Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Есту қабілеті зақымданған балалардың зейін



Pdf көрінісі
бет102/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   139
 
10.3. Есту қабілеті зақымданған балалардың зейін 
ерекшеліктері 
 
Мектеп жасына дейінгі саңырау балаларда, олардың 
қалыпты қҧрбылары сияқты, зейіннің негізгі тҥрі – ырықсыз зейін 
жақсы дамиды. Бҧл балалардың зейінін әртҥрлі қҧбылыстар мен 
қызықты заттар арқылы аударуға болады. Зейіннің тҧрақтылығы 
баланың жасына сай ӛзгереді. Саңырау бала жыл басында,
--------------------------- 
1
Специальная психология / Под ред. В.И.Лубовского. 2-е изд., испр. – М.: Изд. центр 
«Академия», 2005 - С.95. 


201 
3 минуттан артық бір іспен айналыса алмаса, жыл соңында 
жҧмысқа қабілеттілік уақыты 10-12 минутқа кӛбейеді. 
Тапсырманың тҥрі ӛзгерсе, тҧрақты зейін уақыты 30-40 минутқа 
дейін ҧлғаяды.
Мектеп жасындағы балаларда, ырықты зейін тҥрі біртіндеп 
қалыптаса бастайды. Ол саналы бақылауға кӛнетін бола бастайды, 
тҧрақтылық, ауысу және таралу сапалары қалыптасады. Саңырау 
баланың зейінінің ауысуы қиындықпен жҥзеге асады. Бҧл іс-
әрекет ӛнімділігінің тӛмендеуіне, қателердің кӛбеюіне алып 
келеді. Ал зейін тҧрақтылығы мен ауыспалылығы, қабылданатын 
материалдың кӛрнекілігіне байланысты болады. Материал 
қаншалықты айқын, кӛрнекі болса, бала ақпаратты соншалықты 
жақсы қабылдайды. Бҧл балаларды оқытуда, кӛрнекі қҧралдар 
кеңінен қолданылуы қажет. Мысалы, суреттер немесе айқын 
нәрселер, ырықсыз зейінді аударса, кестелер мен сызбалар
ырықты зейінді аударады. Ырықты зейіннің қалыптасуы, 
қалыпты қҧрбыларына қарағанда, 3-4 жыл кейін қалыптасады.
Есту қабілеті бҧзылған балалар ҥшін, кӛру тітіркендіргіштері
қалыпты балалардағыдай емес, маңызды болып есептеледі, демек, 
тҥсетін ақпаратты қорытуда, кӛру анализаторына негізгі кҥш 
тҥседі. Мысалы, сӛйлеуді қабылдау, сӛйлеуші адамның бетіне 
мҧқият қарап, оның ерін қимылын ҧғынумен жҥзеге асады. Бет 
мимикасының секунд сайын ӛзгеруі, зейіннің шоғырлануын 
қажет етеді, бҧл ӛз кезегінде тыңдаушыны шаршатады, оның 
зейіні ыдырайды. Ал, зейіннің жоғарғы тҥрлері, олардың тіл 
дамуының кемістіктеріне байланысты, кеш дамиды. Алғашқы 
кезде, 
ырықты 
зейін, 
ересек 
адамдардың 
ықпалымен 
қалыптасады. Ересек адамның сілтеу белгісі мен сӛйлеумен 
берілетін нҧсқауы, қоршаған ортадағы заттардың ішінен 
қажеттісіне баланың назарын аударады. Бала біртіндеп, ӛзіндік 
нҧсқаулар негізінде, ӛз әрекетін басқара бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет