29
5.
Жобалаудың тәжірибелік–бағдарлы ғылым ретінде
қарастырылуы.
6.
Жобалауды
ұйымдастырушылық
мәдениеттің
жаңа түрі ретінде қарастыруға мысал келтіріңіз.
7.
Жобалауды жүйелі ой-әрекет әдіснамасы негізінде
қалыптасатын басқару қызметі ретінде қарастыру
мүмкіндігін
мысал
арқылы
дәлелдеуге
тырысыңыз.
8.
Жобалауды
әлеуметтік
салаларды
дамыту
мақсатына сай ресурстарды тиімді ұйымдастыру
қызметі ретінде қарастыру мақсатында белгілі бір
мақсатты ала отырып, оның ресурстарын мақсатқа
сай ұйымдастыруды жобалаңыз.
9.
Жобалау қызметінің жүйені дамытуда тиімді
механизм екенін ӛзіңіз білім алатын, не
жұмыс
істейтін білім беру ұйымын мысалға ала отырып
дәлелдеп кӛріңіз.
10.
Осы бӛлім бойынша қандай ұғымдарды
глоссарий құрамына енгізуге болатынын анықтап,
анықтамалық сӛздікті жалғастырыңыз.
3. Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
Ӛркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде
ұйымдастырушылық әрекеттердің негізгі түрлері пайда
болды, оны бүгінгі зерттеушілер
ұйымдастырушылық
мәдениет
деп белгілеп отыр. Қазіргі әлеуметтік жүйелерде
ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі
пайда болуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Мысалы, ХХ
ғасырда әлеуметтік–мәдени жүйелерді
интеллектуалдық
ұйымдастыру
теориясымен
қатар
олардың
жобалау
бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру теориялары
кеңінен тарай бастады.
Сонымен қатар, оның негізіне тек
теориялық білімдер емес, кӛбіне осы бағыттарда тәжірибелік
талдау қызметтері алынғаны байқалады. Бұған дейінгі
ұйымдастырушылық мәдениетте теориялық таңбалаудың
жаңа түрлері –
модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры,
т.б. жасалған болатын, кейін бұлардың барлығы да жаңа
теориялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша
30
таңбалар түрінде пайда
болған жаңа теориялар мен
технологиялар алынатын ӛнімді ғана емес, жалпы
технологияларды, бағдарламаларды жобалау қызметін
ұйымдастырудың басты түріне айналды.
В. А. Никитин
дәстүрлі
ұйымдастырушылық
мәдениетті адамзат қоғамы дамуының ең алғашқы кезеңдері
деп қарастырып, ондағы әрекет жолдары мен амалдарын сол
қоғам тұрғысынан сипаттайды.
Корпоративтік - қолӛнерге
бағытталған
ұйымдастырушылық мәдениеті ортағасырлық
діни
иерархия құрылымы, қалалар мен университеттер
жағдайларындағы білім мен дағдыларға үйрету әдістері
түрінде қарастырылады. Одан кейінгі
кәсіби (ғылыми)
ұйымдастырушылық
мәдениетті барлық бағыттардағы
кәсіби орталарды біріктіретін әрекет ретінде ғылым
алынады, кәсіби мәдениеттің
негізіне ғылыми білім
қойылып, барлық материалдық және рухани ӛндірістердің
негізіне білім мен ғылым жатқызылды. Сӛйтіп, бірнеше
ғасыр бойына ұйымдастырушылық
мәдениеттің кәсіби түрі
жетекші рӛл атқарып келді.
ХХ ғасырдың аяғына қарай ұйымдастырушылық
мәдениеттің дамуында қайшылықтар пайда бола бастады,
олар:
− ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі
мен ғылымның ӛзі туындатқан парадигмалар ауысуынан
пайда болған ғылыми білімнің
құрылысы арасындағы
қайшылық;
− ғылыми білімнің қарыштап дамуы, оны ӛндірудің
технологияландырылуы, дүниенің біртұтас бейнесінің
ӛзгеруіне, соған сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше
мамандықтарға бӛлшектеніп кетуі;
−
қоғамның
тегіс
салалануымен
қатар,
кӛпмәдениеттіліктің дамуы, әр мәдениеттің ӛз тарихы мен
ӛзін танытуға ұмтылуы бұрынғы «жаппай европалану»
үрдісінен мүлдем бӛлек қалыптасуда. Сонымен қатар,
дәстүрлі ғылыми модельдер мүмкіндіктерінің шектеулі,
әмбебап
болмауы
ұйымдастырушылық
мәдениеттің
технологиялық (жобалық -технологиялық) түрін қажет ете
бастады.
31
Осы
үдерістер
ӛзімен
бірге
әлемдегі
саяси,
экономикалық, қоғамдық және мәдени ситуациялардың
тұрақсыздануы мен ӛзгермелілігін алып келді, сӛйтіп, бірінен
соң бірі пайда болып жатқан жаңа жағдайлар тәжірибенің де
үнемі ӛзгеріп отыруын қажет етіп отыратыны белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: