Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет72/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139
 
бҧл балаларда,
 
мектепке дейінгі жаста 
қалыптасады

Оқу әрекетінің ерекшеліктері туралы
------------------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.125. 


120 
Е. Г. Речицкаяның еңбектерінде беріледі. Оның мәліметтері 
бойынша, саңырау балаларда оқу әрекетінің барлық тҥрткілері 
бар. Әсіресе, жоғары баға алуға деген ынта, кӛбірек кӛзге тҥседі. 
Оқытудың 
ықпалымен, 
бастауыш 
сыныптағы 
саңырау 
балалардың оқу-танымдық тҥрткілерінің рӛлі арта тҥседі, сӛйтіп, 
3-4 сыныптарда ол екінші дәрежелік орын алады. Саңырау 
балалардың ақыл-ой дамуының ерекшеліктерімен байланысты, 
оларда оқу әрекетінің барлық тҥрлерінің қалыптсуында, бірқатар 
қиындықтар 
туындайды. 
Оқу 
әрекетіндегі 
маңызды 
кемшіліктердің бірі – олардың оқудағы міндеттерді орындауға 
емес, мҧғалімнің талаптарын қанағаттандыруға ҧмтылуы.
Негізгі ойлау операцияларының дамуындағы тежелумен 
байланысты, саңырау балаларда оқу әрекеттері баяу қалыптасады: 
талдау мен жинақтаудың жетілмеуінен, есептін шарттарын 
ӛзгерту қиындығы пайда болады, абстракциялау кемшілігінен 
қатынастарды модельдеу қиындығы туады. Оқу әрекеттері 
тарылған, 
шектелген, 
қорытындыланбаған 
негізде 
қалыптасатындықтан, саңырау балалар оқу әрекеттерін жаңа 
жағдайларға, жаңа шарттарға кӛшіре алмайды. 
Есту қабілеті бҧзылуының орнын толтыру бағытында, 
саңырау балаларды ӛмірге әлеуметтік бейімдеуде, 
еңбектің 
рӛлі 
ерекше

Демек, балаларға кәсіп таңдау мҥмкіндігін беру ӛте 
маңызды. Саңырау балалардың ақыл-ой дамуындағы талдау мен 
жинақтау, абстракциялау, қорытындылау сияқты қабілеттердің 
кемшіліктері салдарынан, балалар ӛз мақсаттарын анықтап алу 
мен оны санамен қабылдауы қиынға соғады. Еңбек әрекеті 
ҥдерісінде, олар тезірек нәтижеге жетуге, мақсатқа жылдам қол 
жеткізуге ҧмтылады. Бірақ, оларда тапқырлық пен мақсаттылық 
жетіспейді, яғни болашақ нәтиже бейнесі мен алынатын нәтиже 
арасындағы қатынасты орнату, қиындықтардың себептерін талдау 
қабілеті жетіспейді. Сондықтан, саңырау жасӛспірімдер кейде 
тҥпкі мақсатқа жету жолындағы міндетті жетістіктерді саналы 
тҥрде ҧғынбайды, назардан тыс қалдырады. Бҧл сапалардың 
толыққанды қалыптасуы ҥшін, еңбекке деген жағымды, оң 
кӛзқарас тәрбиелеу керек, қажетті тҥрткі мен ынта туғызу керек.
Басты қиындықтар, әсіресе, еңбек жолының бастапқы 
кезеңдерінде пайда болады. Бҧл олардың тҧлғааралық ӛндірістік 
қарым-қатынастарды саналы тҥрде тҥсінуінде, яғни тҧлғааралық 


121 
қатынастар мен тҧлғааралық қабылдау механизмдерінің баяу 
қалыптасуымен байланысты. Жасӛспірімдер мен жастардың 
тҧлғааралық қатынастарды бағалау кӛрсеткіштері жеткіліксіз 
қалыптасқан. Олар жҧмыс барысында, айналадағы қарым-қатынас 
жасайтын адамдарды бағалауда жиі қателеседі, іскерлік және 
тҧлғалық қарым-қатынастарын саралай алмайды.
Есту қабілеті бҧзылған адамдардың психикалық даму 
ерекшеліктерін зерттеген А. П. Гозова, олардың мамандық таңдау 
шеңберінің 
шектелуі 
туралы 
айтады. 
Бҧл 
олардың 
координациясының дәл болмауы мен қимыл-қозғалыстарындағы 
ӛздеріне сенімсіздік кӛрсетуі, статикалық және динамикалық 
тепе-теңдікті ҧстау қиындығы, кеңістікті бағдарлау деңгейінің 
тӛмендігі, 
іс-әрекет 
қарқынының 
баяулығы 
сияқты 
ерекшеліктермен тҥсіндіріледі.
Есту қабілеті бҧзылған балаларды араластыратын еңбек 
әрекеттерінің, әдептілік, адамгершілік негіздері болуы шарт, 
сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар, нақты нәтижеге қол жеткізуге 
мҥмкіндік беретін, ӛндірістік еңбек болуы шарт. Еңбектің тҥрі, 
педагогикалық бағдармен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет