Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Бірінші бөлім. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ



Pdf көрінісі
бет2/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Бірінші бөлім. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
1. Стратегиялық менеджменттің теориялық негіздері
Нарықтың 
қалыптасу теориясы
Нарықтық экономика теориясы нарықтық шаруашылық 
жүйесінің жұмысын істеу негіздері мен оның маңыздылығын 
түсіндіруге арналған. Бұндай жүйе барлық дамыған елдерде 
орын алған. Тек бұрынғы социалистік жүйесіне жататын елдерде 
болмаған. 
Қазіргі жағдайда нарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуі 
басты мәселе болып табылады. 
Түйінді мәселелердің бірі ретінде әртүрлі бәсекелес күштердің 
тепе-теңдік категориясы болып отыр. Осындай тепе-теңдік дамуға 
мүмкіншілік жасайды, яғни монополизмді болдырмайды. 
К. Маркс өз кезінде нарықтық экономика жүйесінің барын 
түсінген. 
Соған орай ол мынадай пікір білдірген: тәжірибелік өмірде 
біз тек бәсекелестікті, монополистікті, олардың қайшылықтығын 
кездестіріп қоймаймыз, сонымен қатар олардың синтезін 
(жинақтауын) байқаймыз. Монополия бәсекелестікті туғызады, 
бәсекелестік – монополияны. Сондықтан синтез дегеніміздің мәні 
монополия болу үшін, сақталуы үшін ол ұдайы бәсекелестік күресте 
болуы қажет. 
Нарықтық экономиканың біртұтас жүйе болып қалыптасуы 
экономикалық субъектілердің бәсекелестік тәртібін қоғамдық 
реттеулердің өз негізінде пайда болуының нәтижесі. Олар әр 
субъектінің экономикалық қызметінің бостандығын қамтамасыз 
етудің кепілі болып табылады. Жеке экономикалық субъектілердің 
барлық экономиканы монополиялауына тек осындай кепілдіктерге 
сүйену ғана мүмкіндік бермейді. Барлық іс-қимылдар экономикалық 
қатынастардың субъектілерінің объективтік ынталарын ескеру 
негіздерінде іске асу керек. 
Экономиканың жалпы даму теориясының жүйесінде басқару 
ілімінің мәні мен деңгейлерін білген жөн. 
Басқару – әртүрлі табиғи ұйымдастырылған функциялар 
(биологиялық, 
әлеуметтік, 
техникалық). 
Олар 
белгілі 


7
құрылымдардың сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалар мен 
мүдделерді іске асырады. 
Басқару көптеген ғылымдар салаларын - менеджменттің, 
экономиканың, психологияның, әлеуметтанудың, саясаттанудың, 
философияның, кибернетиканың және т.б. - зерттейтін пән.
Басқару теориясы дербес білім саласы ретінде тек қана пән 
аралық жүйе ретінде дами алады.
Қазіргі басқару ғылымында екі деңгейлі білімді белгілеуге 
болады. Бірінші деңгей әлеуметтік теориялардан көрінеді: 
«Менеджерлер 
революциясының, 
бизнестің 
әлеуметтік 
жауапкершілігінің, өнеркәсіптік демократияның, адамаралық 
қатынастардың» және т.б. Екінші деңгей білімі – іс жүзінде 
қолданылатын ұйымдастырушылық және басқару теориялары. Бұл 
деңгей нақтылау және іс жүзінде пайдаланатын ұсыныстардың 
ғылыми-әдістемелік негізін қамтамасыз етеді. Ол ұсыныстар 
мыналар: 
- еңбекті тиімді ұйымдастыру мен басқаруды одан әрі дамыту;
- басқарушылық шешімдерді дәлелдеу және талдау;
- жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік-психология-
лық мінез-құлқына әсер етуде жаңа әдістерді пайдалану. 
Экономика дамуының жалпы теориясының белгілі саласының 
бірі - ол менеджмент (басқару) теориясы. Жалпы анықтама бойынша, 
Менеджмент дегеніміз кәсіпорынды тиімді басқару туралы ғылым. 
Бұл ғылымға кіретін ілім:
- кәсіпорынды ұйымдастыру туралы қағидалар;
- оның стратегиялық дамуы туралы;
- қызметшілерді іріктеп алу (социологиялық аспект);
- олардың жұмысын үйлестіру тәсілі (социологиялық бөлігі).
Шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша тиімді басқарудың 
бірнеше ерекшелік белгілері бар. Олар:
- шапшаң іс-қимылды және жігерлілікті мақсат ету (уақыт 
бұйрығы);
- тұтынушылармен ұдайы байланыста болу;
- кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың бас бостандығын 
қолдау;
- адам факторына, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділі-гін 
арттыруға негізгі күш ретінде қарау;
- басқару нысандардың қарапайымдылығы, басқару штатының 


8
неғұрлым аз болуы және т.б.
Басқару теориясы дегеніміз басқарудың мәнін, мазмұнын және 
ерекшеліктерін анықтайтын категориялардың жиынтығы. 
Басқару теориясының бұдан да басқа ғылыми анықтамасы бар. 
Мысалы: Басқару теориясы – басқарудағы бейнелеу, түсіндіру 
және объективтік құбылыстарды болжау жөніндегі теориялық 
жағдайлардың жинағы. 
Бұл теорияның зерттейтін объектісі - әлеуметтік-экономикалық 
жүйе. Басқару қызметінің негізгі мазмұны - болашақтағы процестерді 
болжау, ұйымдастыру, бақылау, үйлестіру, реттеу, зерттеу. 
Бұған тән ерекшеліктерінің бірі – адамдардың бірлесіп істейтін 
қызметіне бағытталғандығы. 
Басқарудың жалпы теориясынан менеджмент тұжырымдамасы 
туындайды. 
Менеджмент – нарықтық экономиканың жағдайларына және 
мұқтаждығына мейлінше сәйкес келетін басқару типі. Менеджмент 
ең төменгі деңгейдегі басқару деп ұғынған жөн. Өндіріс, 
кәсіпорындар, өндірістік емес салалар Оның ең жиі қолданатын 
деңгейі. Менеджменттің ең мәнді функциясы – ол нақтылы өндірісті 
басқару, оны ұйымдастыру және болашағын болжау, әсер ету. 
Осындай теориялық негіздерден қазіргі кезеңдегі нарықтық 
экономиканың ерекшеліктері анықталады:
1. Тұрақты, ұзақ мерзімдік, салааралық және аймақаралық 
байланыстар негізінде жалпы бір арықтық кеңістіктің құрылуы.
Сондай-ақ ол әртараптандырулық процестердің таралуымен 
шектелмеуі тиіс (өнімдердің және өндірістің әртараптандырылуы
– өнім сапасын өзгерту, жақсарту, алдыңғы қатардағы технологияны 
пайдалану процесі). 
2. Тұтынуды жоғарлату мен ұсынысты кеңейтудің арақатынасы. 
3. Бәсекелестіктің баға емес тәсілдерінің бағалық тәсілдерінен 
жоғары болуы. 
4. Экономиканы әлеуметтік бағытта реттеушілер бәсекелес 
топтардың арасындағы қайшылықтарды шешугемүмкіншілік 
жасайды.
5. Заң және экономикалық орталықтандыру, отан тауар 
нарығында бәсекелестік қатынастарды реттеу (мемлекет адал 
емес бәсекелестікке жол бермейді; арнайы заңдарды қабылдау 
арқылы экономикадағы монополизмді болдырмау, монополистердің 


9
үстемдік орнатуын шектеу және республика экономикасын 
орталықтандыру). 
6. Кез-келген азаматтың тауар нарығындабәсекелестік 
қатынасқа кіруіне кең мүмкіншілік беру. Бұған енудің бас каналы – 
меншік формалары. 
Нарықтық экономиканың тағы бір ерекшелігі - әртүрлі 
интеграциялық процестердің орын алуы. Бұл интеграциялық 
процестердің мынадай жаңа қасиеттері болады:
- маркетинг жүйесі (бәсекелестіктің негізінде және оның 
нәтижесінде пайда болады). Бұл шын мәнінде өндіріс пен тұтыну 
интеграциясының негізгі механизмі, яғни ол өндіріс пен тұтынудың 
арасындағы байланыстыратын буыны;
- халықты жұмыспен қамтамасыз етуіне әсер ететін жүйе (ол 
кәсіпорындар мен жалданбалы жұмысшылар арасындағы бәсекелес, 
сонымен бірге жалданбалы жұмысшылардың өз арасындағы 
бәсекелестік арқылы да пайда болады);
- өндірісті ұйымдастыру формаларын реттеу жүйесі. Ол әртүрлі 
жекеменшіктер арасындағы бәсеке мен өндірістің әртүрлі шарттары 
негізінде пайда болады. Олар демократиялық сипатта болады 
және жалданбалы жұмыскерлерді өндіріс құралдарынан және 
жалданбалы еңбектен алыстауын жеңілдетеді.
Басқарушы экономикалық теорияны қалай пайдаланады?
Басым көпшілік (70%) басқарушылар өз ісінде келесі негізгі 
экономикалық тұжырымдамаларды пайдаланады: 
1) шығындар (ұйымның барлық шығыны); 
2) баға орнату (сұраныс және ұсыныс заңдары); 
3) құндылықтар.
Экономикалық теорияның басты қызметі – басқарушыларды 
дұрыс шешім қабылдауға мәжбүр ету. Фирманың жұмысы туралы 
мәліметтерді үздіксіз түрде жинау, себебі оларсыз дұрыс шешім 
қабылдау мүмкін емес.
Нарықтық жүйенің негізгі алғы шарттарын нарықтық 
экономиканың классигі А. Смит дәлелдеп, ұсынған болатын.
Нарықтық экономиканың дұрыс жұмыс істеуінің негізгі 
алғышарттары мыналар:
- еркін бәсекелестік;
- жекеменшіктің билігі;
- әртүрлі монополияларды шектеу;


10
- еркін сауда;
- мемлекеттің экономикаға қол сұқпауы.
Нарықтық жүйенің жұмысының теориялық алғы шарты ретінде 
оның еркін өндіріс табиғатына, нарықтың рөлі және мемлекеттің рөлі 
жөніндегі көзқарастары болуы мүмкін. А. Смиттің пікірі бойынша 
адамдардың өз әл-ауқатын жақсартуға ұмтылысы өте күшті ынта. 
Егер оларға ешбір кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіншілік берілсе, 
онда олар қоғамды гүлдендіруге әкелер еді. 
XVII ғасырда өмір сүрген француз философы К. А. Гельвеций 
қоғамда адамның жеке басының мүддесінің рөлін табиғаттағы 
бүкіл әлемдік тартылыс заңымен теңестірген. Бұл жағдайда түбінде 
жалпы қоғам ұтыста болады. 
Әр адамның мүддесі дер кезінде шешімін тауып отырса, жалпы 
қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түседі.
Осы тұрғыдан алғанда бұл келтірілген жағдай нарықтық 
экономиканы басқарудағы басты қағидалардың бірі болып саналады.
Нарықтық экономика тұрақты жұмыс істеуі үшін бес күрделі 
мәселелердің барын мойындау керек. Ол мәселелерді шешу әрбір 
экономикалық жүйенің міндеті. 
Ол мәселелер мыналар:
1. Қанша өндіру қажет және өндіріс ресурстарының қандай 
бөлігін өндіріс процесінде пайдалану керек?
2. Нені өндіру? (яғни қандай тауарлар адамдардың материалдық 
қажеттілігін қанағаттандырады?).
3. Бұл өнімді қалайша өндіру керек? (яғни өндірісті қалайша 
ұйымдастыру керек, осы өнімді өндірумен қандай фирмалар 
айналысуы тиіс және қандай технологияны пайдаланған жөн?). 
Мұнымен тауардың бәсекелестік қасиеті байланысты;
4. Бұл өнімді кім алады және кімге бөлу керек? Бұл жерде өнім 
жеке тұтынушылар арасында бөлінуі қажет.
5. Бұл жүйе өзгерістерге сәйкес икемделіне ме? Сұраныстың, 
өндіріс технологиясының өзгерістеріне қалай бейімделеді, 
өзгерістер қаншалықты тез ескеріледі?
Кез келген кәсіпорынның өзіне тек пайда әкелетін тауарларды 
өндіруге тырысатынын ескерген жөн.


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет