.
Дәстүрлі құрылымнан ӛзгешелігі, онда ақпаратық - талдау 
орталығы, жобалау қызметінің жетекшісі, мақсаттық -
бағдарлы жобалар мен олардың жетекшілері, оқу-тәжірибе 
алаңы, оқу-жобалау қызметтерінің орын алады, сонымен 
қатар, ұйымдағы күнделікті қызметтің орындалуын оның 
иерархиялық мазмұны қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-талдау орталығында білім беру ұйымының
мәселелері талданып, нақты мақсаттар айқындалады, оны 
шешуді жүзеге асыратын жобалау қызметі белгіленеді, одан 
әрі мақсаттық-бағдарлы жобалар құрастырылып, оған 
педагогтар мен сала басшылары қатысуы қамтамасыз етіледі, 
олар ғылыми әдістемелік қызметпен де ӛзара байланыста 
болады.
Мақсаттық-бағдарлы жобалар кӛбіне жаңа бағыттарды, 
мысалы, ұйымның даму стратегиясын анықтау, адам 
ресурстарын дамыту, білім берудің жаңа технологияларын 
игеру,т.б. инновацияларды жүзеге асыратын болғандықтан, 
жобалау бастапқы кезеңде оқу-тәжірибе алаңы, оқу-жобалау 
қызметтері түрінде ұйымдастырылады. 
Адам ресурстарын ұйым жағдайында дамыту туралы 
зерттеулер кӛрсеткендей, білім алушыларды, педагогтар мен 
басшыларды 
дамытудың 
нәтижелілігі 
олардың 
іс-
әрекеттерінде шығармашылық жағдайлар туғызып және оны 
үнемі қолдап отыруына байланысты. Соған орай, ұсынылып 
отырған педагогтар мен түрлі деңгейдегі басқарушыларды  
жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындау оған қосымша 
ақпараттар беру, сабақ беру немесе білім жетілдіру 
курстарына қатысу мағынасында емес, оның осы бағыттағы 
қабілеттіліктері мен құзыреттіліктерін жобалау қызметіне 
қатысу барысында кеңейтілуі. Ӛз тәжірибесі арқылы оқып – 
үйрену, ӛзін - ӛзі дамыту – адамның ӛмір бойы оқуы
болып 
табылады.


148 
Педагогикалық 
жүйелердің 
жобалау 
негізіне  
субъектіні ӛзіндік дамыту жүйесі алынады. Осыған сай 
жүргізілген талдаулар білім берудің түрлі деңгейлердегі 
жүйелердің – сынып жүйесін, сыныптық-оқыту жүйесін, 
мектепке дейінгі білім беру жүйесін, бастауыш, негізгі, 
жалпы орта білім беру, кәсіптік, қосымша, жоғары білім беру 
жүйелерін, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру 
ұйымдары, мекемелері, т.б. жүйелерді басқару құрылымы 
мен қызметін ӛзгертіп, оларды субъектінің ӛзіндік дамуын 
ұйымдастыратын мазмұнда ұйымдастыруды қажет ететінін 
кӛрсетеді.
Педагогикалық жобалауды субъектілердің ӛзара қарым- 
қатынас үдерісін тұтас, ішкі дифференцияланған, ӛзін-ӛзі 
дамыта алатын жүйе деп қарастыру қажет. Жобалау 
процесінде субъектілердің бірін-бірі дамытуы жүзеге 
асырылады, сӛйтіп, білім беру технологиясының ӛзгеруі
педагогикалық ұжымның ӛзін дамытуды, заман 
талаптарына сай қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.
Жобалау әрекетін ұйымдастыруда педагогикалық 
ұжымның құндылықтық кӛзқарастары да қалыптасады,
ӛйткені, жүйені жобалау негізінде дамыту, ондағы адамдар 
мен олардың қатынастарын жаңа сапалардың қалыптаса 
бастауы жаңа деңгейдегі педагогикалық үдерістерге негіз 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет