Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Сӛйлеу бұзылуының зерттелу тарихы



Pdf көрінісі
бет13/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   139
Сӛйлеу бұзылуының зерттелу тарихы 
Логопсихология арнайы психологияның ең кӛп зерттелген, 
қалыптасқан саласы болып табылады «Тілдік патологиясы бар 
балаларды зерттеп қарастыру ісі, XIX ғасырдың соңы мен XX 
ғасырдың басында қолға алынды. Аталған патологияның 
терминологиялық қамтамасыз етілуі бірыңғай емес: мысалы, 
отандық әдебиеттерде 1920 ж. баланың сӛйлеуі қалыптасқанға 
дейінгі кезде, мидың органикалық зақымдануы салдарынан пайда 
болатын, ауыр тілдік жетілмеуді белгілену ҥшін, «алалия» 
термині енгізілді (Д.В. Фельдбергер), ал шетелдерде бҧл 
патология «даму афазиясы», «сӛйлеудің конституциональды 
тежелуі», «туа біткен афазия»
----------------------- 
1
Основы специальной психологии/ Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: 
«Академия», 2002. — С.45. 


19 
деп аталды (А.Л.Бентон, Ф.Жияр, Ф.Кохер т.б.). Аталған 
категорияға жататын балаларға, адекватты коррекциялық –
педагогикалық кӛмек беру мен әлеуметтендіру тҧрғысынан 
қарағанда, ең маңызды болып саналатын нәрсе – бірінші кемістік 
– тілдік жетілмеудің баланың интеллектуалды дамуына ықпалын 
шеттету. Логопсихология тарихында, осы мәселе тӛңірегінде 
қарама–қайшы пікірлер болды. 
А. Куссмауль, П. Мари, М.В. Богданов-Березовский , сондай-
ақ қазіргі замандағы зерттеушілер – Р.А.Белова-Давид, Е.А. 
Кириченко, бҧл бҧзылудағы жетекші рӛлді «жалпы органикалық 
зияткерлік кемістіктің» атқаратынын кӛрсетеді. Авторлар 
сӛйлемейтін және нашар сӛйлейтін балалардың сӛйлеу 
ҥдерістердің басқа психикалық ҥдерістердің жетілмеуіндегі басты 
себеп, олардың зияткерлік саласындағы ауыр кемшіліктер
осымен байланысты, сӛйлеу кемістігімен қатар, ақыл-ойдың 
кемістігі немесе психикалық даму тежелуі байқалады деп 
санайды. Осы бағытта жҥргізілген зерттеулерде, сипаттау 
қағидасы басым, онда психикалық ҥдерістердің жетілмеуін, 
сӛйлеудің ішкі заңдылықтарынсыз қарастырады.
Ал, екінші пікір мынаны дәлелдейді: алғашқы сӛйлеу 
кемістігі, сӛйлеу қызметінің айқын жетілмеуі немесе мҥлдем 
болмауы, мҧндай патологиясы бар балалардың психикалық даму 
деңгейі оларды ақыл-ойының кемістігі бар балалар категориясына 
жатқызуға болатындығы. «Сӛйлеуі бҧзылған балалардың 
психикалық кемшіліктерін зерттеудегі алғашқы еңбектер Р.Е. 
Левинаның еншісінде шықты. Автор мектеп жасындағы 
сӛйлемейтін алалик балалардың 4 тобын қарастырады. Балаларды 
топтауда ғалым олардың сӛйлеуімен қатар психикалық 
қызметтерінің ауыр зақымданғанын есепке алады, бҥкіл 
танымдық әрекеттің даму ерекшеліктерін анықтайды.
Сӛйтіп, балаларды келесі топтарға бӛледі: 
1) сӛйлеу дамуының бҧзылуы, фонемалық қабылдаудың 
бҧзылуымен ҧласқан; 
2) сӛйлеудің бҧзылуымен қатар кеңістіктік мағлҧматтары 
бҧзылған; 
3) кӛру арқылы қабылдау қабілеттерінде бҧзылу бар; 


20 
4) сӛйлеу қабілеті мен тҥрткі – қажеттілік саласы бҧзылған 
(психикалық белсенділікте). 
Р.Е.Левина айқын сӛйлеуде бҧзылуы бар балалардың 
танымдық әрекеттерінің дамуындағы ауытқуларды, екінші 
кемістік ретінде қарастырады, демек, оның қҧрылымы тікелей 
бірінші кемістікке қатысты. Бҧл пікір басқа ғалымдардың 
еңбектерінде ӛз жалғасын табады (Т.А. Власова, В.И.Лубовский, 
Л.С.Цветкова, И.Т.Власенко)»
1
.
Сӛйлеудің бҧзылуындағы танымдық ҥдерістерді бағалаудағы 
ҥшінші бір пікір Е.М. Мастюковаға
2
тән, ол бҧл мәселенің 
саралаушы тҥрде шешілуі қажеттігін айтады, себебі, балалардың 
бҧл тобы полиморфты, әрі формаларының кӛптҥрлілігімен 
ерекшеленеді. Олардың әрқайсысында, танымдық саланың
дамымауының ӛзіндік кӛріністері бар, бҧл орталық жҥйке 
жҥйесінің органикалық және функциональды локализациясы мен 
оның айқындық деңгейіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет