Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет53/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142
түрінде 
орындалуы 
тиіс. 
Басқару 
әрекеттерін
ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі 
айқын кӛрінеді. Жобалаудың басқа да басқару құралдарынан 
айырмашылығын анықтау үшін оның білім беру саласында 
қолданылатын терминдеріне тоқталамыз:
Жоспарлау. 
Ол 
әрекеттің 
перспективасын 
белгілейтіндіктен, бір жағынан, жобалауға ұқсайды,
жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты құрылымданады, 
жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері кӛрсетіледі. 
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының 


151 
жоспары жобаның құрамдас бӛлігі немесе басқару 
қызметінің ӛз алдына бӛлек құралы ретінде де бола алады.
Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп қоймай, 
онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі 
бір сипаттамалары беріледі.
Бағдарлама. Оның негізгі белгілері жобалауға ұқсайды, 
мысалы, әрекеттің мақсаты мен принциптерін, нәтижеге 
жету үшін іс - әрекеттің белгілі бір алгоритммен орындалуы, 
ресурстары белгіленуі. Тәжірибе барысында белгілі 
болғандай, белгілі бір бағдарлама жобалау барысында іске 
асырыла алады немесе белгілі бір бағдарлама шағын жобалау 
қызметін қамтуы да мүмкін. Бірақ, бағдарламада маңызды 
болып табылатын алгоритмдеу жобалау үшін міндетті емес 
ӛйткені, онда түрлі тәуекелдердің болу мүмкіндігі
ескеріледі.
Педагогикалық жобалаудың міндеттері: 
− жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы 
мәселенің пайда болуы мен сипаттамасын жасау; 
− мәселені шешудің түрлі жолдарын қажетті 
ресурстары және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау 
тұрғысынан іздестіру; 
− мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолды таңдау 
және оны жобалық рәсімдеу; 
− жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері 
мен оны жүзеге асырудың материалдық-техникалық, 
қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттарын белгілеу; 
Мәселені айқындау дегеннің ӛзі осы мақсатты кӛздейтін 
бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже 
бермейтінін белгілеу немесе жаңа ситуация пайда болғанын 
мойындау. Жаңа ситуацияға сай ӛзгерістерді жүзеге 
асырудың мақсаты мен міндеттерін анықтау арқылы 
жобалаушы келесі кезеңге ӛтеді. Бұл кезеңде тӛмендегі 
жұмыстар орындалады: жағдайды талдау, шектеуліктерін 
белгілеу; талдау арқылы қалыптасқан жағдай мен 
күтілетін жағдай арасындағы қайшылықты белгілеу;
Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды 
қарастыру аясын шектеп алу қажет, ол үшін мәселеге қатысы 
бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық 
тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде 


152 
екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу 
себептерін анықтау қажет. Талдау пәніне қарастырылатын 
педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, 
қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты 
сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы 
жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды.
Жобалау барысында зерттеу әрекеттерінің жүргізілуі 
міндетті, ӛйткені, проблеманы айқындау және оны шешу 
жолдарын ұсыну үшін педагогикалық жүйеге қатысты ішкі 
және сыртқы орта жағдайларын, әлеуметтік топтар 
мүддесін, т.б. ескеру, жүйенің болашақ бейнесін тұтастық 
тұрғысынан қарастыру қажет. 
Жобалауда түпкілікті нәтиженің параметрлері, жаңа 
сапалық белгілері әуелі оймен құрастырылып, бастапқы 
жағдайдағы мәселені белгілеу, оны шешу әдістерін айқындау 
мақсаты қойылады. Мәселені белгілеу барысында жоба 
мазмұнына қатысты оны бӛліктерге бӛліп те, тұтастық 
ретінде жинақтап та қарастыруға болады (Кесте 5). Жобаны 
құрастырудың жалпы логикасын тӛмендегідей кӛрсетуге 
болады:
Кесте 5 – Жоба құрастырудың жалпы логикасы 
Проблеманы 
анықтау 
Мақсат қою 
Шешу жолдары мен құралдарын таңдау 
Проблема
Проблема
Мақсаты Міндет- 
тері 
Әдістері 
(іс– 
әрекеттер 
мазмұны, 
іс– 
шаралар) 
Ұйымдастыру 
түрлері мен 
қатысушылар 
Ресурстар 
құралдар 
Орындалатын іс – әрекеттер жүйесі 
Осылайша, педагогикалық жүйені дамытудағы 
мәселені анықтау, мақсат қою, шешу жолдары мен 
құралдарын таңдау, жобалауды мазмұндық қамтамасыз ету 
шараларының жиынтығы жобалау қызметінің құрылымы мен 


153 
алгоритмін қалыптастырады. Орындалатын іс-әрекеттер 
жүйесі жоғарыда берілген бӛлікте жобалау қызметін жүзеге 
асырудың логикалық жүйесін кӛрсетеді. Жобалау және 
жобаны жүзеге асыру ойлау әрекетінің екі бағытын 
кӛрсетеді, бірақ, оны басқарушы жобалау қызметінің тікелей 
орындалатын алгоритмін ғана емес, оны жүзеге асырудың 
логикасын ойша түрде кері қарай құрастыру арқылы 
түпкілікті нәтижені модельдеу, ол үшін жоспарланып 
отырған әдіс - тәсілдердің тиімділігін, ресурстарының 
жеткіліктілігін есептей алуы қажет.
Жобалауға қажетті ресурстардың анықталуы оның 
орындалу мүмкіндігін кӛрсетеді. Ресурс (франц. ressource – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет