Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет



бет13/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет (2005 жылға дейін Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитет деп аталған) – Мемстандарт.
Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет өз қызметін ҚР-дың «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету» және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңдарын жетекшілікке алып, 2000 жылдың 18 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «ҚР-дың Индустрия және сауда министірлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитеті туралы ережелерге» сәйкес жүзеге асырады. Жаңа заңдар толығымен халықаралық талаптарға сай. Комитет стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу салалардағы мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады, стандарттау бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарының орындалуына, сертификаттаудың ережелеріне, сертификатталатын өнімнің сапасына, метрологиялық ережелерге, өлшеу құралдарының қолданылуы мен жағдайына, сонымен қатар сынау зертханалары мен сертификаттау бойынша органдардың қызметтеріне мемлекеттік бақылау жүргізеді. Саудада техникалық кедергілерді жою мақсатымен стандарттау, метрология, сертификаттау бойынша халықаралық ғылыми-техникалық қауымдастықтарды құрады.


1.1-сурет

Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша комитеттің негізгі міндеттері, қызметтері мен құқықтары ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 2 шілдедегі № 904 қаулысымен бекітілген. Онда:


- сапаны басқару, аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау салаладағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
- сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша заңнамалық және нормативті-құқықтық жобаларды дайындау;
- мемлекеттік стандарттар қорын құру, ҚР-дың стандарттарын халықаралық, өңірлік және шетелдің ұлттық стандарттарымен үйлестіру;
- стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару бойынша ҚР-дың негізге алынатын мемлекеттік стандарттарын дайындау;
- стандарттау, метрология, сертификаттау мен аккредиттеу сұрақтары бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныту және осы бағыттарда халықаралық қауымдастықтар құру;
- стандарттау, метрология, сертификаттау және сапаны басқару салалардағы орталық және орындаушы жергілікті органдардың, меншіктік субъектілердің қызметтерін үйлестіру;
- сынау зертханалары мен сертификаттау бойынша орган ретінде заңды тұлғаларды аккредиттеу;
- мемлекеттік сертификаттау жүйесіндегі аккредиттеу және сертификаттауға, сертификаттау үшін сынауға, салыстырып тексеруге, калибрлеуге құқық алу үшін өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету және типтерін бекіту мақсатымен өлшеу құралдарына сынау жүргізу;
- физикалық өлшем бірліктерінің эталондық базасын дамыту және жетілдіру;
- стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару салалардағы біліктілігі жоғары мамандарды дайындауды ұйымдастыру қарастырылған.
Тауар алмасуда техникалық және кедендік кедергілерді жою үшін Мемстандарт стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Еуразиялық Кеңестің мүшесі ретінде ТМД елдерімен тығыз байланыс орнатқан.
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ:
- техникалық шарттарды сараптауда, дайындауда көмек көрсету;
- шетелдік техникалық шарттарды есептік тіркеу;
- салыстырып тексерудің мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпараттарын белгілеу бойынша өнімде тауарлық жарлықтарды қалдыру;
- калибрлеу, жөндеу жүргізу, прокаттау, ӨҚ сынауға қатысу;
- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметіне ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсету;
- қоғамдық азықтандыру қызметіне, автотранспорттық қызметке және өнімге сәйкестік сертификатын беру;
- сапа жүйесін енгізу бойынша консалтингтік жұмыс жүргізу;
- ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарына сәйкес өндірістерге және сапа жүйесіне сертификат беру;
- тауардың құрамына сараптау жүргізу;
- өнімді өндіріске қояр алдында әдістемелік көмек және инженерлік-талдау қызметін көрсету;
- сырттан әкелінетін және отандық өндірістегі қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдар мен олардың құймаларынан сынама алу;
- қымбат металдар мен тастарға техникалық сараптама жүргізу қызметтерді атқарады.
Ұлттық аккредиттеу орталығы” АҚ қызметіне:
- сертификаттау салаладағы аккредиттеуге талпынушы ұйымдар мен өнеркәсіптерге сарапшылық баға беру;
- сарапшы-аудиторларды дайындау жатады.
Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты” РМК қызметіне:
- мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерін жетілдіру мен дамыту, оларды халықаралық талаптарға бейімдеу;
- ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің негізінде мемлекеттік стандарттар қорын құру мен дамыту;
- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін жоғарылату үшін сапаны басқарудың заманауи әдістерін енгізу;
- саудада техникалық кедергілерден өту үшін анықтамалық-ақпараттық қамтамасыздандыру;
- стандарттау, сертификаттау және сапа жүйелері салаладағы мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату кіреді.
Қазақстанның метрология институты” РМК:
- өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты есепке ала отырып, Қазақстан Республикасында метрологияны дамытуға бағытталған жұмыстарды;
- Қазақстан Республикасында өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негіздерін жетілдіру мақсатымен ғылыми-техникалық, тәжірибелік, әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстарды;
- Қазақстан Республикасында өлшем бірліктерінің техникалық базасын құру мен жетілдіруді;
- өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің заңнамалық және нормативті негіздерін құру мен жетілдіруді, метрология бойынша нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіруді;
- метрология саласындағы жұмыс жүргізуге құқық алу үшін заңды тұлғаларды аккредиттегенде өндірісті техникалық тексеруден өткізуді;
- Қазақстан Республикасында жасалынатын және импортталатын өлшем құралдарының бекітілген талаптарға сәйкестігіне сынау жүргізуді;
- метрология саласындағы өндірістерді, кәсіпорындарды, аумақтарды, ұйымдарды және басқа да тұтынушыларды нормативтік және ақпараттық қамтамасыздандыруды;
- метрология саласындағы кадрларды дайындау және олардың біліктілігін көтеруді жүзеге асырады.
Мемстандарт мүше болатын ұйымдар:
- Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO). Бұл ДСҰ-ға кірудің міндетті шарты болып табылатын ұлттық нормативті құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар отандық өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына әсерін тигізеді;
- Халықаралық метрологиялық заңнамалық ұйым (МОЗМ), өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің ережелері мен процедураларын халықаралық ұйымдардың ұсыныстарымен және басқа да мемлекеттердің ұлттық жүйелерімен үйлестіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ осы саладағы жұмыстарды өзара жүргізуге жағдай жасайды.
Мемлекеттік стандарттау қоры 44 мыңға жуық нормативтік құжаттардан тұрады, оның – 20 мыңы мемлекетаралық, 7,5 мыңға жуығы ұлтаралық, 8 мыңға жуығы шетелдердің ұлттық стандарттары, 1000-нан астамы Қазақстан Республикасының өз стандарттары. Олардан басқа мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың кітапханалық және толықмәтіндік мәлімет қоры бар.
Техникалық регламенттерді дайындаудың бекітілген Жоспарына сәйкес 105 техникалық регламентті дайындау және қабылдау қарастырылған. Қазіргі кездің өзінде 94 техникалық регламент қабылданған, олардың 71-імен жұмыстар жүргізілуде. 3578 отандық өндірістер халықаралық стандарттарға сәйкес басқару жүйесін енгізді және сертификаттады. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 3468 бірлік қабылданды, олардың 356-сы халықаралық талаптармен үйлестірілген, бұл үйлестірудің 68 пайызын құрайды.
Қазақстанның индустриалдандыру Картасына сәйкес халықаралық талаптармен үйлестірілген мемлекеттік стандарттарды дайындау қажеттілігіне талдау жүргізілді. Талдау отандық өнімдердің негізінен талаптары ескірген мемлекетаралық стандарттардың талаптарымен сәйкес дайындалатындығын есепке ала отырып жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша 150 бірлік көлемінде өнімге, сынау әдістеріне, жабдықтарға арналған стандарттардың дайындауға ұсынылатын тізімі дайындалды, 2014 жылға дейін 2464 стандартты дайындау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық қорында 47 мемлекеттік эталон (масса, ұзындық, қысым, кернеу, ауыспалы ток бірлігі, рН бірлігі, шекті электрлік өткізгіштік, температура, уақыт және жиілік бірлігі), 63 эталондық жабдықтар бірлігі және 13 мыңнан астамы үлгілік жоғарғы дәлдіктегі өлшем құралдарының бірлігі бар.
Өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық көрсеткіштерін сенімді және объективті бағалау үшін, олардың нормативтік құжаттамаларға сәйкестігі мен оларды эксплуатациялаудағы қауіпсіздігін есепке ала отырып, Мемстандартпен мемлекеттік сынаулар жүргізілген және Мемлекеттік реестрге 800-ге жуық өлшеу құралдарының түрлері енгізілген. Республикада сертификаттау мақсаты үшін 181 сертификаттау органы 541 сынау зертханалары, 1000-нан аса сарапшы-аудиторлар аккредиттелді (2010 жылдың ортасында алынған мәліметтер).
Қазақстан Республикасында сарапшы-аудиторлар реестрі құрылған. Бұл реестр Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргізуде заңды және жеке тұлғаларға қолдануға арналған. Реестр басылымы Қазақстан Республикасында Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Реестр қызметтің төменде көрсетілген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген және аттестатталған сарапшы-аудиторларды:
- өнім түрлері бойынша сертификаттауды;
- қызметтерді сертификаттауды;
- сынау зертханалары мен сертификаттау органдарын аккредиттеуді;
- сапа жүйесін сертификаттауды;
- тауарлардың құрамын сараптауды қамтиды.
Сарапшы-аудиторлардың реестрі:
- сертификаттың тіркеу нөмірін;
- аты-жөні мен тегін;
- мекен-жайын, байланыс реквизиттерін;
- жұмыс орнын, қызметін;
- қызмет бағытын;
- сертификаттың жарамдылық мерзімін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет