Шақтама және қондыру жүйесі – тәжірибе жүзінде, теориялық және эксперименттік зерттеулер негізінде құрылған және стандарт түрінде рәсімделген шақтама мен қондыру қатарының жиынтығы. Ол машина жасаудағы типтік біріктірулер шақтамалары мен қондыруларының қажетті және жеткілікті нұсқаларын таңдауға арналған.
Бұйымның жасау дәлдігі мен функционалдық қасиеттерін ескере отырып, берілген көптеген шақтамалар мен қондырулардың тәуелсіз бөлінуін анықтайтын фасеттік әдіс негізінде құрылған жүйе құрылымы. Құру әдісі көлденең және тік бойынша жүйенің негізгі белгілерінің нұсқалары мен деңгейі ұғымына әкеледі. Дәлдік деңгейлері шақтамалар қатарын квалитеті, класы және дәлдік дәрежесі бойынша тағайындайды. Қондыруларды құрастыру үшін негізгі ауытқулар нұсқаларын енгізеді.
Санау реті негізгі тетіктердің шақтама алаңдарының біржақты орналасуы және негізгі емес тетіктердің (түйіндесетін) кепілдікпен берілген негізгі ауытқуымен қабылданды.
Тесік жүйесіндегі (негізгі тетік тесік) барлық қондыру үшін тесіктің төменгі ауытқуы EI=0, тесіктің шақтама алаңының төменгі шегі нөльдік сызықпен беттеседі. Білік жүйесіндегі барлық қондырулар үшін негізгі біліктің жоғарғы ауытқуы es=0, біліктің шақтама алаңының жоғарғы шегі нөлдік сызықпен беттеседі.
Шақтама функциясы мына функциядан анықталады:
T = a і ,
мұнда, a – номиналды өлшемге тәуелді емес және шақтама бірлігінің санына тең коэффициент, і – номиналды өлшемге тәуелді, шақтама бірыңғайлығы немесе дәлдікті салыстыру эталоны.
Осы жүйе негізінде, халықаралық стандартқа толығымен сәйкес СТ СЭВ 144-75 МСТ 25347-82 КСРО стандарттары жасалды.
Цилиндрлік тетіктердің шақтамалары мен қондырулары. 500 мм өлшеміне дейінгі шақтамалар:
.
500 ден 3150 мм дейінгі өлшемдер үшін:
.
Мұндағы, D – әрбір аралықтың шекті өлшемдерінің геометриялық орташасы, өлшем бірлігі мм;
I, i өлшем бірлігі мкм.
500 мм дейінгі өлшемдер үшін 19 квалитет – 0,1 ;0; 1; 2;…; 16; 17, 500-ден 3150 мм дейінгі өлшемдер үшін 18 квалитет тағайындалған.
Квалитет дегеніміз номиналдық өлшемге байланысты өзгеріп отыратын және a коэффициентімен анықталатын дәлдіктің бірдей межелігіне сәйкес шақтамалар жиынтығы.
Әрбір дәлдік квалитеті үшін шақтама бірлігі i және шақтама бірлігінің саны a негізінде, дәлдік межелігі бір заңға бағынатын шақтама алаңының қатарымен берілген. Әр қатардағы шамасы әртүрлі тетіктердің біртиптік беттерінің өлшемі бірдей a мәнімен анықталатын бірдей қатынасты дәлдікке ие.
Квалитет саны өнеркәсіптің түрлі саласының қажеттілігімен, дәлдікті көтеру болашағымен, функционалдық және технологиялық факторлармен және т.б. анықталады. Квалитет мәнінің көтерілуімен дәлдік төмендейді, ең дәл квалитет 0, шақтамалар стандартта IT0; ….. ; IT17 деп белгіленеді.