Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет20/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

Процессуалдық, үрдістік деңгей жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды, мысалы, сабақтардың әдістемелік жоспары, шараларды ӛткізу сценарийлері, тәрбие жұмысының әдістемесі, т.б.
Егер жоба тұрақты күйдегі ұғымды білдірсе, онда жобаны жасау оны құрастыру қозғалыстары болып табылады, ӛйткені, ойлау әрекеттері ұйымдастырушының бірқатар ізденістік–зерттеу қызметтерін, ойлау операцияларын кӛздейді, олар – болжау, жобалау, модельдеу, құрастыру. Ал жобаны жүзеге асыру – ұйымдастырушының басқарушылық әрекеттеріне қатысты операцияларын–
бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау, т.б. қажет етеді. Олай болса, болжам жасау, жобалау, модельдеу, құрастыру, бағдарлама жасау, жоспарлау, бағалау әрекеттері жобалау қызметінің ӛз алдына жеке түрлері ретінде қарастырыла алады. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының бойында аталған әрекеттер жүйесі кӛлемі жағынан шағындау деңгейде осы ретпен орындалып жатады. Мысалы, белгілі бір ауқымды мәселені болжау барысында тӛмендегі жобалау алгоритмі рет –ретімен орындалады:

  • мәселені нақтылау;

  • оның «болашағын» болжау – қазіргі жағдайдағы мәселелер, күні ертең шығуы айқын және алдағы уақытта пайда болуы мүмкін проблемалар;

  • оларды ескере отырып, басқару әрекетін дамытудың тиімді жолдарын жобалау;

  • қолайлы нәтижеге жету жолдарын жоспарлау;

  • қабылдануы қажетті шешімдерге баға беру;

Осы әрекеттердің ішіндегі ең маңызды рӛлді жобалау атқарады, ӛйткені,ол оған қатысты барлық әрекеттермен тығыз байланыста, сонымен қатар, аталған әрекеттердің барлығы да жобалау объектісі қызметін атқара алады.
Білім беруді дамыту стратегияларына жасаған талдаулар кӛрсеткендей, бүгінгі ӛзгерістер реформалау, жаңарту деген түсініктер шеңберінде жүргізілуде. Олардың мәні ӛзгерістердің нақты нәтижелік мақсаты болуын, нақты идеяға негізделген әрекеттер бағдарламасы болуын кӛздейді. Бұл жерде мынадай маңызды жағдайлар ескеріледі: олар – алға қойған мақсаттардың педагогикалық қалың кӛпшіліктің мүддесіне сәйкес келіп, олардан қолдау табуы және құрастырылған жоспарлар мен бағдарламалардың қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес болуы. Шынына келгенде, білім жүйесіндегі ӛзгерістер жүйемен, бір қалыппен жүзеге асырылады деп айту қиын, жоспарланған негізгі бағыт та, белгіленген білім нәтижелері де дәл ойлағандай орындалмауы да мүмкін, ӛйткені, ол үнемі пайда болып отыратын трансформациялық әрекеттердің жаңа жағдайлардағы сипаты мен оларға ықпал ету амалдары мен құралдарының сол кездерде қолда болмауына да байланысты. Осы трансформациялық үдеріс күрделі және аз зерттелген түсінік деп айта аламыз, ол реформалау үдерісінен» ӛзгеше, реформа жағдайында кез келген жүйе типологиялық ұқсастықты сақтап қалады. Оны жаңаруға ӛту деп те қарастыра алмаймыз, себебі, трансформациялық үдерістің негізіндегі қозғаушы күштері мен механизмдері сан алуандығымен ерекшеленеді. П. Друкер осы үдерістер жүретін қоғамдағы кезеңді заңдылықтары жоқ дәуір деп бағалайды.
Бүгінгі күні білім берудегі жобалау академиялық ғылым мен теориялық зерттеулерден педагогикалық тәжірибеге дейін қолданылуда. Педагогтар мен білім беру мекемелерінің инновациялық әрекеттерінің дамуы жобалаудың кеңінен қолданылуын нақты болашақпен байланыстырады. Бірақ, қазіргі жобалаудың ерекшелігі қалыптасқан әлеуметтік білім беру институтуттары тәжірибесінің шеңберіне сәйкес келмей оны ӛзгертуге дейін алып барады.
Білім берудегі психологиялық–педагогикалық жобалаудың мазмұны тӛмендегі үдерістерден тұрады:

  • оқыту–әрекеттің тәсілдерін меңгеру үдерісі ретінде;

  • қалыптастыру–жүзеге асырылған әрекетті меңгеру;

  • тәрбиелеу –есею мен әлеуметтену ретінде.

Осылайша, жобалау білім берудің дамыту әрекеті болып табылады, оның аясында субъектінің қалыптасуы мен дамуы жүзеге асырылады.
В. И. Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері педагогикалық болжам жасауға, мұғалімнің жобалаудағы рӛліне негізделген. Ол білім беру үдерісінің тұтастығын тӛмендегі феномендермен белгілейді: бірлескен әрекеттер, субъектілердің теңдік қатынасы, т.б. білім берудегі жобалау әрекетінің негіздемелері болып табылады.
Сонымен қатар, жаратылыстану ғылымындағы «адам» туралы ғылым қай жағынан қарастырылса да, қаншалықты күрделі синтездерден құрастырылса да адамның педагогикалық жобалауын алмастыра алмайды. Сондықтан, бұған дейін ӛмір сүрген немесе қазіргі күні ӛмір сүріп жатқан зерттеулерімен қатар педагогикалық жобалаудың арнайы әрекеттері қала бермек. Осы айтылған пікірден жобалаудың қайта құрушылық сипаты – жобаның және жобалау арқылы жүргізілетін әрекеттердің болашақта қайта жаңғыртуға, жаңартуға бағытталған үдеріс екені кӛрінеді.
Жобалау әдіснамасын білім беру саласында қарастыруға ықпал еткен Ю. В. Громыко, В. И. Борзенков, О. Г. Прикот, В. И. Слободчиков, Н. А. Масюкова еңбектерін атауға болады. Педагогикалық ғылым саласында жобалау туралы толық әрі тұтас түсінік қалыптастырған, соның ішінде, оны педагогикалық жүйелерге қатысты қолданған В. П. Беспалько болып табылады. Ол А. С. Макаренко еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми–педагогикалық контестке педагогикалық технология ұғымын ендірді. Педагогикалық жобалаудың базалық компоненті ретінде қарастыра отырып, тұжырымдама түсінігіне қосымша мазмұн берді, оқыту мен тәжірибе үдерісіне қатысты жобалау әрекетінің мәнін ашып кӛрсетті. Автор, сонымен қатар, жобалау қызметінің басты компоненті ретінде болашақ педагогикалық жүйенің мақсатын айқындау және қою, аралық мақсаттарды белгілей отырып, дидактикалық үдерісті жоспарлау, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен технологиясын таңдау, бақылау- бағалау әдістемесін жасау және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттарын белгілеу қажеттігіне назар аударды.
Бүгінгі педагогикалық жүйелерде жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты жобалаудың негізгі үш түрі белсенді дамып келеді, олар:
әлеуметтік-педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны ӛзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;
психологиялық-педагогикалық жобалау, оның мақсаты адамдар мен олардың қарым –қатынастарын білім беру үдерісі барысында жаңарту;
білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық ӛзгертуді жобалау.

  1. Әлеуметтік–педагогикалық жобалау:

    • Әлеуметтік ортаны педагогикалық тәсілдермен ӛзгерту;

    • Әлеуметтік проблемаларды педагогикалық құралдармен шешу.

  2. Психологиялық–педагогикалық жобалау – Оқыту мен тәрбие мақсатын жаңарту;

    • Оқыту мен тәрбиенің әдістерін ӛзгерту;

    • Педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру түрлерін жасау;

    • Педагогикалық қатынас жүйесін жаңарту.

  3. Білім берудегі жобалау:

    • Білім беруге мемлекет пен қоғамның талаптарын қалыптастыру;

    • Білім беру нәтижелерін жобалау;

    • Білім беру мекемелерін институттарын құру; – Білім стандарттарын жасау.

Педагогикадағы инновациялық бағыттарды зерттеген В. Я. Ляудис те білім берудегі жобалау туралы, біріншіден, бұл–мақсатқа бағытталған, жобаланған, саналы түрде ұйымдастырылған оқыту процесі, оны басқару ғылыми және мәдениеттанымдық білімдерді пайдалану негізінде іске асырылады. Екіншіден, бұл–мақсатқа бағытты ұйымдастырылған болашақтағы міндеттерді орындауға қабілетті тұлғаны әлеуметтік дамыту ситуациясы, сонымен қатар, осы жерде мақсат ретіндегі болашақтың нәтижелік мәні де, оны орындауға дайындық деңгейіне жеткізетін үдеріс те жобаланады» дейді.
Осылайша, қазіргі заманғы әдіснамалық, мәдениеттанымдық, ғылымтанымдық және психологиялық– педагогикалық–әлеуметтік ғылымдар қағидаларына сүйене отырып, жобалау – педагогикалық феномен дей аламыз және оның негізгі сипаттамаларын тӛмендегідей кӛрсетуге болады:

    1. жобалаудың мақсаты мен соған сай педагогикалық іс -әрекеттер қайта жаңартуларды кӛздейді;

    2. жобалау педагогикалық рефлексия арқылы қамтамасыз етілетін болашақтың нақты бейнесін жүзеге асырады;

    3. педагогикалық жобалау жобалау нысанын ғана емес, оған қатысушы жобалау субъектілерін дамытуға бағытталады.

Жобалаудың мүмкіндіктері педагогикадағы ақпараттық - коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейеді, сӛйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі одан әрі дами түседі деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет