Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет15/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1.10. Мемлекеттік стандарттау жүйесі


Халық шаруашылығының барлық буындарында стандарттаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік және тәжірибелік негізін анықтайтын Мемлекеттік стандарттар жүйесі (МСЖ) Қазақстан республикасында енгізілді.


Негізгі мақсаттарына:

  1. Техникалық прогрестің жылдамдауы, қоғамдық өндірістің және инженерлік, басқару, еңбек өнімділігі тиімділігінің жоғарылауы;

  2. Өнім сапасының жақсаруы және оның тиімді деңгейін қамтамасыз ету;

  3. Өнімді жобалау және өндіру саласында мамандандыруды дамыту жағдайын қамтамасыз ету;

  4. Өнімге қойылатын талаптарды еліміздің қорғанысы мен байланысында қамтамасыз ету;

  5. Жоғары сапалы өнімді экспорттауды кеңінен дамыту жағдайын қамтамасыз ету;

  6. Өндірістік қорды тиімді қолдану және ресурстарды үнемдеу;

  7. Халықаралық қарым-қатынасты дамыту;

  8. Денсаулық қорғауды қамтамасыз ету кіреді.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін стандарттаудың алдына:

  1. Берілген өнімнің, шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдердің және жинақтаушылардың сапалық сипаттамаларын кешендік стандарттау негізінде дайын өнім сапасына талаптар тағайындау;

  2. Дайын өнімді жобалау, өндіру және пайдалану кезеңінде талап етілетін сапасын қалыптастыру үшін жағдай жасайтын ғылым мен техниканың алдыңғы шептегі деңгейіне сәйкес стандарттар жүйесін тағайындау;

  3. Өнімді бақылау және сынау құралдары және әдістерінің бірыңғай сапа көрсеткіштері жүйесін, сонымен қатар бұйымның тағайындалу және пайдалану жағдайларына байланысты сенімділік деңгейін анықтау;

  4. Өнім сапасының, түрлерінің, маркаларының және типтік өлшемдерінің тиімсіз көптігін болдырмау мақсатымен жобалау және өндіру саласындағы нормалар, талаптар мен әдістерді тағайындау.;

  5. Бұйымды жөндеу мен пайдалануды тиімді ету, өзараауыстырымдылық деңгейін көтеру, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және мамандандырудың маңызды жағдайы болып табылатын, өнеркәсіп өнімдерін бірдейлендіру және машиналарды агрегаттауды дамыту;

  6. Елімізде өлшеу бірыңғайлығы мен өлшем сенімділігін қамтамасыз ету, физикалық шамалар бірлігінің мемлекеттік эталондарын, сондай-ақ жоғары дәлдікті құралдар мен әдістерін одан әрі дамыту мен жақсарту;

  7. Бірыңғай құжаттамалар жүйесін, автоматтандырылған басқару жүйелерінде қолданылатын бірдейлендірілген құжаттамалар жүйесін, техникалық-экономикалық ақпараттарды кодтау және жіктеу жүйесін, еңбекті ғылыми ұйымдастыру техникалық құралдары мен өндірісті ұйымдастыру пішімі мен жүйесін тағайындау;

  8. Ғылым мен техниканың маңызды аймақтарында бірыңғай терминдер және белгілерді тағайындау;

  9. Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесін тағайындау;

  10. Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту саласы стандарттары жүйесін тағайындау мәселелері қойылады.

Стандарттау жүйесі ұйымдастыру, қаржылық, кадрлық шаралар жүргізу жолымен тұрақты жетілдіріледі. Мемлекеттік стандарттау жүйесі Қазақстан Республикасы экономикасы мұқтаждықтарын максималды қанағаттандыру, отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бәсекелестік қабылетін жоғарылатуы, республикамыздың азаматтарының мүддесін қорғауы, нарықта шет жақтан сапасы төмен тауар және қызметтің пайда болуының алдын алуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет