28
деңгейдегі тиімді қызметін қамтамасыз ететін тетіктерді күні
бұрын дәл анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, басқаруды
қатаң тәртіпте ғана ұстау әдісі оның жұмысын баяулатып,
ӛзіндік дамыту, жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін
тежейді. Ал, алдын-ала белгіленген мақсатты нақты бағдар
ретінде пайдалану күрделі жүйелердің икемділігін және
ӛзіндік ұйымдастырылуын, оның барлық деңгейлердегі кіші
жүйелерінің іс-әрекеттеріндегі дербестікті дамытудағы түрлі
қатынастардың ӛзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін құрал
болып табылады.
Жүйелік тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымын қалыптастырудың басты ерекшелігі–ондағы
басты жауапкершілік қызметтік міндеттерді атқару емес,
қойылған мақсатқа жетуді кӛздейтін
жобалау қызметін
реттеу болып табылады. Күрделі жүйелер құрамындағы кіші
жүйелерде нақты мақсатқа жету жолдарының мазмұндық
түрлілігіне байланысты басқару жүйесі компоненттерінің
мақсатты
-
бағдарлы
құрылуы қызметтік бағдарлылыққа
қарағанда тиімді екені сӛзсіз.
Жүйелерді
басқарудағы
мақсатқа
бағдарлы
ұйымдастырушылық
құрылым
қалыптастырудағы
жобалаудың
мәнісі әрбір
кіші жүйенің басқару құрылымы
мен деңгейлеріне дербес мақсат пен міндеттер қоюда болып
табылады, ал бұл мақсат
-
міндеттердің реттелген
жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруғ
а
мүмкіндік береді. Сӛйтіп, қазіргі замандағы күрделі
әлеуметтік жүйелерді, соның ішінде білім беруді жаңғыртуға
қатысты ӛзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты
ендіріліп жатқан жобалау - әлі де теориялық зерделеу, оны
білім
саласында одан әрі пайдаланудың жолдарын айқындау
қажеттігі бар жаңа қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: