Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


БЦП түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар



Pdf көрінісі
бет44/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   139
БЦП түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар 
1.Паралич (сал) пен парез. 
Орталық паралич - ырықты қимыл-қозғалыстар жасаудың 
мҥмкін болмауы.
 
Бала денесін ӛз қалауымен қозғалта алмайды. 
Парез – салдың жеңіл тҥрі, ырықты қимыл-қозғалыстардың 
шектелуі. Орталық параличтер мен парездер, мидағы қимыл-
қозғалыс аймағы мен қимыл-қозғалысты жеткізуші жолдардың 
зақымдануы салдарынан болады. Ми зақымдануының ауырлық
--------------- 
1
Основы специальной психологии/ Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.95. 


62 
деңгейіне байланысты, тҧтастай сал кҥйі немесе жартылай 
қимыл-қозғалыс шектелуі пайда болады. Бҧл бҧлшық ет кҥшінің 
тӛмендеуімен байланысты. Мысалы, баланың қолын немесе 
аяғын ӛздігімен кӛтеруі, алға созуы, бҥгуі, екі жағына созуы
мҥмкін емес немесе қиынға соғады. Мҧның барлығы, маңызды 
моторлық функциялардың дер кезінде, толыққанды дамуына 
кедергі жасайды, ӛзіне-ӛзі қызмет ету дағдыларының, ойын, оқу, 
заттық әрекеттердің дамуын қиындатады. 
2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы. 
Кез келген қимыл-қозғалыс актісі ҥшін қалыпты, дҧрыс 
бҧлшық ет тонусы қажет. Бҧлшық ет тонусының реттелуі, жҥйке 
жҥйесінің әртҥрлі буындарының, ӛзара ҥйлескен қызметімен 
жҥзеге асырылады. БЦП–да бҧлшық ет тонусы жоғарылайды 
(спастика, бҧлшық ет гипертониясы). Әсіресе, аяқ-қолдардың 
бҥгуші бҧлшық еттерінің, жамбас бҧлшық еттерінің, табандағы 
бҥгуші бҧлшық еттердің т.б. кейбір бҧлшық ет топтарының 
тонусы аса жоғары болып келеді. Бҧлшық еттер тонусының 
жоғарылауы, БЦП балалардың спецификалық кейпін туғызады: 
аяқтары тізеден бҥгіліп, бір-біріне тҥйістірілген, салмақ табанға 
емес аяқ башпайларына тҥседі, қолдары шынтақтан бҥгіліп, 
денеге жанасқан, саусақтары жҧдырыққа тҥйілген. 
БЦП-ң 
гиперкинетикалық 
формасы, 
бҧлшық 
ет 
дистониясымен сипатталады. 
Дистония 
- бҧзылу, яғни бҧлшық ет 
тонусының қҧбылмалылығы. Қалыпты жағдайда, бҧлшық еттер
бос болып кӛрінеді және гиперкинездер жоғалады, босаңсиды, 
сәл қимыл жасай бастаса, тонус кҥрт жоғарылайды, бҧлшық еттер 
бірден қатты жиырыла бастайды гиперкинездер кҥшейеді. 
Атетоидтық гиперкинездерде, бҧлшық ет дистониясы тонусты 
ӛзгертеді, қҧрт тәрізді жыбырлаған, ҥздіксіз спазм пайда болады.
БЦП-ң атониялық–астатикалық формасында, бҧлшық ет 
гипотониясы орын алады. 
Гипотония 
- бҧлшық еттердің әлсіз, 
болбыр болып келуі. Ригидтілік қҧбылысы да жиі кездеседі. 
Ригидтілік немесе ебедейсіздік -
тетанус жағдайы – шамадан тыс 
қатты жиырылу. Қимыл-қозғалыс шҧғыл, оқыс орындалады, оқыс 
қимылдар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет