Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет51/111
Дата08.09.2023
өлшемі0,85 Mb.
#106699
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau окулык

Сҧрақтар мен тапсырмалар





  1. Жобалау–оқушылардың өз бетіндік оқу белсенділігін арттыру технологиясы ретінде.

  2. Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың рөлі.

  3. Оқушылар–жобалау әрекетінің субьектісі ретінде.

  4. Жобалау барысындағы педагогтың іс – әрекеттері.

  5. Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері.

  6. Оқушылардың жобалау әрекетінің құрылымы.

  7. Жобалау және ғылыми зерттеу.

  8. Жобалау және жобалауға қабілеттілік.

  9. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.

  10. Глоссарийді толықтырыңыз.

2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше тҥрі ретінде


Бүгінгі таңда білім беру нәтижелері бүгінде жаңаша қарастырылуда, олар: өз бетімен білу алуға, әлеуметтік ортада өмір сүруге қабілеттілігі, шешім қабылдауға, мәселені шешуге қабілеттілігі, ақпараттық, қарым–қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілігі, жауапкершілігі мен белсенділігі, т.б.
Бұл нәтижелер оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын нәтижелер, соған орай, жобалау мектептің барлық сатыларындағы оқыту барысын түгел қамтитын әрекет деп айтуға әбден болады.
Жобалау әрекетінің жасөспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі

  • жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте

қалыптасқан өзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады.
Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін - өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз.
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында өзінің мінез–құлқын реттеу, өзіндік әрекетін басқару құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы жоғары сыныпта өзінің білім алу траекториясын таңдауға жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды және өзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін басқаруға қабілеттілігіне айналады.
Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік рөл де атқарады, яғни, оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет