Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Қазақстанда аймақтық басқару стратегиясы



Pdf көрінісі
бет48/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   144
15. Қазақстанда аймақтық басқару стратегиясы
Әлеуметтік-экономикалық дамуды 
басқарудағы аймақтардың стратегиясы  
Қазақстанда аймақтардың дамуына байланыста ҚР Президентінің 
арнайы бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін 
аймақты дамыту Стратегиясы бар. Бұл стратегияда елдің аймақтық 
дамуының стратегиялық мына бағыттары анықталған: 

аймақтық және әлемдік экономикада елдің тиімді ұстанымын 
әзірлеу және іске асыру;

елдің тиімді аймақтық ұйымдары;

аймақтарда тиімді экономикалық ұйым;

территориялардың экологиялық жағдайын жақсарту және 
т.б. 
Мемлекеттік даму барысында аймақтардың және олардың билік 
ететін органдарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып 
қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай 
көптеген жағдайлар әсер етеді:

өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рөл 
атқаруы;

аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;

еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;

аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының 
күрделене түсуі;

территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен 
халықаралық маңызының артуының үдеуі.
Бұл үрдістің дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар 


94
арасында басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру; 
екіншіден, мемлекеттік территориялық басқарумен жергілікті өзін-
өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік 
құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік 
инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте 
қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып 
өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен 
шығармашылық іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек 
тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі 
керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамытудың 
міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін-өзі 
басқару, серіктік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал-жабдықтар 
рыногы, валюталық қаражат және басқа элементтер. Сонымен 
қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың 
ерекшеліктерінің барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды 
стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп, ол ұлттық 
өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Мысалы,
аймақтық қағидаларды және экономикадағы ұлттық ерекшеліктерді 
тоталитарлық жүйе тұсында елемеу күрделі зиян келтірді.
Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құрылымдар бар. 
Олар ұлттық деңгейден төмен. Біріншісі – аралық территориялық 
құрылымдар және соған сәйкес, билік ететін органдар мен 
басқару. Екіншісі – ең төмендегі (негізгі) әкімшілік-территориялық 
құрылымдар және жергілікті басқару органдары.
Аралық басқару органдарын сипаттайтын негізгі белгі – 
дербестік өмір сүру мүмкіндігі. Оның шарты: өзіне қарасты 
(автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік 
бақылау жүргізу.
Сонымен, аралық орган дегеніміз – аймақтарды, облыстарды 
басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз территориясында 
мейлінше дербестік қағидалары негізінде жүргізуге тырысады. 
Жергілікті билік жүргізетін - ол төменгі әкімшілік орындар. Олар 
өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.
Аралық және жергілікті билік органдарды қаражаттандырудың 
негізгі үш кіріс көзі бар: салықтар – мемлекетке міндетті түрде 
қайтарылмайтын төлемдер; салықтық емес табыстар – басқа да 


95
барлық табыстар (әр түрлі жәрдемдер, займдар, т.б.); субсидиялар – 
пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі. 
Жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық 
басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән 
келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағынан қарауға болады. 
Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының 
ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық 
рыноктың екі жақтығы әуелі аймақтың өз ішіндегі субъектілерде 
нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы білінеді, 
сонан кейін, аймақ шеңберінен тыс шаруашылық субъектілердің 
жалпы ұлттық болмаса дүниежүзілік рынокпен ұштасумен көрінеді.
Оған көп себептердің бірі – нарықтық факторлардың аймақтық 
саралануы (дифференциация). Материалдық элементтер, ұйымдық 
құрылымдар, өндірістің әр түрлі реттеушілері аймақтарда бірдей 
емес, олар әр түрлі болады. Аймақтарда өндіріс күштерінің 
аймақтарды әр түрлі орналастырылуы мен дамуы, аймақтық 
экономикада белгілі бір маңызды рөл атқаратын фактор болады.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану 
жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру 
қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік 
тиімділігін қамтамасыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі 
керек:
- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз 
ету, соның мүдделі пайдалануының бақылау тетіктерін әзірлеу;
- жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың 
нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып 
білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға 
мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
- экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен 
дағдарысқа ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық 
аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа 
режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Аймақтық басқарудың тиімділігі, оның ұйымдастырушылық 
құрылымы өте күрделі аймақтық басқару объектісінің құрылымына 
сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару объектісінің 
көптеген қайшылықтары, жеке нышандары болады. Оларға 
ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылыс, өндіріс 


96
күштерінің орналастырылуы мен адамдардың, тұрғындардың 
орналасу тығыздығы, көлік байланыстары және т.б. жатады. 
Аймақтық басқару жүйесіне кейбір объективтік қайшылықтар тән. 
Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін, басқаруды үнемі жетілдіріп 
отыру қажет. 
Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі 
элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі – аймақтық басқару 
объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі (ұлттық-мемлекеттік деңгей, 
т.б.), екіншісі – оның субъектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. 
Оған өзін-өзі басқару ұйымдары кіреді. 
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың 
әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін-өзі басқарумен тығыз 
байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық 
әдістерге көшу. Өйткені жергілікті өкімет органдарына көптеген 
өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда, қаржының бірталай 
үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік 
инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады. 
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік-
экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін 
функциялар мен өкілеттіліктердің кеңейтілуін қамтамасыз ету 
керек: а) аймақтық – салалық өзара байланыстар (әлеуметтік және 
өндірістік инфрақұрылымдарының дамуы, қоршаған ортаны қорғау 
және т.б.); ә) салааралық байланыстар (салааралық өндірістің 
дамуы, ресурстарды қайта пайдалану, өндірістік кооперация) 
аймақтың шеңберінде; б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда 
өндірісті дамыту (жоспарларды үйлестіру, олардың орындалуын 
бақылау, халықтың тұтыну тауарларын өндіру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет