Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару стратегиясы



Pdf көрінісі
бет45/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144
14. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару стратегиясы
Кәсіпкерліктің даму мәселелері 
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін 
кәсіпкерліктің даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып 
табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік 
экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы 
дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген 
мәселелердің көтеріліп жатуы да, оның экономикадағы рөлінің өте 
маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп 
жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез 
келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы 
бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің факторлары табиғи, еңбек, 
өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде 
осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін 
нақты күштер бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін 
белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу 
икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай – қайсысын алсақ та өздерінің 
экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке 
арқа сүйейді. Себебі, кәсіпкерлік халықтың әл – ауқатын арттырумен 
қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін 
тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық 
және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды 
мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы 
реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. 
Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру 
кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық 
құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық 
жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс 
өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға 
тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге 
барады, мұның өзі олардың тұрақты табыс алуына кепілдік 
береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік 
әртараптандыруды қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы 
әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, 


86
маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары 
бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл 
атқарды. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, 
жеке – даралықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл 
жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер
өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, 
кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал 
– жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. 
Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, 
маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық 
бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ 
меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін 
заңды тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру 
үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі 
керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай 
әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында 
«стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. 
Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен 
стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының 
леймотиві – «Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» 
деп аталады. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, 
ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру 
туралы толғаныстар қарастырылады. 
Конференцияда басты назар мына мәселеге аударылды: 
«Белсенді іс әрекеттер арасында»: 
1. өз қызметінің стратегиялық бағыт бағдарын жеке түсіне 
білетін;
2. уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз 
ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алатын;
3. ұйымдастырудың, жұмыс тәртібінің тиімді түрлерін, 
ресурстар мен жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін, 
арақатынасын таба білген;
4. біріккен 
еңбек 
оның 
барлық 
қатысушыларын 
қанағаттандыратын корпорациялар жатады.
Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға 
өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін өте құнды. Бұл әрине, 


87
Қазақстанға да қатысты.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның 
бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып 
табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір 
дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын 
таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын 
нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік дамуы үшін, 
оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары 
қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық 
мәнін тереңнен түсінуге «Қазақ КСР-індегі шарауашылық қызмет 
еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңның қабылдануы 
жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік 
қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық
экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте 
болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен 
– кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет