Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Естуі бҧзылған балалардың іс-әрекет ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет71/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139
 
7.3. Естуі бҧзылған балалардың іс-әрекет ерекшеліктері
 
Іс-әрекет ҥдерісінде, яғни адамдардың қоршаған ортамен 
белсенді әрекеті барысында, психологиялық ҥдерістер жетіледі,
кемелденеді, таным тҥрлері байиды, әрі кҥрделенеді, әлеуметтік 
тәжірибелер жинақталады.
«Заттық әрекет
дамуының алғышарты – заттармен іс-
әрекет жасауды ҧзақ уақыт ішінде меңгеру болып табылады: 
ҧстау, спецификалық және спецификалық емес манипуляция 
жасау, заттарды қажетіне қарай пайдалану, қолдану т.б. 
------------------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: 
«Академия», 2002. — С.119. 


118 
Есту қабілеті бҧзылған балаларда, спецификалық емес 
манипуляциялардан, спецификалық манипуляцияларға кӛшу, 
еститін балаларға қарағанда, кешірек жҥзеге асады. Саңырау 
балаларда, арнайы ҥйретусіз бҧл сала ӛте баяу және әркелкі 
дамиды. А. А. Венгер, Г. Л. Выгодская, Э. И. Леонгард сияқты 
ғалымдардың мәліметтері бойынша, бҧл балалардағы кейбір 
әрекет тҥрлері тек 2-2,5 жастан кейін, тіпті мектепке дейінгі 
ересектену жасында ғана пайда болады. Балалар тек ӛздеріне 
таныс заттармен ғана іс-әрекет етеді. Саңырау балалардың заттық 
әрекеттері, мектепке дейінгі жаста, яғни олардың бағдарлау 
әрекеттерінің тәсілдері ӛзгергенде жалғасады. Мектепке дейінгі 
жаста, олардың қарапайым бағдарлау әдістері, анағҧрлым 
кҥрделі формаларға ауысады.
Бірақ, А. А. Венгердің айтуынша, оларда заттармен іс-әрекет 
жасау тәжірибесін қорытындылау мҥкіндігі аз. Сондықтан, 
балалар кез келген қҧралды, жаңа жағдаятта пайдалана алмайды. 
Олар ӛз мақсатына жету ҥшін, адекватты емес жолдарды 
таңдайды (мысалы, орындықтың артында жатқан допты алу ҥшін,
орындықты аударып тастайды), таяқ сияқты тиімді пайдалануға 
болатын қҧралға еш назар аудармайды. Кейбір жағдайда, қандай 
да бір қҧралды қолдану керектігін, саңырау балалар ҧғынса да, 
айналасынан іске жарайтын, ештеңе таба алмайды. Бҧл олардың 
бағдарлау деңгейінің тӛмендігімен, объектілердің сапаларын 
жете 
тҥсінбеумен, 
оларды 
сәйкестендіру 
қиындығымен 
тҥсіндіріледі. Заттық әрекеттің нәтижесінде, қабылдаудың 
барлық тҥрлері дамиды, ал саңырау балада кӛру арқылы 
қабылдау, алдыңғы қатарға шығады, осы кӛру арқылы 
қабылдаудың кӛмегімен, ол заттық әрекетті жҥзеге асырады; 
қимыл-қозғалыстары кҥрделенеді, ойлаудың генетикалық негізгі,
бастаушы тҥрі – кӛрнекі-әрекеттік ойлау тҥрі қалыптасады.
 
Сюжеттік–рӛлдік ойын, саңырау балалардың мектепке 
дейінгі жасындағы жетекші әрекеті болып табылады. Есту 
қабілеті бҧзылған балалардың сюжеттік–рӛлдік ойындарының
дамуында, бірқатар ерекшеліктер бар. Мазмҧны жағынан, бҧл 
балалардың сюжеттік–рӛлдік ойындары, еститін сау балалардың
ойындарымен ҧқсас (Г. Л. Выгодская). Саңырау балалардың 
ойындарында, ересек адамдардың тыныс-тіршілігі, қарым-


119 
қатынасы мен іс-әрекеті кӛрініс береді. Себебі, саңырау балалар 
ӛздерін қоршаған ортадан алған әсерлерінің шеңберінен аспайды.
Сау балаларға қарағанда, саңырау балалар заттық-әрекеттік 
ойындар деңгейінде тҧрақтап қалады, ал олардың сюжеттік 
ойындары бірыңғай, тым қарапайым болып келеді. Саңырау 
балалар жасырын қарым-қатынастарды, ӛз беттерімен ҥнемі 
ҧғына бермейді, есесіне, кӛрнекі-заттық әрекеттерді ойындарында 
барынша кӛрсете алады. Сюжет детальды тҥрде орындалатын 
әрекеттермен ығыстырылып қалады. Мектеп жасына дейінгі 
саңырау балаларға педантизмге бейімділік тән, олар қоршаған
ортаның шындығын, ӛз ойындарында толық кӛрсетеді.
Сӛйлеудің тежелуі себепті, қоршаған орта қҧбылыстарын 
қорытындылау және шығармашылықпен кӛрсете білу қабілеті ӛте 
шектеулі. Кӛп жағдайда, саңырау балалардың ойындарындағы іс-
әрекеттер, стереотипі ҥрдісін аңғаруға болады. Балалар сол 
рӛлдерді, сӛздерді, әрекеттерді механикалық тҥрде қайталай 
береді. Әрі сол ойынды бҧрын ойнағандай, дәл сондай жағдайлар 
жасауға тырысады. Саңырау балаларда сонымен бірге, ӛзге 
балаларға механикалық еліктеу элементі кездеседі. Олар ӛз 
жандарынан еш жаңалық енгізбестен, тек ӛзгелердің ойынын 
қайталай беруге жалықпайды.
Саңырау балаларда ойын барысында, заттарды алмастыру 
қиындығы жиі кездеседі. Тіпті, қызметі жағынан жарайтын 
заттың ӛзін, қажет затты алмастырушы ретінде қабылдай 
алмайды (мысалы, машинаның орнына текшемен, қасықтың 
орнына таяқшамен ойнау сияқты, уақытша шартты әрекеттер 
болмайды). Саңырау балалар ойын әрекетін меңгерген сайын, 
біртіндеп детальды кеңейтулер енгізе бастайды. Айталық, 
қуыршақты 
тамақтандыруда, 
қасықты 
оның 
аузына 
жақындатумен шектелмейді. Ол алдымен, тамақты тәрелкеге 
салады, қасықпен араластырады, ҥрлеп суытады, содан кейін, 
«тамақтандыра бастайды» т.б.»
1
.
 
Оқу әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет