Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Кӛру қабілеті зақымданған балалардың зейін



Pdf көрінісі
бет103/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   139
10.4. Кӛру қабілеті зақымданған балалардың зейін 
ерекшеліктері 
 
Зейіннің белсенділігі, бағыттылығы, кӛлемі, таралуы, 
ауысуы, интенсивтілігі, шоғырлануы, тҧрақтылығы тәрізді, зейін 
тҥрлері мен сапаларына, кӛру кемістігі ӛз ықпалын тигізбей 


202 
қоймайды. Әйтсе де зейіннің аталған тҥрлері, дамуға қабілетті, 
кейде қалыпты балалардағыдан жоғары деңгейде дамуы мҥмкін. 
Сыртқы әсерлердің шектелуі, зейін сапаларының дамуына кері 
әсерін тигізеді. Сипап сезу арқылы немесе зақымданған кӛру 
анализаторы арқылы, жҥзеге асатын қабылдау ҥерісінің 
баяулығы, зейіннің ауысу қарқынына ықпал етеді, қабылданған 
бейнелердің ҥзік, жартылай кҥйде қалуына себеп болады.
Қандай бір іс-әрекетті сәтті, дҧрыс орындау ҥшін, зейіннің 
тиісті сапасы қажет болады. Мысалы, оқу әрекетінде зейіннің 
еріктілігі, шоғырлануы маңызды. Себебі, оқу материалын ҧғыну 
ҥшін, барлық назар соған аударылуы керек, кӛңіл бӛлінбеуі шарт 
т.б. 
Сол сияқты, кеңістікті бағдарлау тәрізді спецификалық 
әрекетте, еңбек әрекетінде зейіннің таралуы, нақты практикалық 
мәселелерді шешуге шоғырлануы нәтижеге жеткізеді. Соқыр 
немесе нашар кӛретін бала, кӛру кемістігінің орнын толтыру 
мақсатында, барлық сақталған анализаторлар арқылы, сырттан 
тҥскен ақпаратты барынша пайдалану қажет.
Қазіргі заманғы техникалық прогресс жағдайына бейімделу 
ҥшін, соқырлар мен нашар кӛретіндер, адамдардан ӛз бетімен 
әрекет ете білу, белсенділік таныту сияқты, ынта мен кҥш керек 
етіледі. Бҧл ӛз кезегінде, ерікті іс-әрекетті ҧйымдастыру, іс-
әрекеттің интенсивтілігі мен тҧрақтылығы, іс-әрекет талабына 
сай, зейіннің кӛлемділігі, таралуымен байланысты.
Осылайша, зейін қабілетін дамыту жеке тҧлғаның ерікті, 
интеллектуалды, эмоционалды қасиеттерімен байланысты, ол 
белсенді іс-әрекет барысында жҥзеге асады және қалыпты 
балалардағыдай заңдылықтар байқалады.
Кӛрмейтін балаларда, қалыпты балалардағыдай, тҥрлі 
аурулардың 
және 
шаршаудың 
салдарынан, 
зейіндері 
тҧрақсызданады. Ауыру кезеңінде, екінші соматогендік қорғаныс 
механизмі іске қосылады. Ал шаршағанда, бірінші қорғаныс 
механизмі іске қосылады. Дем алыстың әсерінен, науқастардың 
ауруы немесе шаршау белгілері біртіндеп жоғалады. Яғни, 
ағзаның 
интрафизиологиялық 
механизмдеріндегі,
функционалдық жҥйелеріндегі бҧзылу қалпына келеді. Зейіннің 
әлсіреуі, әсіресе, астениялық кҥйлерде байқалады (сылбырлық, 
шаршағыштық, жҥйке жҥйесінің қалжырауы). Астения кҥйі 


203 
сондай-ақ, улану, жҧқпалы ауру, жарақат, т.б. соң, пайда болуы 
мҥмкін. Зейін қабілетін зерттеуде, оның әртҥрлі әрекеттер 
кезіндегі ерекшеліктері мен жалпы ағза жағдайы есепке алынуы 
керек. Сонымен бірге, оқушы қандай сабақтарда зейінді 
болатыны (соңғы сабақта, бірінші сабақта, апта аяғында, апта 
басында т.б.), каникулдан кейінгі кезеңдегі зейіні есепке 
алынады. Тҥрлі профилактикалық және сауықтыру шаралары 
жҥргізіледі.
Балалардың зейіні, оқу және ойын ҥдерісінде дамиды. 
Баланы бақылауға, байқауға, тыңдауға, әртҥрлі заттардың 
сапаларын сипап сезуге ҥйрету қажет. Мектепке дейінгі жастағы 
балаларда, ырықсыз зейін маңызды рӛл атқарады. Мектеп 
жасына дейінгі балаларда, ырықты зейін тҥрін қалыптастыру 
керек. Бала ойын немесе оқу әрекетінде, шығармашылық 
қызығушылыққа жеткенде, оның ырықсыз зейіні қалыптаса 
бастайды. Мҧны толық жҥзеге асыру ҥшін, мақсатты ойындар 
қолданылады, 
ал 
мектеп 
жасындағы 
балалар 
ҥшін, 
шығармашылық тапсырмалар мен оқу мәселелері қолданылады. 
Оқу және ойын ҥдерісіндегі соқыр балалардың зейіні, ӛзінің 
қҧрылымы жағынан, тҥрі мен пішіні жағынан, қалыпты 
балалардыкімен бірдей. Зейіннің негізгі ҥш тҥрінің қызметі 
бҧзылмайды. Нашар кӛретіндер мен жартылай кӛретіндердің 
алатын мағлҧматтары сапалық жағынан әртҥрлі болуы мҥмкін. 
Бірақ, кӛру қабілеті бҧзылған балалардың зейіні, басқа 
анализаторлардың 
кең 
мҥмкіндіктерінің 
есебінен 
толықтырылады. Кӛру кемістігі бар балалардың зейіні, тек 
белсенді іс-әрекет ҥстінде ғана дамиды. Тек әрекет ҥстінде ғана 
ырықты, ырықсыз және ерікті, еріксіз зейін қабілеттері дами 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет