Сҧрақтар мен тапсырмалар Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы
Д. Дьюи мен В. Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.
Жобалау–педагогикадағы демократиялық қатынас құралы ретінде.
Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы.
Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компоненті ендірілуі
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні.
Жоба, жобалау ұғымдарының педагогикалық мәнінің анықталуы.
В. В. Давыдов пен Ю. В. Громыко анықтаған жобалық– бағдарламалық үдерістің педагогикада қолданылу шарттары.
Педагогикалық жобалаудың логикасы мен ресурстары.
Педагогикадағы инновациялық жобалау әрекеттері.
Глоссариймен жұмыс.
2. Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен тҥрлері Белгілі жүйетанушы О. Г. Прикоттың ғылыми зерттеулерінде педагогикалық жүйелер қазіргі білім берудегі жобалаудың қолданбалы қызметінің әдістемелік базасы бола алады және білім беру саласын дамытудағы ізденістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық жобалауды жүйелік тұрғыдан қарастыру тұжырымдамасы негізінде ӛткен ғасырдың 80-жылдары ене бастады. Олар Ю. К. Бабанский, В. С. Ильин, В. П. Беспалько,т.б. педагогикалық үдерістегі жүйе құраушы идеялары негізінде пайда болды. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қарастыру олардың педагогикалық әрекеттерді жобалауға жаңа кӛзқарастарын кӛрсетеді. Ондағы мақсат мұғалімнің жобалық әрекеттері оқушыны дамытуға бағытталғандығын байқатады. И. П. Волков ӛз еңбегінде болашақ педагогтың үш кәсіби сапасы – пәндік, педагогтық және жобалау кәсіптерін болуын құптайды. Жобалау білім саласындағы кәсіби әрекеттердің жетекші компоненті болып табылады, сонымен қатар ол білім беруді басқаруға да бағытталады. М. А. Данилов педагогикалық үдерістегі жобалаудың негізгі бағыттарын жасай отырып, П. Ф. Каптеревтің идеяларын қайта жаңғыртты. Оның мазмұны педагогикалық үдерістің ішкі жақын – педагогикалық үдеріс логикасын, педагогикалық зерттеу логикасын, педагогикалық перспектикалық ойлау логикасын болашаққа қатысты құрастыру болатын. Автордың ойынша болашаққа бағытталған педагогиканың басты шарты жаңа жаңарған педагогикалық сана болып табылады.
Жобалау ӛзгермелі кезеңдердегі даму тенденцияларының жан–жақтылығы жағдайында педагогикалық жүйенің стратегиялық бағдарларын үнемі қамтамасыз етіп отырады. Олар:
жүйені белгілі бір қызметтері, қарым –қатынастары және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;
жүйенің жаңа қарым – қатынастарын, қасиеттерін және икемділігін қалыптастыратын компенсаторлық қызметтер дамытып отырады;
тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;
белгілі бір қызметтердің, қарым –қатынастардың және қасиеттерінің ӛзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп отыруын қамтамасыз етеді;
Кӛрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі, жобалау нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де, бірегейленетіні да осыдан. Бүгінгі таңда жобалау әрекеті педагогикалық жүйелерді жаңартатын, ондағы оқыту мен тәрбие үдерісін үшін жаңа жағдайлар жасай алатын кӛп функционалдық педагогикалық әрекет деп қарастырылуда.
Жобалаудың білім берудегі қызметін анықтауда В.П.Беспальконың пікірлеріне сүйене отырып, зерттеушілік, талдаушылық, жобалаушылық, жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. кӛптеген сипаттағы мәндерін белгілей аламыз. Ӛзінің кӛпфункционалдық сипатына сай педагогикалық жобалауды тӛмендегі сапаларда қолдануға болады:
Білім беру құралы ретінде әлеуметтік–мәдени контексте пайдалану, мысалы, білім алушылардың корпоративтік мәдениетін, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыруда қолдануға болады;
Оқыту/тәрбиелеу құралы ретінде–білім берудің дәстүрлі түрлерінен бӛлек қосымша, сабақтан тыс түрлерінде, мысалы, дипломдық жұмыс, ғылыми жобалар жазуда пайдалану;