257
3.
Креативті шешім қабылдаушылық
– адамның
қалыптан тыс шешім қабылдауға немесе түрлі жолдарды
іздей білуге дайындығын кӛрсетеді;
4.
Компромисстік
(келісімге келе білу) бұл қасиеті –
мәселенің шешімін табуда тек ӛз мүддесі тұрғысынан ғана
емес, ӛзгелердің, қоршаған адамдардың мүддесі тұрғысынан
қарастыра білу. Бұл жағдайда шешім қабылдау оған қатысы
бар адамдардың кӛбінің мүддесіне сәйкес компромисске
(келісімге) келе алуға мүмкіндік береді;
5.
Алдын ала білу қасиеті
–шешім қабылданғаннан кейін
болуы мүмкін жағдайларды алдын ала есептей білу, яғни
белгілі бір шешім қабылдаудың
айналаға тигізетін әсерін
күні бұрын кӛре білу, оны талдай білу.
6.
Дұрыс таңдау жасай білу
–бұл шешім қабылдау
үдерісінің ең күрделі және белгісіздікке толы кезеңі.
Шешімнің дұрыстығын бағалау үнемі ӛзгеріп отыратын
жекелік және қоғамдық құндылықтар, қалыптасқан жағдай
мен оны қабылдаудың субьектілік
сипатына байланысты
оңай емес. Солай бола тұра, шешімнің дұрыстығын
анықтайтын кӛрсеткіш ретінде мәселені талдау барысында
анықталған жағдайларға сәйкестігі алынады.
7.
Сыналуға дайындығы
, бұл–шешім қабылдауда
пайдаланылған ақпараттардың
шынайылығын тексеруге
және қайта тексеруге қабілеттілік, кейбір субъектілік
тұрғыдағы ұсыныстардан, қате болса ӛз ұсыныстарынан да
бас тарта білу;
8.
Бірізділік
–таңдаған
шешімге сәйкес амалдарды
бірізділікпен қолдана білу;
9.
Жауапкершілік
–қабылданған
шешімге
сәйкес
әрекеттердің әрі қарай жүргізілуіне әзір болу, мойнына ала
білу.
Қазіргі таңда психология ғылымы ойлаудың ерекше
түрі – мәселені тұтас кӛре білу, оны шешу жолдарын болжай
білу, бірнеше нұсқалардың ең тиімді біреуін таңдай білу,
одан әргі әрекеттер стратегиясын
құру туралы шешім
қабылдай білуді қамтитын–ойлау түріне үлкен мән беретінін
байқауға болады.
Оқушылардың пәндік және түйінді құзыреттіліктерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін, олардың ӛз бетіндік
258
зерттеу
жүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуға
жағдай
туғызатын
тақырыптық
және
пәнаралық
жобалардың
білім беруді ұйымдастырудағы маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: