Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет49/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

5. Педагогтарды инновациялық міндеттерін
орындауға даярлау
Педагогикалық мақсат қою жүйесін басқару.
Кәсіби жетілдірудің түрлері мен әдістері.
Педагогтардың құзыреттілігін дамыту бағдарламасы.
Педагогтарды құзыреттілігін дамытуға ынталандыру.
Педагогикалық ұйым мүшелерінің ӛзара қарымқатынастары.
Даму бағдарламасын құрастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең: білім беру нәтижелерін бағалау кезеңі. Басқарудың теориялық моделі білім беруді жаңартуды қол жеткен білім беру нәтижелеріне талдау жасаудан, оларды білім берудің жаңа нәтижелеріне жету үшін қойылған мақсатпен салыстырудан бастау тұрғысынан қарастырады. Бұндай баға беруді педагогтар мен білім алушылар, ата– аналар арасында жүргізілген сауалнамалар қорытындаларын, қоғамдық сараптама мен қоғамдық аттестациялау қорытындыларын жинақтау негізінде ұйымдастыруға болады. Білім беру нәтижелерін бағалау бір жолғы жүргізілетін үрдіс болмауы да мүмкін, оның ұзағырақ мерзімді қамтуы, оның ішінде білім беру үдерісі субъектілерінің мақсат қоюшылық технологиясын дамыту, білім беру мақсатын қайта қарастыру кезеңдері ретінде жүргізілуі мүмкін.
Білім беру нәтижелерін бағалауды тақырыптық семинарлар, тренингтер, конференциялар, педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер түрінде ӛткізіп, оларда нәтижелердің алуан түрлері талдауға болады. Бұл шаралардың алдында міндетті түрде ақпараттарды талдау әдістері, оларды жинақтау мен талдау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Екінші кезең: жобалау кезеңі
Бұл кезеңде білім беру бағдарламаларыны нұсқаларын таңдау жүзеге асырылады. Нұсқаларды таңдау еліміздегі білім беру сапасын арттыруды кӛздейтін нормативтік құжаттарға, білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, ұйымдастырылу мәдениетіне, педагогтар кәсібилігіне қатысты жүргізіледі. Онда білім беру нәтижелерін кӛтерудің түрлі жолдары мен әдістері, түрлі білім мекемелерінде жүргізілген тәжірибелік, инновациялық жұмыстар қорытындылары, ғылыми және әдістемелік әдебиеттердегі теориялық және практикалық зерттеулер туралы ақпараттар мен мәліметтер жинақтау және талдау жасалады. Аталған бірінші және екінші кезеңдердегі бағдарлама мазмұны орындалу мерзімі бойынша аралас келуі де, ұжымның аналитикалық – талдау түрінде жүзеге асырылатын кәсіби деңгейін кӛтеруге бағытталған бағдарлама ретінде де қарастырыла алады.
Бұл жұмыстардың қорытындалары ретінде білім беру нәтижелерін кӛтерудің түрлі жолдары мен әдістері туралы мәліметтер жинақтары жасалады.
Келесі қадам болуы мүмкін ӛзгерістердің жобалық матрицаларын құрастыру. Бұндай матрицаларды ӛзгерістер жасалатын әрекеттің әрбір бағыты үшін жасаған дұрыс болады. Нұсқаларды таңдаудың критерийлері ретінде қол жеткен нәтижелерді бағалау, білім беру жүйесінің әлеуеті, басқару стратегиясының моделі (дәстүрлі, инновациялық, эксперименттік). Осылардың қорытындысы бойынша бірнеше бағыттарды матрицалар құрастыруға болады. Олар: білім беру үдерісі, мектептің ұйымдастырылу мәдениеті, білім беру ортасы, педагогтардың әлеуетіне қатысты.
Матрицаларды құрастыру үдерістер сипатында болып, ұжымды білім беруді жаңарту бағдарламасын орындауға даярлау кезеңінен тұрады, ол үшін инновациялық бағыттарды ендіру үшін арнайы даярланған топ құрылады.
Үшінші кезең: модельдеу кезеңі
Бұл кезеңде мектептің білім беру жүйесіндегі ӛзгерістердің бӛлек–бӛлек матрицаларын ӛзара келісімге келтіру нақты жобалар құрып, олардың орындалу кезеңдері анықталады.
Осы кезеңге дейін мектептің білім беру жүйесінде болатын барлық ӛзгерістердің негізгі бағыттары анықталады, ұжымның білім беру нәтижелерін кӛтеру бағдарламасын орындауға даярлығы қамтамасыз етіледі. Даярлықтың шарты ұжымның стратегиялық әрекеттерінің нақтылануы, мектептің перспективалық даму бағдарламасының құрастырылуы болып табылады. Бұндай бағдарламаны орындаудағы жетекші элемент ретінде жобалау тобын қалыптастыру және жеке бағыттарды орындауға жауапты адамдарды тағайындау есептеледі. Бағдарламаны орындау алдында оны басқарудың жағдайлары жасалады. Олар, білім беру жүйесінің барлық элементтеріндегі ӛзгерістерді құқықтық қолдауды қамтамасыз ететін жекелеген нормативтік актілерді жасаудан тұрады. Бағдарламаның басталуы алдында оның орындалуының бақылау түрлері белгіленеді және оның білім беру үдерісі субъектілеріне таныстыру технологиялары анықталады.
Ұйымның даму бағдарламасын жасаудың негізгі мәнісі білім беру ұйымының жалпы әлеуетіне баға беру, сонымен қатар, оны кӛтеру мүмкіндіктерін анықтау және жүзеге асыру шараларын белгілеу болып табылады. Соған сай, оның әлеуеті ӛзі жете алатын, жетуге болатын білім нәтижелерімен және қолда бар ресурстарымен айқындалады. Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі білім саласындағы жалпы саясатқа, білім беру ұйымының орналасқан жеріне (ауыл, аудан, қала), сонымен қатар, білім беру ұйымының ӛзіне, оның қажет ресурстарды тарта білу қабілетіне де байланысты болып келеді.
Бағдарлама білім беру ұйымының ӛзінде бар мүмкіндіктерге сай даму бағытында ӛзгерістерді енгізудің, ресурспен қамтамасыз етілудегі ӛзгерістердің, қолда бар ресурстарды пайдаланудағы ӛзгерістердің жоспарлануын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық жүйені дамытуды жобалар кӛбінесе даму бағдарламасының бір бӛлігі ретінде де немесе ӛз алдына дербес те жүзеге асырыла алады. Бұлардың қайсысын алсақ та, педагогикалық жүйенің мәселелерін анықтау, оның құрылымдары мен компоненттерін мақсатты түрде дамытуды, ондағы негізгі үдерістерге ӛзгерістер енгізуді кӛздейді. Бұл ӛзгерістер қалыптасқан жүйені күтілетін жүйеге сәйкестендіру үшін іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін ӛзгертіп, оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру, іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге ӛту процесін жоспарлау және шешімді жүзеге асыру логикасында жүзеге асырылады.
Қорыта келе, басқарудағы мақсаттық-бағдарлы жобалау технологиясы жүйенің ӛзіндік ұйымдастырушылық қабілеті оның құрамындағы субъектілік компоненттердің ӛз бетімен білім алуы мен ӛзін-ӛзі дамыту сапаларын педагогикалық жүйелерді дамытуға жұмылдыра алады, сонымен қатар, аталған сапалар жүйе қызметінің басты мақсаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет