Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет21/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

БАЛА 
ДАМУЫ 


32 
- венерологиялық аурулар (соз, мерез); 
- ананың эндокриндік аурулары, оның ішінде қант диабеті; 
- резус-фактордың сәйкес келмеуі; 
- ата-ананың маскҥнемдігі мен нашақорлығы; 
- биохимиялық зияндылықтар (радиация, қоршаған ортаның 
экологиялық ластануы, айналада қорғасын, сынап тәрізді ауыр 
металлдардың болуы, агротехникада жасанды тыңайтқыштарды 
пайдалану, медициналық дәрі-дәрмектерді дҧрыс қолданбау, 
тамақтағы жасанды қоспалар т.б.); 
- ананың соматикалық денсаулығындағы ауытқулар, оның 
ішінде гиповитаминоз, ісіктер, әлсіздік
- гипоксия (оттегінің жетіспеуі); 
- ананың жҥктілік кезіндегі токсикозы; 
- туу патологиясы, әсіресе, мидың жарақаттануы; 
- баланың ерте сәбилік кезіндегі ми жарақаты, ауыр жҧқпалы 
және токсиндік-дистрофиялық аурулар. 
Генетикалық әсерлер. Гендегі ақпараттарда барлық 
адамдарға тән белгілер, жеке адамдарға тән дара ӛзгешеліктер, 
даму ауытқуларының пайда болуы бар. Зерттеулер кӛрсеткендей, 
зият және сенсорлы кемшіліктердің тегі, генетикалық болып 
келетіндігі анықталған.  
Мысалы, ата-ананың екеуінде ешқандай даму ауытқуы жоқ
бірақ олар саңыраулықты жасырын тасымалдаушы болып 
табылады, демек, екеуінің бірінен балаға саңыраулық беріледі.
Даму патологиясына сондай-ақ, хромосом сандарының 
кемшілігі мен артық болуы себеп болады, яғни 23 жҧптан артық 
немесе кем. Кӛптеген жағдайда, хромосомдық аномалиялар, 
ҧрықтың қҧрсақтағы кезінде ӛлуіне немесе мерзімінен ерте 
тууына, тҥсік тастауға әкеп соғады. Бірақ, қазіргі кезде Даун 
синдромы(трисомия) кең таралып келеді. Туа біткен патологиясы 
бар балалардың тууының алдын-алу мақсатында, ата-аналарға 
тиісті генетикалық кеңестер беріледі, сӛйтіп, қандай да бір 
патогендік белгінің болашақ балаға берілу қаупі анықталады. Ол 
ҥшін ата-ананың кариотипі зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет