Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет80/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Идеяның пайда болуы: 
а) белгілі бір құбылыстың немесе бейненің, обьектінің 
түрткі болуынан; 
б) жоба нәтижесіне жеткізетін жаңа құралдар пайда 
болуынан; 
в) тарихи оқиға, сипаты немесе ерекше тарихи тұлғаның 
түрткі болуынан; 
Идеяны жүзеге асыру арқылы
: а) нәтижеге қол 
жетуі; б) идеяның жұмыс барысында күрделенуі арқылы 
оның бір жақты бӛлігі бӛлініп, жоба ретінде алынады.
Идеядан бас тарту жағдайлары: орындау жасы тым жеңіл, әрі 
жедел орындалуы мүмкіндігі анықталғанда, орындау жолы 
ӛте күрделі, әрі қалыптасқан жағдайлар мен ресурстарға 
сәйкес келмеген жағдайда; 
Аталған сипаттамалар-негізінен оқушылардың жобалау 
әрекеттеріне тән құбылыстар. Ал, егер оқушылардың 
жұмысына педагогтар немесе басқа да ересек адамдар 
араласқанда аталған жағдайларға ӛзгеріс енеді. Ӛйткені, 
педагог оқушыларға алға қойған жобалау әрекеті бойынша 
кездесуі мүмкін мәселелерді кӛрсетуі, ресурстардың 
шектеулілігі, т.б айқындап беруі. Мысалы, оқушыларға 
экскурсия алдында нақты тапсырма беруі арқылы мұғалім 
оқушыларға ӛз ойларын үнемі жинақтап отыруға үйренеді, 
сол арқылы экскурсия нәтижесінде жаңа жоба жасауға 
тартуға да мүмкіндік алады. 
Жобалау ситуациясының барлық қырларын 
байланыстыра отырып, педагог идея мен оны орындау 
жолдарының тиімді құрылымын жасақтауға ықпал етеді. 
Сондай–ақ, мұғалімнің үнемі бақылап, түзетіп отыруы 
оқушыны ӛз ісін аяқтай білуге үйретеді. 
Бұл жағдайлар, жобалау әрекетінде оқушымен 
қатар педагогтың жетекші рӛлін тағы да дәлелдейді. Оқыту 
әрекеттеріне айырмашылығы–оның еркіндігінде. Сондықтан, 


217 
жобалау әрекетінің тиімді болуының маңызды факторы–
педагогтың кәсіби құзіреттілігінде. Жобалауға негізгі 
әрекеттерді сырттан байлап беруге де, нұсқаулықтар жасауға 
да болмайды. Оның басты құралдары–үнемі қадағалау және 
түзетіп отыру ғана. Мұғалім басшылығымен орындалатын 
жобалар да тӛмендегі ӛзгерістерге түсе алады, пайда болады, 
дами алады. 
Мұғалім 
ұсынған 
жобалау 
идеясы, 
тақырыбы, 
оқушының шығармашылық жұмысын айналып, оның ізденіс 
тақырыбына, баяндамаларына айналады. 
Мұғалім ұсынған шығармашылық жұмыс тақырыбы 
жобалау идеясына айналып, идея мен оны орындау бірігіп 
кетеді. Жобалау ӛнімі нәтиже ретінде айқындалып, ол 
орындау жолдары мен ресурстарын қамтиды. Бұл жағдайда 
идея мен оны орындау бірлігі тиімді болғанымен креативтік 
деңгейі тӛмен болуы мүмкін. 
Жобалаудың күтілетін нәтижеге қатысты құрылуы. Бұл 
кезде нәтиженің сипаттамасы нақты беріліп, оны орындауға 
барлық жағдайлар жасалады, бұнда шығармашылық аспект 
аз қаралып, ӛнімнің сипатына кӛп кӛңіл бӛлінеді. Оның 
оқушылар 
үшін 
маңыздылығы, 
ӛз 
әрекеттерін 
ұйымдастыруда сыртқы талаптар мен жағдайларды ескеруге, 
үйренуге мүмкіндік жасалатынында. 
Қорыта келе, жобалау әрекетін ұйымдастыруда осы 
ерекшеліктерді ескере отырып топтар құру, оқушылардың 
ӛзгеріске түсетін жобаларға қатысуға мүмкіндік жасау қажет 
болады дейміз. 
Жобалау және модельдеу. 
Жоба ұғымына түрлі 
анықтамалар берілуде. Модельге қатысты айтсақ, жоба – 
белгілі бір орындалатын, бірақ дәл осы кезеңде жасалмаған 
ситуациялардың моделі деуге болады. Белгілі бір жағдайдың 
ең әуелі болашақ моделі құрастырылады, тек содан кейін 
ғана техникалық амалдар жасалады. Осылайша, жобалау 
әрекетінің маңызды жағы-қалыптасқан жағдайды таңдау, 
оның қайта құрудың негізгі сипаттамаларын жасау, немесе 
модульдеу болатынын кӛрсетеді. 
Оқушылар үшін жоба нәтижесі ретінде алынатын 
нұсқаның моделін жасау маңызды екенін айту керек. 


218 
Модельдеудің 
екі 
түрлі 
типі 
бар–


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет