Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Аутизмі бар балалардың есте сақтау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет109/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134
 
11.6. Аутизмі бар балалардың есте сақтау ерекшеліктері 
 
Ерте жастан–ақ, ЕЖБА бар балаларда, механикалық есте 
сақтау қабілеті жақсы дамиды, бҧл ӛз кезегінде, эмоциялық 
қапаланудың ҧзақ саӛқтауға мҥмкіндік береді. Эмоционалды естің 
ӛзі, қоршаған ортаны қабылдауды стереотиптендіреді: олар 


217 
сыртқы 
дҥниеден 
алған 
ақпаратты, 
тҧтас 
блоктармен
қабылдайды, оны қорыта алмайды, әрі сол кҥйінде сақтайды, сол 
қабылданған кҥйде тҧтас қолданады. Балалар кейде, бір дыбысты 
қайта-қайта қайталаудан, бір сҧрақты қайталап қоя беруден 
жалықпайды. Естігенін тҧтас қайталайды, тақпақтарды жақсы 
жаттайды, ересектер ӛлең-әңгіме, ертегі оқып беретін болса, 
бірде-бір сӛзін қалдырмауды жіті қадағалайды. Ӛлеңнің немесе 
тақпақтың әуенімен, бір орында теңселгенді ҧнатады, кейде 
ӛздері ӛлең қҧрастыруға тырысады. Бҧл категориядағы балалар, 
жақсы есте сақтайды, кейін естіген әңгімелерін, дыбыстарды, 
ойын әрекеттерін, тҧтас қайталап, барлық сенсорлық арналар 
арқылы келетін (кӛру, есту, дәм, иіс сезу, терімен сезіну) 
ҥйреншікті сезімді тҥйсінуге тырысады.
 
12. ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІ 
 
«Жантану ғылымында ойлау – бҧл тҧлғаның шындықты 
жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық 
әрекеті»
1
.
Ойлау – айнала қоршаған ортаны, санада бейнелеудің 
жоғары формасы. Ойлау – нақты ӛмірді тануды, сӛздің кӛмегімен 
қорыту, топтау. Ойлау заттар мен қҧбылыстардың мәнін білуге 
мҥмкіндік береді. Ойлаудың кӛмегімен, бір әрекеттің нәтижесін 
болжауға болады, шығармашылық, мақсатты әрекетті жҥзеге 
асыруға болады. Баланы салыстыру, тҧжырымдау, топтау, қорыту 
(азайту, бӛлу, қосу, кӛбейту амалдары) сияқты ойлау 
операцияларына ересектер ҥйретеді. Мысал ҥшін, тәжірибелік 
кӛрнекі ситуациялар алады. Бала алдымен оны бағдарлайды
әрекет етеді, одан соң мҧның барлығын, сӛзбен бір формулаға 
келтіреді. Біртіндеп бала әрбір кҥрделі әрекетті «ойша» 
орындауға дағдыланады. Мҧндағы маңызды кезең, тәжірибелік 
әрекеттің «ойша» әрекетке ауысуының сӛзбен жеткізілуі.
Ойлау – бҧл шынайы ӛмірді қорытындылау мен бейнелеп 
кӛрсететін танымдық ҥдеріс. Қазіргі кезде, балалар ойлауының 3 
негізгі сатысы анықталған: кӛрнекі-әрекеттік, кӛрнекі-бейнелік 
және сӛздік-логикалық ойлау. 
--------------------------- 
1
Сәбет Бап–БабаЖантану негіздері.- Алматы: Заң әдебиеті, 2007.-Б. 176 


218 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет