Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет68/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144
«Эмпирикалық» басқару мектебі
Бұл мектеп өкілдерінің мәлімдеуінше, басқару саласындағы 
ғалымдардың негізгі міндеті – тәжірибе материалдарын жинап алу, 
қорытындылау әрі осының негізінде басқарушының ұсыныстарын 
әзірлеу болып табылады.
Бұл мектеп басқаруды ұйымдастырудың мәселелерін нақты 
психологиялық-ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыдан 
зерттеулер жүргізу бағытында дамытты.
«Эмпирикалық мектептегі» негізгі зерттеу бағыттарының біріне 
басшылардың функцияларын және еңбектің мазмұнын зерделеуді 
жатқызуға болады. Бұл бағыт біршама деңгейде мынадай жағдайға 


148
себепкер болады: басқару кәсібиленеді, яғни басқару ісі бойынша 
еңбекті дербес, өзіндік ерекшелігі бар еңбек түріне ерекше кәсіпке 
айналдырады.
«Эмпирикалық мектеп» өкілдерінің пікіріне сүйенсек, 
басқарушының еңбегі кәсіпорынның басқа қызметкерлерінде 
болмайтын екі ерекшелікпен сипатталады.
Бірінші ерекшелік – басқарушы қолдағы бар ресурстардан 
тұтас бір бүтін жасауы керек.
Екінші – әрбір шешім мен әрекет болашаққа, яғни ұйымды 
дамытудың келешегіне бағдарлануы қажет.
Бұл мектеп өкілдерінің пікіріне ден қоятын болсақ, басқарушы 
техникалық немесе гуманитарлық бейімдегі бір жақты маман 
иесі болмауы керек, яғни тар аяда шектеліп қалуына болмайды. 
Ол басқарудың іс жүзінде жалпы ғылыми негізделіп, сынақтан 
(тексеруден) өткен әдістері мен тәсілдерін меңгеруі қажет.
Олар басқарушыға нақты ұсыныстар беруге талпынады. 
Осы мектептің өкілдері басқарудағы орталықтандыру және 
орталықсыздандыру, жауапкершілік жүктеу және т.б. мәселелерге 
көп көңіл бөледі. Олардың бір ұсынысы – мақсатты басқару – кеңінен 
таралған. Мақсатты басқару – басқару жүйесіндегі ірі қызметкердің 
нақты мақсаттарын анықтап беретін ұдайы әрекет үстінде болатын 
жүйені білдіреді.
Питер Друкер (менеджмент мәселелері жөніндегі кітаптың әйгілі 
авторы), Р. Дэвис, Д. Миллер және т.б. «Эмпирикалық» мектептің 
әлдеқайда белгілі өкілдері.
Қорытындысы. Басқарушылар басқарудың әр түрлі міндетті 
істерін жүзеге асыруы үшін, оларға нақты ұсыныстарды әзірлеу іс-
тәжірибесін талдауда «Эмпирикалық» мектеп қажет, деп санайды. 
Оларды басқаруды кәсіби деңгейге көтерудің қажеттілігін дәлелдеді. 
Сонымен қатар, «Эмпирикалық» мектептің өкілдері осы заманғы 
құрылыстың жаңа тұжырымдамаларын әзірлеуге жете көңіл бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет