39
6.
Жобалау негізінде инновациялық үрдістерді
мәдени
дамыту
тәжірибесінде
қалыптасқан
бағыттар.
7.
Жобалаудың негізгі қарастырылатын
контекстері
мен оларды синтездеу үлгілерін сипаттаңыз.
8.
Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру және
білім беру мен
ғылыми әрекеттердің мәдени
инновациялық түрі ретіндегі схемаларына талдау
жасаңыз.
9.
Педагогикалық тәжірибенің даму барысындағы үш
мәдени-инновациялық
құрылымға
сипаттама
беріңіз.
10.
Жобаларды құрастыру мен жүзеге асырудағы
субъектінің (ұйымдастырушының) жетекші рӛлі.
11.
Осы бӛлім бойынша қандай ұғымдарды
глоссарий құрамына енгізуге болатынын анықтап,
анықтамалық сӛздікті жалғастырыңыз.
4. Әлеуметтік жобалау
Бүгінде әлеуметтік басқару, әлеуметтік жоспарлау,
әлеуметтік және ұйымдастырушылық үдерістер мен
құрылымдарды
құрастыру және жобалау, дизайнерлік және
архитектуралық жобалаулар топтарының тәжірибелері
қалыптасып, жедел дамуда. Олардың басты ерекшелігі-бір
жағынан,
ондағы
объектілер
әлеуметтік
тұрғыдан
сипатталғанымен, екінші жағынан,
әрекеттердің орындалу
стратегиялары жүйелік-техникалық, квазиинженерлік және
жобалық сипатта орындалады.
Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа
бағыттарды
әлеуметтік құрастырулар
деп атау шартты
түрде болады, ӛйткені, әлеуметтік зерттеулер кӛмегімен біз
әлеуметтік объект туралы біле аламыз, әлеуметтік құрастыру
(модельдеу) оның даму
бағыттарын айқындап береді, ал
әлеуметтік жобалау
оны жүйелік тұрғыда тиімді түрде
қайта құру жолдарын кӛрсетеді. Олар әлеуметтік
құрастырудың бірнеше принциптерін белгілейді. Олар,
жоғарыда айтылған-
алдын-ала талдау жасау, объектіге
жүйелі сипаттама беру, мақсат қою және оған жету
40
жолдарын анықтау, жүзеге асыру әрекеттері.
Бұл жерде
құрастыру идеясын кӛздейтін түйінді сӛздер де анықталған -
әлеуметтік зерттеулер, болжау, тиімді түрде қайта құру,
жүйелік тұрғы.
Осылайша, әлеуметтік инженерия саласын
құрайтын жаңа әрекет негізделіп, ол жалпы түрде әлеуметтік
жобалау деп кӛрсетіліп жүрсе де жаңа әрекеттің нақты
атауы болған жоқ.
Жаңа атаудың қажеттігі
сол кездегі қоғамдық санада
пайда болған жаңа құбылысты – ұйымдастыру әрекетіндегі
инженерлік парадигманың орнына келіп жатқан
жобалау
парадигмасын-әлеуметтік
құрастыру
терминімен
түсіндірудің жеткіліксіз болуынан еді. Сӛйтіп, 70 - 80–
жылдары бұл әрекеттің жаңа атауы -
әлеуметтік жобалау
ретінде қалыптасты.
Әлеуметтік жобалау бір-біріне теориялық қағидалары
бойынша тығыз байланысты екі бағытта дамуда. Бірі,
философияға
негізделсе, екіншісі, әлеуметтану ғылымына
сүйенеді. Олардың екеуіне де ортақ болып отырған
тұжырым - әлеуметтік жобалау,
әлеуметтік инженерияның
бір түрі ретінде ӛзекті әлеуметтік проблемаларды шешудің
тиімді құралы ретінде қызмет етуі қажет деп есептелуі.
Осылайша қарастыру арқылы әлеуметтік жобалаудың
мәнін ӛз қайшылықтары,
проблемалары мен дағдарыстары
бар қалыптасқан қоғамдық тәжірибе емес, алға мақсат қылып
қойылған, таңдап алынған идеалды деп есептелетін тәжірибе
деп түсіндіреді.
Т.М.Дридзенің
айтуынша,
Достарыңызбен бөлісу: