Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет35/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Ж айпақ беттердің пішін ауытқуы. Жазықтылықтан ауытқуды шынайы беттің нүктелерінен, нормаланатын L телім шегінде жанасушы жазықтыққа дейінгі ең үлкен Δ арақашықтық ретінде анықтайды. Беттердің орналасуының ауытқуы. Беттің немесе пішіннің шынайы орналасуының номиналды орналасуынан ауытқуын айтады. Беттердің орналасуының ауытқуына – жазықтықтардың параллельдіктен, өстердің параллельдіктен, жазықтықтардың перпендикулярлықтан, ортақ өске қатысты өстіліктен, базалық жазықтыққа қатысты симметриялықтан, өстердің қиылысуынан, өстердің қисаюынан ауытқулар жатады.
Беттердің пішін және орналасу қосынды ауытқулары мен шақтамалары. Радиалдық соғу айналу бетінің базалық өске қатысты соғуы, қарастырылып отырған қима пішінінің дөңгелектіктен және оның центрінің базалық оске қатысты ауытқуының біріккен нәтижесі. Ол айналу бетінің шынайы пішіні нүктелерінен осы өске перпендикуляр, қимадағы базалық өске дейінгі Δ ең үлкен және ең кіші арақашықтықтар айырмасына тең болады (2.4-сурет).
Бүйірлік соғу – барлық бүйір бет нүктелерінен базалық өске перпендикуляр жазықтыққа дейінгі Δ ең үлкен және ең кіші арақашықтықтар айырмасы. Қарастырылып отырған беттің жазықтылығынан және базалық өске қатысты перпендикулярлығынан ауытқуының біріккен нәтижесі болып келеді (2.5-сурет).


Тетіктердің пішіндері және орналасуы ауытқулары мен шақтамаларын сызбада белгілеу. Пішіндер және орналасу шақтамаларын сызбада 2.1-кестеде келтірілгендей, ГОСТ 2.308-91 (СТ СЭВ 368-76) мемлекетаралық стандартына сәйкес белгілейді.
2.1 –кесте.



Шақтама тобы

Пішін ауытқуы

Шартты белгісі

Пішін шақтамасы

Түзу сызықтықтан



Жазықтылықтан



Дөңгелектіктен



Цилиндрліктен



Бойлық қима пішіннен



Орналасу шақтамасы

Параллельдіктен



Перпендикулярлықтан



Көлбеуліктен



Өстестіктен



Симметриялылықтан



Позициялық



Өстердің қиылысуынан



Пішін және орналасу біріккен ауытқулары мен шақтамалары

Радиалды соғудан
Бүйірлік соғудан



Толық радиалды және бүйірлік соғудан



Берілген профиль мен беттердің пішінінен




2.6- сурет. Пішін және орналасу шақтамалары


2.6 –суретте пішін және орналасу шақтамаларын белгілеп көрсеткен сызба мысалға келтірілген.
2.3. Беттің кедір-бұдырлығын стандарттау

Қарастырылып отырған телім шегіндегі, ұзындығы базалық ұзындыққа тең, бет пішінінің қадамы кішкене тегіс еместіліктерінің жиынтығы кедір-бұдырлық деп аталады. Кедір-бұдырлық ГОСТ 25142-82 (СТ СЭВ 1156-78) «Беттің кедір-бұдырлығы, параметрлері, сипаттамалары» стандартымен регламенттеледі.


Базалық ұзындық l дегеніміз тегіс еместіліктерді көрсетуге қолданатын, беттің кедір-бұдырлығын сипаттайтын базалық сызықтың ұзындығы. Кедір-бұдырлық параметрлері базалық ұзындық шегінде анықталады. Құрылымдауда l шамасы: 0,01; 0,03; 0,08; 0,25; 0,8; 2,5; 8; 25 мм сандар қатарынан белгіленеді.
Кедір-бұдырлықты анықтайтын негізгі параметрлерге пішіннің орта арифметикалық ауытқуы RA, 10 нүкте бойынша пішін тегіс еместілігінің биіктігі RZ (2.7-сурет) жатады.
RA параметрі базалық ұзындық шегінде пішіннің ауытқуының абсолюттік мәндерінің орта арифметикалық саны ретінде анықталады:
.
Мұнда n – өлшеуге таңдап алынған нүктелер саны, yi – пішіннің кез келген нүктесі мен орта сызық арақашықтығы. Орта сызық, ойыс пішінімен шектелген фигура ауданы дөңес пішінімен шектелген фигура ауданымен шамамен бірдей болсын деп жүргізіледі. RA параметрі пішіннің барлық тегіс еместіктерінің орташа биіктігін сипаттайды.
RZ параметрі базалық ұзындық шегінде, пішіннің ең үлкен 5 дөңесі биіктігі және пішіннің ең үлкен 5 ойыс тереңдігінің орташа абсолюттік мәндерінің қосындысы ретінде анықталады. RZ параметрі ең үлкен тегіс еместіктерінің орташа биіктігін сипаттайды.
.


ГОСТ 2789-73 стандарты бойынша RA параметрі 6 кластан 12 класқа дейінгі кедір-бұдырлықтар үшін, ал RZ параметрі 1 кластан 5, және 13, 14 кластар үшін тағайындалады.
Машина жасау сызбаларында кедір-бұдырлық параметрлері көбіне, RA немесе RZ параметрлерін сипаттайтын белгілер мен сандар түрінде қойылады (RA айтқызбай белгіленеді, RZ көрсетіледі), (2.8-сурет).


Кедір-бұдырлық параметрлері мен олардың сандық мәндерін таңдау. Тетік бетінің кедір-бұдырлығына қойылатын талаптарды, бұйымның берілген сапасын қамтамасыз етуге арналған беттің функционалдық бекітілуіне байланысты тағайындау керек. Егер мұндай қажеттілік болмаса, бет кедір-бұдырлығына талап қойылмайды және бұл бет кедір-бұдырлығы бақыланбайды. Қарастырылған параметрлер кешені, әртүрлі пайдалануға берілген беттер үшін кедір-бұдырлық көрсеткіштерін негіздеп тағайындауға жағдай жасайды. RA немесе RZ параметрлерін таңдауда ескеретін жағдай, нақты пішіннің көп нүктелер саны мен оның орта сызығына дейінгі арақашықтықты өлшейді және қосады, сондықтан RA параметрінің кедір-бұдырлыққа толығырақ баға беретінін, ал RZ параметрін анықтауда профильдің тек 5 дөңес және 5 ойыс аралығы ғана өлшенетінін ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет